О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата
- Атауы (қаз.)
- Әкімдіктің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 505-2431
- Қабылданған күні
- 23.10.2020
- Көрсетілген редакция
- 23.10.2020 147866_488685.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.10.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20A0001301
- ЭКБ идентификаторы
- 147866
- Редакция идентификаторы
- 147866_488685
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:10
0 Әкімдіктің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 37-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңы 1-бабы 31-тармағының 16) тармақшасына сәйкес Нұр-Cұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қосымшаға сәйкес Астана қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2 2. «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;
3 3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4 4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына осы тармақтың 2), 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Н.Қ. Солтамбековке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
9 Нұр-Сұлтан қаласы
әкімдігінің
2020 жылғы 23 қазаны
№ 505-2431 қаулысына
қосымша
1
1. «Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 102-2131 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 985 болып тіркелген, 2016 жылғы 9 қаңтарда № 2 (3354) «Астана ақшамы», № 2 (3372) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланды).
2
2. «Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 102-2238 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 989 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 желтоқсанда № 145 (3350) «Астана ақшамы», № 145 (3368) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланды).
3
3. «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 5 қазандағы № 102-1851 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1074 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 қарашада № 129 (3481) «Астана ақшамы», № 129 (3499) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланды).
4
4. «Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 2 наурыздағы № 102-406 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1096 болып тіркелген, 2016 жылғы 8 сәуірде № 41 (3546) «Астана ақшамы», № 41 (3564) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланды).
5
5. «Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қарашадағы «Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 102-2131 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 3 тамыздағы № 102-1583 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1132 болып тіркелген, 2017 жылғы 3 қазанда № 117 (3622) «Астана ақшамы», № 117 (3640) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланды).
6
6. «Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 102-2238 «Пестицидтердi ( улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 3 тамыздағы № 102-1580 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1131 болып тіркелген, 2017 жылғы 3 қазанда № 117 (3622) «Астана ақшамы», № 117 (3640) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланды).