Кіру
Құжат мәтініне өту

Об установлении ограничительных мероприятии

Өзге акт · № 22 · қабылданған 05.11.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-148238/on/2026-09-14/
Басып шығарылды 2026-09-14 · adilet.kz
Об установлении ограничительных мероприятии Күшін жойған Өзге акт ·№ 22 ·05.11.2020
15.12.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.12.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении ограничительных мероприятии

Күшін жойған Өзге акт ·№ 22 · 14.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении ограничительных мероприятии
Атауы (қаз.)
Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
22
Қабылданған күні
05.11.2020
Көрсетілген редакция
15.12.2020 148238_499030.kaz
Соңғы өзгеріс
15.12.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20TCE04783
ЭКБ идентификаторы
148238
Редакция идентификаторы
148238_499030
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 11:55

0 Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Махамбет аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2020 жылғы 30 қазандағы № 14-11/267 ұсынысы негізінде Ақжайық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Ақжайық ауылдық округі Ақжайық ауылы, Махамбет көшесі, № 31 үй тұрғыны У. Абуованың түйе малдарынан бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты мал ауласына шектеу іс шаралары белгіленсін.

2. «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Махамбет аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Махамбет аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы