Құжат мәтініне өту

Об установлении дифференцированного тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городских (сельских) сообщениях на территории города Талдыкорган

Қаулы · № 498 · қабылданған 12.11.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-148436/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об установлении дифференцированного тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городских (сельских) сообщениях на территории города Талдыкорган Қолданыста Қаулы ·№ 498 ·12.11.2020
12.11.2020 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.11.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении дифференцированного тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городских (сельских) сообщениях на территории города Талдыкорган

Қолданыста Қаулы ·№ 498 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении дифференцированного тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городских (сельских) сообщениях на территории города Талдыкорган
Атауы (қаз.)
Талдықорған қаласы аумағында жолаушылар мен багажды қалалық (ауылдық) қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланған тарифін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
498
Қабылданған күні
12.11.2020
Көрсетілген редакция
12.11.2020 148436_491599.kaz
Соңғы өзгеріс
12.11.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20DA005740
ЭКБ идентификаторы
148436
Редакция идентификаторы
148436_491599
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 11:47

0 Талдықорған қаласы аумағында жолаушылар мен багажды

қалалық (ауылдық) қатынастарда автомобильмен тұрақты
тасымалдауға сараланған тарифін белгілеу туралы
«Автомобиль көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19-бабына сәйкес, сонымен қатар ақша қаражатының көлеңкелі айналымын болдырмау және салықтар мен міндетті төлемдер түріндегі ақша қаражаттарының түсімін ұлғайту, жолаушылар тарапынан Талдықорған қаласының қоғамдық көлігінде қолма-қол ақшасыз жолақысын төлеу әдісінің тартымдылығын арттыру мақсатында, Талдықорған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Талдықорған қаласы аумағында жолаушылар мен багажды қалалық (ауылдық) қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланған тарифі келесі мөлшерде белгіленсін:
жол ақысын ұялы байланыс операторының көрсетілетін қызметтері арқылы немесе электрондық жол жүру картасы арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде – 80 (сексен) теңге;
жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – 120 (жүз жиырма) теңге.
2. Электрондық жол ақы төлеу жүйесі жарамсыз болған жағдайда, көлік карталары арқылы төлемді жүзеге асыратын жолаушылар тегін жол жүру құқығына ие болады.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары С. А. Байназаровқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1

Қолданыстағы