Об установлении публичного сервитута
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута
- Атауы (қаз.)
- Қауымдық сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 509
- Қабылданған күні
- 23.10.2020
- Қолданысқа енгізілген күні
- 13.11.2020
- Көрсетілген редакция
- 23.10.2020 147920_488784.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.10.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20GD004776
- ЭКБ идентификаторы
- 147920
- Редакция идентификаторы
- 147920_488784
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:10
0 Қауымдық сервитут белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17, 69, 71-1 баптарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «RESOURSE QAZAQ INVEST» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қатты қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізу үшін қосымшаға сәйкес жалпы алаңы 253,0 гектар, оның ішінде Қарасаз ауылдық округі аумағынан 193,9 гектар, Нұрлыкент ауылдық округі аумағынан 6,0 гектар, Көкбастау ауылдық округі аумағынан 53,1 гектар жер учаскелерін жер пайдаланушылардан алып қоймай 11 (он бір) ай мерзіміне қауымдық сервитут белгіленсін.
2
2. «RESOURSE QAZAQ INVEST» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жер пайдаланушыларға шектеулі нысаналы пайдалану белгілеуден келтірілген шығындарды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін және пайдалы қазбаларды барлау жұмыстары аяқталғаннан кейін бүлінген жерлерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Абдекерим Култаевич Уркумбаевқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 «RESOURSE QAZAQ INVEST» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қатты қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізу үшін қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің ЭКСПЛИКАЦИЯСЫ
Жуалы ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 23 қазандағы № 509 қаулысына қосымша
«RESOURSE QAZAQ INVEST» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қатты қазбаларды барлау
жұмыстарын жүргізу үшін қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің
ЭКСПЛИКАЦИЯСЫ
№
Жер пайдаланушылар
Барлығы,
гектар
Егістігі,
гектар
Шабын- дығы,
гектар
Жайылым,
гектар
Бөгде
жер,
гектар
1
2
3
4
5
6
7
1
Сейдалиев Жанадил Абдикадырович
20,6312
20,6312
2
Ахметов Абылнур Жандаралиевич
14,0430
14,0430
3
«Гамбург» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
3,2403
3,2403
4
Қарасаз ауылдық округі жері
159,2258
159,2258
5
Нұрлыкент ауылдық округі жері
6,0
6,0
6
Көкбастау ауылдық округі жері
49,8597
49,8597
Барлығы
253,0
253,0