Об установлении публичного сервитута
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута
- Атауы (қаз.)
- Қауымдық сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- А-11/1639
- Қабылданған күні
- 05.11.2020
- Көрсетілген редакция
- 05.11.2020 148276_489941.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.11.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20BA008139
- ЭКБ идентификаторы
- 148276
- Редакция идентификаторы
- 148276_489941
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 11:54
0 Қауымдық сервитут белгілеу туралы
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 18-бабы 5-1) тармақшасына және 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «SilkNetCom» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу және пайдалану үшін жер учаскесін алып қоймастан алаңы 1,7921 гектар жер учаскесіне үш жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2 2. Талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу және пайдалану мақсатында жер учаскесін пайдаланған кезде «SilkNetCom» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Көкшетау қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау, жүргізу және пайдалану үшін Көкшетау қаласының әкімшілік шекараларында орналасқан жер учаскесінің қауымдық сервитуты
Көкшетау қаласы әкімдігінің
2020 жылғы 5 қарашадағы
№ А-11/1639 қаулысына
қосымша
Талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау, жүргізу және пайдалану үшін Көкшетау қаласының әкімшілік шекараларында орналасқан жер учаскесінің қауымдық сервитуты
№
Жер учаскесiнiң орналасқан жерi
Қауымдық сервитут
белгiленген жерлер, гектар
Жер санаты
1
Көкшетау қаласының
әкімшілік шекараларында,
Кенесары Қасымұлы көшесінен
Көкшетау-Атбасар тас жолына дейін
1,7921
Елді мекендердің жерлері