О предоставлении бесплатного или льготного проезда гражданам за пределы населенного пункта постоянного проживания для получения высокотехнологичных медицинских услуг в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и (или) медицинской помощи в системе обязательного социального медицинского страхования за счет бюджетных средств
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении бесплатного или льготного проезда гражданам за пределы населенного пункта постоянного проживания для получения высокотехнологичных медицинских услуг в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и (или) медицинской помощи в системе обязательного социального медицинского страхования за счет бюджетных средств
- Атауы (қаз.)
- Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін азаматтарға тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге бюджет қаражаты есебінен тегін немесе жеңілдікпен жол жүруді ұсыну туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 476
- Қабылданған күні
- 21.10.2020
- Көрсетілген редакция
- 21.10.2020 148092_488930.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.10.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20L0007769
- ЭКБ идентификаторы
- 148092
- Редакция идентификаторы
- 148092_488930
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:13
0
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін азаматтарға тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге бюджет қаражаты есебінен тегін немесе жеңілдікпен жол жүруді ұсыну туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 12-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін азаматтарға тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге бюджет қаражаты есебінен тегін немесе жеңілдікпен жол жүру ұсынылсын.
Медициналық көрсеткіштері бойынша дәрігерлік-кеңес беру комиссиясының анықтамасы болған жағдайда науқастың және оны ертіп баратын тұлғаның емделуге, кеңес беруге және (немесе) диагностикаға бару-қайту жол ақысын:
1
1) әуе көлігімен немесе теміржол көлігімен (жұмсақ дивандары төменде орналасқан, оның қалпын реттеу құрылғысымен отыруға арналған жұмсақ креслолары бар екі орындық купе (ҰВ), сондай-ақ жүрдек поездардың «Турист», «Бизнес» және «Тұлпар-Тальго» класты вагондарымен) жүрген кезде - теміржол көлігінің стандартты купелі вагонының бір билетінің нақты құны мөлшерінде;