Құжат мәтініне өту

О присвоении наименований и переименовании организаций образования и культуры Кызылординской области

Қаулы · № 712 · қабылданған 28.10.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-147864/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О присвоении наименований и переименовании организаций образования и культуры Кызылординской области Қолданыста Қаулы ·№ 712 ·28.10.2020
28.10.2020 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.10.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О присвоении наименований и переименовании организаций образования и культуры Кызылординской области

Қолданыста Қаулы ·№ 712 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О присвоении наименований и переименовании организаций образования и культуры Кызылординской области
Атауы (қаз.)
Қызылорда облысының білім беру және мәдениет ұйымдарына атау беру және атауын өзгерту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
712
Қабылданған күні
28.10.2020
Көрсетілген редакция
28.10.2020 147864_495710.kaz
Соңғы өзгеріс
28.10.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2000000712
ЭКБ идентификаторы
147864
Редакция идентификаторы
147864_495710
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 12:06

0 Қызылорда облысының білім беру және мәдениет ұйымдарына

атау беру және атауын өзгерту туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының
4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту
және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қызылорда облысының мынадай білім беру ұйымдарына:

1 1) Қызылорда қаласы білім бөлімінің «Өнер мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Мүлкаман Қалауовтың есімі;

2 2) «Қармақшы аудандық білім бөлімінің № 80 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Темірбек Жүргеновтің есімі;

3 3) «Қармақшы аудандық білім бөлімінің «№ 279 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Елеу Көшербаевтың есімі;

4 4) Жалағаш аудандық білім бөлімінің «№ 201 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне әл-Фарабидің есімі берілсін.

2 2. Қызылорда облысының мынадай білім беру және мәдениет ұйымдарының атауы:

1 1) Қызылорда қаласы білім бөлімінің «Үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар «Мұрагер» мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – Қызылорда қаласы білім бөлімінің

«Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

2

2) Қазалы аудандық мәдениет және тілдер дамыту бөлімінің «Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Қазалы аудандық мәдениет Орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Қазалы аудандық мәдениет және тілдер дамыту бөлімінің «Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Роза Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып өзгертілсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы