О процентах повышения базовой ставки земельного налога и схеме ценового зонирования земель для целей налогообложения
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О процентах повышения базовой ставки земельного налога и схеме ценового зонирования земель для целей налогообложения
- Атауы (қаз.)
- Жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру пайыздары және жерге салық салу мақсатында бағалау аймақтарына бөлу схемасы туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 499
- Қабылданған күні
- 30.10.2020
- Көрсетілген редакция
- 30.10.2020 148415_490848.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.10.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20R0001661
- ЭКБ идентификаторы
- 148415
- Редакция идентификаторы
- 148415_490848
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:00
0 Жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру пайыздарыжәне жерге салық салу мақсатында бағалау аймақтарына бөлу
схемасы туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 510-бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы «Қазақстан Республикасының Жер кодексі» Кодексінің 8-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Осы шешімнің 1 және 2-қосымшаларға сәйкес Алматы қаласында жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру пайыздары және жерге салық салу мақсатында бағалау аймақтарына бөлу схемасы бекітілсін.
2
2. Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 357 «Жер салығының базалық мөлшерлемелерінің пайызын жоғарылату және жерлерге салық салу мақсатында бағалау аймақтарының сызбасы туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1201 рет санымен тіркелген, 2015 жылғы 5 қыркүйектегі «Алматы ақшамы» № 107 және «Вечерний Алматы» газеттерінде № 106 санымен жарияланды) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3 3. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының құрылыс және жер қатынастары жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы М.Ә. Әділхановқа жүктелсін.
5 5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Жер учаскелері төлемдерінің салық ставкаларының түзету коэффициенттері
Алматы қаласы мәслихатының
2020 жылғы 30 қазаны
№ 499
шешіміне 1-қосымша
Жер учаскелері төлемдерінің салық ставкаларының түзету коэффициенттері
р/с
№
Салық салынатын
аймақ
Жоғарылату пайызы %
Түзету
коэффициенті
1.
I
50
1.50
2.
II
43
1.43
3.
III
35
1.35
4.
IV
27
1.27
5.
V
20
1.20
6.
VI
10
1.10
7.
VII
3
1.03
2 Алматы қаласы мәслихатының
2020 жылғы 30 қазаны
№ 499
шешіміне 2-қосымша