О некоторых вопросах въезда и пребывания иммигрантов в Республике Казахстан, а также их выезда из Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах въезда и пребывания иммигрантов в Республике Казахстан, а также их выезда из Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 727
- Қабылданған күні
- 30.10.2020
- Көрсетілген редакция
- 30.10.2020 148041_490394.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.10.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2000000727
- ЭКБ идентификаторы
- 148041
- Редакция идентификаторы
- 148041_490394
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 11:59
0 Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің
және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан
Республикасынан кетуінің кейбір мәселелері туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 46-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 1) «Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің (кетуінің) және олардың Қазақстан Республикасында болуының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 220 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2020 ж., № 12-13, 115-құжат):
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 29, 388-құжат) бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуі қағидаларының 17-тармағының қолданылуы 2021 жылғы 1 мамырға дейін тоқтатыла тұрсын.»;
2
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларының 26-1-тармағының қолданылуын тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 10 қаулысында («Егемен Қазақстан» газетінде 2020 жылғы 28 қаңтарда жарияланған):
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасына келудің, онда болудың және одан кетудің жетпіс екі сағаттық визасыз режимінің қолданылуы бөлігінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 29, 388-құжат) бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуі қағидаларының 26-1-тармағының қолданылуы 2020 жылғы 31 желтоқсандағы сағат 23:59 дейін тоқтатыла тұрсын.».
2
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларында көрсетілген мемлекеттерге дипломатиялық арналар арқылы хабарлама жіберсін.