Құжат мәтініне өту

Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, норм их предельной заполняемости, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в Хромтауском районе

Өзге акт · № 520 · қабылданған 28.10.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-148253/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, норм их предельной заполняемости, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в Хромтауском районе Қолданыста Өзге акт ·№ 520 ·28.10.2020
15.04.2024 редакциясы
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, норм их предельной заполняемости, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в Хромтауском районе

Қолданыста Өзге акт ·№ 520 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, норм их предельной заполняемости, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в Хромтауском районе
Атауы (қаз.)
Хромтау ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
520
Қабылданған күні
28.10.2020
Көрсетілген редакция
15.04.2024 148253_696370.kaz
Соңғы өзгеріс
15.04.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20CL007585
ЭКБ идентификаторы
148253
Редакция идентификаторы
148253_696370
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 12:04

0

Хромтау ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 8 және 9 баптарына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Хромтау ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2 2. Хромтау ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес айқындалсын.

3 3. «Хромтау аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

5 Хромтау аудандық мәслихаттың

2020 жылғы 28 қазаны № 520
шешіміне 1 қосымша
Хромтау ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары

1 1. Жиналыстар, митингілер, пикеттеу ұйымдастыру және өткізу үшін:


р/с
Арнайы орындар
Материалдық-техникалық жабдықтау
Олардың шекті толу нормасы
1.1
Хромтау қаласы саябағының орталық алаңы
- жасанды жарықтандыру;- электр энергиясын қосуға арналған нүкте;- бейнебақылау және бейнетіркеу камералары;- санитарлық нормалар мен ережелердің сақталуын қамтамасыз ететін жабдық(қоқыс үшін жәшіктері);- тұрақ;- арнайы техникаға, өрт техникасына, құтқару және медициналық қызметтеріне арналған кіру және шығу үшін өту жолдары.
350 адамнан артық емес

2 Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі

2. Демонстрациялар, шерулер ұйымдастыру және өткізу үшін:

р/с
Ар­найы орын­дар
Ма­те­ри­ал­дық-тех­ни­ка­лық жаб­дық­тау
Олар­дың шек­ті то­лу нор­ма­сы
3.1
Же­ңіс даң­ғы­лы ала­ңы­нан ба­стап, Әй­те­ке би кө­ше­сі­нің бой­ы­мен Бей­біт­ші­лік ала­ңы­на оң­ға бұ­ры­лып, Хром­тау қа­ла­сы са­яба­ғы­ның ор­та­лық ала­ңы­на дей­ін
- марш­рут­тың ұз­ақ­тығы 1000
метр­ді құ­рай­ды;
- кө­ше бойы жа­рық­тан­ды­ры­л­ған;
- бейне ба­қы­лау және бейне тір­кеу ка­ме­ра­ла­ры;
- са­ни­тар­лық нор­ма­лар мен ере­же­лер­дің сақ­та­луын қам­та­ма­сыз ете­тін жаб­дық(қо­қыс үшін жә­шік­те­рі);- тұ­рақ;- ар­найы тех­ни­ка­ға, өрт тех­ни­ка­сы­на, құт­қа­ру және ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­те­ріне ар­нал­ған кі­ру және шы­ғу үшін өту жол­да­ры.
200 адам­нан ар­тық емес
4.2
Бей­біт­ші­лік даң­ғы­лы бой­ы­мен, Әй­те­ке би кө­ше­сін ке­сіп өтіп, Хром­тау қа­ла­сы са­яба­ғы­ның ор­та­лық ала­ңы­на дей­ін
- марш­рут­тың ұз­ақ­тығы 940 метр­ді құ­рай­ды;
- кө­ше бойы жа­рық­тан­ды­ры­л­ған;
- бей­не­ба­қы­лау және бей­не­тір­кеу ка­ме­ра­ла­ры;
- са­ни­тар­лық нор­ма­лар мен ере­же­лер­дің сақ­та­луын қам­та­ма­сыз ете­тін жаб­дық(қо­қыс үшін жә­шік­те­рі);- тұ­рақ;- ар­найы тех­ни­ка­ға, өрт тех­ни­ка­сы­на, құт­қа­ру және ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­те­ріне ар­нал­ған кі­ру және шы­ғу үшін өту жол­да­ры.
200 адам­нан ар­тық емес
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі

1

1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдаланудың осы тәртібі (әрі қарай - Тәртіп) Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңы (әрі қарай - Заң) негізінде әзірленді және бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін айқындайды.

2 2. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар жалпыға ортақ пайдаланылатын орын болып табылады және бейбіт жиналыстар өткізу үшін Хромтау ауданының жергілікті өкілді органымен айқындалды.

Бейбіт жиналыстарды өткізуге арналған арнайы орындарда - сипатына қарай бейбіт, күш қолданылмайтын және қаруланбайтын, мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, халықтың имандылығын, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделеріне қатер төндірмейтін жария іс-шаралар өткізіледі.
Бейбіт жиналыстарды өткізуге арналған арнайы орындарда қолданыстағы Заңды бұза отырып, жиналыс, митинг, демонстрация, шеру және пикеттеу өткізуге тыйым салынады.
Төтенше, соғыс жағдайы немесе терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі енгізілген кезде олардың қолданылу кезеңінде бейбіт жиналыстар өткізуге «Төтенше жағдай туралы», «Соғыс жағдайы туралы» және «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тыйым салынуы немесе шектеу қойылуы мүмкін.
Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.
Осы тәртіппен реттелмейтін қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

10 Хромтау аудандық мәслихатының

2020 жылғы 28 қазандағы
№ 520 шешіміне 2 қосымша
Хромтау ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын:

1 1) жаппай жерлеу орындарында;

2 2) теміржол, су және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда – 800 метр;

3 3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда– 800 метр;

4 4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда – 800 метр;

5 5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда – 800 метр.

Қолданыстағы