Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута

Өзге акт · № 355 · қабылданған 22.10.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 29.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-147873/on/2026-08-29/
Басып шығарылды 2026-08-29 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута Қолданыста Өзге акт ·№ 355 ·22.10.2020
22.10.2020 редакциясы
29.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.10.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута

Қолданыста Өзге акт ·№ 355 · 29.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута
Атауы (қаз.)
Жария сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
355
Қабылданған күні
22.10.2020
Көрсетілген редакция
22.10.2020 147873_488423.kaz
Соңғы өзгеріс
22.10.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20KLN06062
ЭКБ идентификаторы
147873
Редакция идентификаторы
147873_488423
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 12:12

0 Жария сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19-бабына және 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және заңды тұлғалардың өтініштерін қарап, Жаңаарқа кентінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. "Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне, газ құбырын және оның объектілерін салу үшін Жаңаарқа кенті аумағында орналасқан келесі жер телімдеріне жалпы алаңы 34,3616 гектар үш жыл мерзімге жария сервитут белгіленсін:

1 1) жоғары қысымды таратушы газ құбыры РN-0,6 мега паскаль (әрі қарай - МПа), (қысымның өлшем бірлігі әрі қарай - РN), ұзындығы 8,39 километр, құрылыс жолағының ені 2 метр, ауданы-1,678 гектар;

2 2) орта қысымды таратушы газ құбыры РN-0,3МПа, ұзындығы 22,12 километр, құрылыс жолағының ені 2 метр, ауданы-4,424 гектар;

3 3) төмен қысымды таратушы газ құбыры РN-0,003МПа, ұзындығы 139,735 км, құрылыс жолағының ені 2 метр, ауданы-27,947 гектар;

4 4) "Газ тарату пункті 1-3"(әрі қарай - ГТП), алаң көлемі 7х11 метр, саны үш дана, жалпы ауданы-0,0231 гектар;

5 5) "ГТП 4-6", алаң көлемі 7х9 метр, саны үш дана, жалпы ауданы-0,0189 гектар;

6 6) "Шкафтық газ тарату пункті 1-38; 40-42"(әрі қарай - ШГТП) алаң өлшемі 3х5 метр, саны қырық бір дана, жалпы ауданы-0,0615 гектар;

7 7) "ШГТП 38", алаң көлемі 3х4 метр, саны бір дана, ауданы - 0,0012 гектар.

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау, Жаңаарқа кенті әкімінің орынбасары Калжанов Бауыржан Алпысбаевичқа жүктелсін.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы