Құжат мәтініне өту

Об установлении дифференцированного тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городских сообщениях на территории города Шымкент

Қаулы · № 650 · қабылданған 27.10.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-147831/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
Об установлении дифференцированного тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городских сообщениях на территории города Шымкент Күшін жойған Қаулы ·№ 650 ·27.10.2020
30.12.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении дифференцированного тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городских сообщениях на территории города Шымкент

Күшін жойған Қаулы ·№ 650 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении дифференцированного тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городских сообщениях на территории города Шымкент
Атауы (қаз.)
Шымкент қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
650
Қабылданған күні
27.10.2020
Көрсетілген редакция
30.12.2024 147831_737342.kaz
Соңғы өзгеріс
30.12.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20E0000137
ЭКБ идентификаторы
147831
Редакция идентификаторы
147831_737342
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 12:08

0 Шымкент қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы

«Автомобиль көлiгi туралы» Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19 бабының 2-1 тармағына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Шымкент қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тариф келесі мөлшерде белгіленсін:

1 1) электрондық жол жүру картасы немесе электрондық төлемнің қосымша қызметтері арқылы қолма-қол ақшасыз жол ақысын төлеу кезінде – 70 (жетпіс) теңге;

2 2) жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – 100 (жүз) теңге.

2

2. «Шымкент қаласында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы» Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 707 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3718 тіркелген, 2016 жылы 12 мамырда «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;

3 3) осы қаулы ресми жариялағаннан кейін, оны Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М. Исаховқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Шымкент қаласы
мәслихатының хатшысы
__________ Ғ. Ташқараев
2020 жыл «__» __________

Қолданыстағы