Об установлении ограничительных мероприятии
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ограничительных мероприятии
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 22
- Қабылданған күні
- 05.11.2020
- Көрсетілген редакция
- 15.12.2020 148238_499030.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20TCE04783
- ЭКБ идентификаторы
- 148238
- Редакция идентификаторы
- 148238_499030
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 11:55
0 Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Махамбет аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2020 жылғы 30 қазандағы № 14-11/267 ұсынысы негізінде Ақжайық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Ақжайық ауылдық округі Ақжайық ауылы, Махамбет көшесі, № 31 үй тұрғыны У. Абуованың түйе малдарынан бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты мал ауласына шектеу іс шаралары белгіленсін.
2
2. «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Махамбет аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Махамбет аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.