Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, норм их предельной заполняемости, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в Мартукском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, норм их предельной заполняемости, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в Мартукском районе
- Атауы (қаз.)
- Мәртөк ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 412
- Қабылданған күні
- 28.10.2020
- Көрсетілген редакция
- 19.09.2024 148254_724215.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.09.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20CH007586
- ЭКБ идентификаторы
- 148254
- Редакция идентификаторы
- 148254_724215
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:06
0
Мәртөк ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 8 және 9 баптарына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Мәртөк ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2 2. Мәртөк ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес айқындалсын.
3 3. «Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы шешімді, оны ресми жариялағаннан кейін Мәртөк аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
7 Мәртөк аудандық мәслихатының
2020 жылғы 28 қазаны № 412
шешіміне 1 қосымша
Мәртөк ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары
1 1. Жиналыстар, митингілер, пикеттеу ұйымдастыру және өткізу үшін:
№
р/с
Арнайы орындар
Материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары
Шекті толу нормасы
1.1
«Жастық» мәдени және демалыс саябағының аумағы
(Мәртөк ауылы, Есет Көкіұлы көшесі)
- жасанды жарықтандыру;
- электр энергиясын қосуға арналған нүкте;
- бейнебақылау және бейне тіркеу камералары;
- санитарлық нормалар мен ережелердің сақталуын қамтамасыз ететін жабдық(қоқыс үшін жәшіктері).
200 адамнан артық емес
2 Мәртөк ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі
2. Демонстрациялар, шерулер ұйымдастыру және өткізу үшін:
№
р/с
Арнайы орындар
Материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары
Шекті толу нормасы
2.1
Озмитель көшесімен: Абай көшесінен Есет Көкіұлы көшесіне дейін, солға бұрылып, әрі қарай «Жастық» мәдени және демалыс саябағына дейін
(маршруттың ұзындығы 1200 метрді құрайды)
- жасанды жарықтандыру;
- электр энергиясын қосуға арналған нүкте;
- бейнебақылау және бейне тіркеу камералары;
- санитарлық нормалар мен ережелердің сақталуын қамтамасыз ететін жабдық(қоқыс үшін жәшіктері).
50 адамнан
артық емес
Мәртөк ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі
1
1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдаланудың осы тәртібі Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңы (әрі қарай – Заң) негізінде әзірленді және Мәртөк ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін айқындайды.
2 2. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар жалпыға ортақ пайдаланылатын орын болып табылады және бейбіт жиналыстар өткізу үшін Мәртөк ауданының жергілікті өкілді органымен айқындалды.
Бейбіт жиналыстарды өткізуге арналған арнайы орындарда сипатына қарай бейбіт, күш қолданылмайтын және қаруланбайтын, мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, халықтың имандылығын, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделеріне қатер төндірмейтін көпшілік іс-шаралар өткізіледі.
Бейбіт жиналыстарды өткізуге арналған арнайы орындарда қолданыстағы Заңды бұза отырып, жиналыс, митинг, демонстрация, шеру және пикеттеу өткізуге жол берілмейді.
Төтенше, соғыс жағдайы немесе терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі енгізілген кезде олардың қолданылу кезеңінде бейбіт жиналыстар өткізуге «Төтенше жағдай туралы», «Соғыс жағдайы туралы» және «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тыйым салынуы немесе шектеу қойылуы мүмкін.
Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні сағат 9.00-ден ерте бастауға және сағат 20.00-ден кеш аяқтауға болмайды.
Осы Тәртіппен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.
12 Мәртөк аудандық мәслихатының
2020 жылғы 28 қазандағы № 412
шешіміне 2 қосымша
Мәртөк ауданында пикеттеуді өткізуге жол берілмейтін іргелес аумақтардың шекаралары
Пикеттеуді өткізуге жол берілмейтін іргелес аумақтардың мынадай шекаралары айқындалсын: