Құжат мәтініне өту

Об утверждении порядка и размера оказания социальной поддержки специалистам государственных организаций проживающим и работающим в сельских населенных пунктах, по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива

Өзге акт · № 31-225-VI · қабылданған 29.09.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 29.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-148408/on/2026-08-29/
Басып шығарылды 2026-08-29 · adilet.kz
Об утверждении порядка и размера оказания социальной поддержки специалистам государственных организаций проживающим и работающим в сельских населенных пунктах, по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива Қолданыста Өзге акт ·№ 31-225-VI ·29.09.2020
29.09.2020 редакциясы
29.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.09.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении порядка и размера оказания социальной поддержки специалистам государственных организаций проживающим и работающим в сельских населенных пунктах, по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива

Қолданыста Өзге акт ·№ 31-225-VI · 29.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении порядка и размера оказания социальной поддержки специалистам государственных организаций проживающим и работающим в сельских населенных пунктах, по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива
Атауы (қаз.)
Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
31-225-VI
Қабылданған күні
29.09.2020
Көрсетілген редакция
29.09.2020 148408_490784.kaz
Соңғы өзгеріс
29.09.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20UQ005854
ЭКБ идентификаторы
148408
Редакция идентификаторы
148408_490784
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 12:34

0 Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Келес ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Келес ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтiн мемлекеттiк ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2

2. Келес аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 25 маусымдағы №15-109-VI «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек беру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №5139 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылдың 1 тамызында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Келес аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде тіркелуін;

2 2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Келес аудандық мәслихаттың интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін;

4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 Келес ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтiн мемлекеттiк ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшері

Келес аудандық мәслихатының
2020 жылғы «__»______
№________шешіміне
қосымша
Келес ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтiн мемлекеттiк ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшері

1

1. Келес ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтiн мемлекеттiк ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшері - «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына және «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік ұйымдардың мамандарына коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің (әрі қарай – әлеуметтік қолдау) тәртібі мен мөлшерін анықтайды.

1 1. Жалпы ережелер

2 2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау уәкілетті орган – «Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.

3 3. Осы әлеуметтік қолдау көрсету Келес ауданының аумағында тұрақты тұратын және жұмыс істейтін адамдарға қолданылады.

4 4. Әлеуметтік қолдау (бұдан әрі - коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау) жылына бір рет көрсетіледі.

2 2. Әлеуметтік қолдауды ұсыну тәртібі мен мөлшері

5

5. Коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау бюджет қаражаты есебінен, алушылардан өтініштер талап етілмей, мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына 2 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде көрсетіледі.

6 6. Әлеуметтік қолдауды тағайындау уәкілетті органмен мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының бірінші басшылары бекіткен жиынтық тізімдер негізінде жүзеге асырылады.

3 3. Ұсынылатын әлеуметтік қолдау көрсетуден бас тарту негіздемелері:

7 7. Әлеуметтік қолдау:

1 1) Келес ауданының шегінен тыс ауылдық жерде тұру;

2 2) әлеуметтік қолдау алу құқығы бар лауазымдар тізіліміне сәйкес келмеуі;

3 3) ағымдағы жылы әлеуметтік қолдау тағайындалған жағдайда, жыл ішінде екінші рет жүгінген жағдайларында көрсетілмейді.

Қолданыстағы