Кіру
Құжат мәтініне өту

Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли с автолавок и (или) палаток (павильонов) субъектам внутренней торговли на территории Кызылкогинского района

Қаулы · № 184 · қабылданған 27.10.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-148060/on/2026-09-13/
Басып шығарылды 2026-09-13 · adilet.kz
Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли с автолавок и (или) палаток (павильонов) субъектам внутренней торговли на территории Кызылкогинского района Күшін жойған Қаулы ·№ 184 ·27.10.2020
22.11.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли с автолавок и (или) палаток (павильонов) субъектам внутренней торговли на территории Кызылкогинского района

Күшін жойған Қаулы ·№ 184 · 13.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли с автолавок и (или) палаток (павильонов) субъектам внутренней торговли на территории Кызылкогинского района
Атауы (қаз.)
Қызылқоға ауданы аумағында ішкі сауда субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
184
Қабылданған күні
27.10.2020
Көрсетілген редакция
22.11.2023 148060_667520.kaz
Соңғы өзгеріс
22.11.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20TE004777
ЭКБ идентификаторы
148060
Редакция идентификаторы
148060_667520
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 12:08

0 Қызылқоға ауданы аумағында ішкі сауда субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды айқындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 8-бабының 2) және 3) тармақшаларына және 27-бабына сәйкес, Қызылқоға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қызылқоға ауданы аумағында ішкі сауда субьектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар қосымшаға сәйкес айқындалсын.

2. Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 9 маусымдағы № 125 «Қызылқоға ауданының аумағында сауда қызметі субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін бөлінген арнайы орындарын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3919 болып тіркелген, 2017 жылдың 9 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Тұрдағалиевқа жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Қызылқоға ауданы аумағында ішкі сауда субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар

Қызылқоға ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 27 қазаны № 184
қаулысына қосымша
Қызылқоға ауданы аумағында ішкі сауда субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар

Арнайы бөлінген орындар
Орын саны
1
Миялы ауылы, А.Құттыбаева және М.Әуезов көшелерінің қиылысы
5
2
Миялы ауылы, М.Мөңкеұлы көшесіне қарсы бет
5
3
Миялы ауылы, Бәйсеу ықшам ауданы, Ы.Алтынсарин көшесі, Т.Бекешовтың жылыжайына қарсы беттегі ашық алаң
5
4
Сағыз ауылы, С.Бейбарыс көшесі, «Хазырет» мешітінің қасы
5
5
Мұқыр ауылы, Ғ.Есенғалиев көшесі, №12Б учаскесі, алаңы (20х30) 600 ш/м
3
6
Жангелдин ауылы, Д.Асанғалиев көшесі, №22А
3
7
Жангелдин ауылы, М.Лұқпанов көшесі, №2А
5
8
Жасқайрат ауылы, Қ.Қарасартова көшесі, №11А
2
9
Қоныстану ауылы, Қ.Жағалбаев көшесі, «Сәбитжан» азық-түлік дүкенінің батыс беті
1
10
Тасшағыл ауылы, Ж.Жабаев көшесі, №21
3
11
Қаракөл ауылы, А.Құнанбаев көшесі, №2А
1
12
Қарабау ауылы, Қ.Есенбаев көшесі, №8А
1
13
Тайсойған ауылы, Ғ.Сланов көшесі, №2
2

Қолданыстағы