Об определении систему мер социальной поддержки медицинских и фармацевтических работников, направленных для работы в сельской местности и поселках, городах районного и областного значения, а также порядок и размер оказания им социальной поддержки за счет бюджетных средств
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении систему мер социальной поддержки медицинских и фармацевтических работников, направленных для работы в сельской местности и поселках, городах районного и областного значения, а также порядок и размер оказания им социальной поддержки за счет бюджетных средств
- Атауы (қаз.)
- Ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 475
- Қабылданған күні
- 21.10.2020
- Көрсетілген редакция
- 09.12.2024 148093_735249.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.12.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20L0007770
- ЭКБ идентификаторы
- 148093
- Редакция идентификаторы
- 148093_735249
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:13
0
Ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 12-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
3 Қызылорда облыстық мәслихатының
2020 жылғы «21» қазандағы
№ 475 шешіміне қосымша
Ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері
1
1. Әлеуметтік қолдау ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа кемінде 5 (бес) жыл мерзімге жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне (бұдан әрі - қызметкер) бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін бір жолғы көмек болып табылады және еңбек шартын жасасқаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде қызметкердің жеке шотына аудару жолымен төленеді.
2 2. Әлеуметтік қолдауды көрсету «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) арқылы жүзеге асырылады.
3
3. Әлеуметтік қолдау ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа уәкілетті органмен жіберілген және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау ұйымдарымен (бұдан әрі - жұмыс беруші) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын жасасқан, жоғары медициналық білімі, тиісті маман сертификаты бар қызметкерге төленеді.