Құжат мәтініне өту

Об утверждении формы предоставления информации о проведенном санитарно-эпидемиологическом аудите

Бұйрық · № ҚР ДСМ-182/2020 · қабылданған 04.11.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-148279/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении формы предоставления информации о проведенном санитарно-эпидемиологическом аудите Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-182/2020 ·04.11.2020
05.04.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.04.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении формы предоставления информации о проведенном санитарно-эпидемиологическом аудите

Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-182/2020 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении формы предоставления информации о проведенном санитарно-эпидемиологическом аудите
Атауы (қаз.)
Жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық аудит туралы ақпаратты беру нысанын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
ҚР ДСМ-182/2020
Қабылданған күні
04.11.2020
Көрсетілген редакция
05.04.2023 148279_629021.kaz
Соңғы өзгеріс
05.04.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000021606
ЭКБ идентификаторы
148279
Редакция идентификаторы
148279_629021
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 11:55

0 Жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық аудит туралы ақпаратты беру нысанын бекіту туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 48-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық аудит туралы ақпаратты беру нысаны бекітілсін.

2

2. «Жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық аудит туралы ақпаратты беру нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 181 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10866 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 1 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

1 20___ жылғы _________________ жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық аудит туралы ақпарат

«Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 4 қарашадағы
№ ҚР ДСМ-182/2020 бұйрығына
қосымша
Нысан
20___ жылғы _________________
жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық аудит туралы ақпарат
№ р/с
Аудит­те­ле­тін субъ­ек­ті ту­ра­лы жал­пы ақ­па­рат (объ­ек­ті мен субъ­ек­ті­нің де­ректе­ме­ле­рі және ата­уы)
Са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық аудит­ті жүр­гі­зу үшін
негіз (өті­ніш және шарт)
Аудит­те­ле­тін субъ­ек­ті­ні (объ­ек­ті­ні) тек­се­ру, ар­найы зерт­те­улер, оның қыз­мет­кер­ле­ріне са­у­ал­на­ма жүр­гі­зу нәти­же­ле­рі
Объ­ек­ті­нің са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық жай-күй­ін жақ­сар­ту жө­нін­де­гі ұсы­ным­дар­дың тіз­бе­сі
Аудит­те­ле­тін субъ­ек­ті­нің (объ­ек­ті­нің) ха­лық­тың са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық са­ла­мат­ты­лы­ғы са­ла­сын­да­ғы нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­длер та­лап­та­ры­на сә­кест­і­гі (сәй­кес еме­сті­гі) ту­ра­лы қо­ры­тын­ды
1
2
3
4
5
6
_______________________________________________________________
(Басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
__________________________________________________________________________
(Ақпаратты жасауға жауапты адамның тегі, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Жасалған күні 20 ___ жылғы «__» _____
📌 Ескертпе. Жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық аудит туралы ақпаратты рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне енгізілген аудиторлар жыл сайын есепті жылдан кейін оныншы қаңтарға қарай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне тапсырады.»;

Қолданыстағы