Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута

Қаулы · № 185 · қабылданған 19.10.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-147833/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута Қолданыста Қаулы ·№ 185 ·19.10.2020
19.10.2020 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.10.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута

Қолданыста Қаулы ·№ 185 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута
Атауы (қаз.)
Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
185
Қабылданған күні
19.10.2020
Көрсетілген редакция
19.10.2020 147833_488132.kaz
Соңғы өзгеріс
19.10.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20M0004322
ЭКБ идентификаторы
147833
Редакция идентификаторы
147833_488132
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 12:15

0 Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Жаңаөзен - Ақтау» магистральды газ құбырының 4 (төртінші) желісінің жобалық және құрылыс жұмыстары үшін Маңғыстау облысының Мұнайлы және Қарақия аудандарының әкімшілік шекараларында орналасқан жалпы көлемі 594,3991 гектар жер учаскелеріне «Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жер учаскелерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

2 2. «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Е.Д. Дүзмағамбетов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б.А. Қашақовқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 «Жаңаөзен - Ақтау» магистральды газ құбырының 4 (төртінші) желісінің жобалық және құрылыс жұмыстары үшін қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің көлемі

Маңғыстау облысы
әкімдігінің қаулысына
2020 жылғы 19 қазаны № 185
қосымша
«Жаңаөзен - Ақтау» магистральды газ құбырының 4 (төртінші) желісінің жобалық және құрылыс жұмыстары үшін қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің көлемі

Жер учаскесінің орналасқан жері
Қауымдық сервитутпен белгіленген жерлер, гектар
Жер санаты
1
Мұнайлы ауданы
20,0017
Елді мекендердің жерлері
88,423
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер
0,356
Өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер
95,6447
Босалқы жерлер
2
Қарақия ауданы
72,9442
Елді мекендердің жерлері
217,0448
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер
0,5342
Өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер
99,4505
Босалқы жерлер
Барлығы
594,3991

Қолданыстағы