Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах снятия карантина

Қаулы · № 397 · қабылданған 10.11.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-148391/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О некоторых вопросах снятия карантина Қолданыста Қаулы ·№ 397 ·10.11.2020
10.11.2020 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.11.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах снятия карантина

Қолданыста Қаулы ·№ 397 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах снятия карантина
Атауы (қаз.)
Карантинді тоқтатудың кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
397
Қабылданған күні
10.11.2020
Көрсетілген редакция
10.11.2020 148391_490543.kaz
Соңғы өзгеріс
10.11.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20N0009545
ЭКБ идентификаторы
148391
Редакция идентификаторы
148391_490543
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 11:50

0 Карантинді тоқтатудың кейбір мәселелері туралы

«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 7-1/86 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10414 болып тіркелген) бекітілген Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларының 8-тармағына сәйкес, Қостанай облысының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 26 қазандағы № 01-08/2466, 2020 жылғы 2 қарашадағы № 01-08/2535, 2020 жылғы 6 қарашадағы № 01-08/2612 ұсыныстары негізінде Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қостанай облысының келесі:

1 1) Алтынсарин ауданы Большая Чураковка ауылдық округінің Приозерный ауылы;

2 2) Қарабалық ауданы Михайлов ауылдық округінің Михайлов ауылы;

3 3) Меңдіқара ауданы Краснопреснен ауылдық округінің Красная Пресня ауылы;

4 4) Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округінің Лесное ауылы;

5 5) Сарыкөл ауданы Маяк ауылы;

6 6) Сарыкөл ауданы Тағыл ауылдық округінің Тағыл ауылы;

7 7) Ұзынкөл ауданы Федоров ауылдық округінің Сокол ауылы елді мекендерінде жұқпалы құс тұмауы ауруының пайда болуына байланысты белгіленген карантин тоқтатылсын.

2

2. Қостанай облысы әкімдігінің «Карантинді белгілеу туралы» 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 328 қаулысы қосымшасының реттік нөмірлері 1, 3, 4, 5, 6-жолдарының (2020 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9466 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы