Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах государственной собственности

Қаулы · № 743 · қабылданған 07.11.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-148282/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О некоторых вопросах государственной собственности Қолданыста Қаулы ·№ 743 ·07.11.2020
04.10.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах государственной собственности

Қолданыста Қаулы ·№ 743 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах государственной собственности
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
743
Қабылданған күні
07.11.2020
Көрсетілген редакция
04.10.2023 148282_675827.kaz
Соңғы өзгеріс
04.10.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2000000743
ЭКБ идентификаторы
148282
Редакция идентификаторы
148282_675827
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 11:52

0 Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы

«Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 62-бабының 2-тармағына, «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 83-бабының 1-тармағына және 86-бабының 1-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына және 178-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамы оған «Казахстанская правда» республикалық газеті» акционерлік қоғамын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2 2. Осы қаулының 1-тармағында көзделген іс-шара орындалғаннан кейін «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамы қайта құру жолымен «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып қайта ұйымдастырылсын.

3 3. Осы қаулының 2-тармағында көзделген іс-шара орындалғаннан кейін «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – серіктестік) оған «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

4 4. Серіктестік қызметінің негізгі нысанасы ақпараттық сипаттағы хабарлар мен материалдарды жинақтау, өңдеу және тарату, Қазақстан Республикасының рухани-адамгершілік құндылықтарына, саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысты ақпаратты тарату болып айқындалсын.

5 5. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

6 6. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

7 7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер

1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Нұр-Сұлтан қ.» деген бөлімде:
реттік нөмірлері 21-139 және 21-140-жолдар алып тасталсын.

2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне» деген бөлімде:
реттік нөмірлері 375-3 және 375-4-жолдар алып тасталсын.

3

Қолданыстағы