Құжат мәтініне өту

О принятии государственного пакета акций акционерного общества «Управляющая компания специальной экономической зоны «Международный центр приграничного сотрудничества «Хоргос» из коммунальной собственности в республиканскую собственность

Қаулы · № 761 · қабылданған 12.11.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-148445/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О принятии государственного пакета акций акционерного общества «Управляющая компания специальной экономической зоны «Международный центр приграничного сотрудничества «Хоргос» из коммунальной собственности в республиканскую собственность Қолданыста Қаулы ·№ 761 ·12.11.2020
12.11.2020 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.11.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О принятии государственного пакета акций акционерного общества «Управляющая компания специальной экономической зоны «Международный центр приграничного сотрудничества «Хоргос» из коммунальной собственности в республиканскую собственность

Қолданыста Қаулы ·№ 761 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О принятии государственного пакета акций акционерного общества «Управляющая компания специальной экономической зоны «Международный центр приграничного сотрудничества «Хоргос» из коммунальной собственности в республиканскую собственность
Атауы (қаз.)
«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аумағын басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн коммуналдық меншiктен республикалық меншiкке қабылдау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
761
Қабылданған күні
12.11.2020
Көрсетілген редакция
12.11.2020 148445_493101.kaz
Соңғы өзгеріс
12.11.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2000000761
ЭКБ идентификаторы
148445
Редакция идентификаторы
148445_493101
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 11:47

0 «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аумағын басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн коммуналдық меншiктен республикалық меншiкке қабылдау туралы

«Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Алматы облысының коммуналдық меншігіндегі «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аумағын басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының 100 (жүз) пайыз мөлшерiндегi мемлекеттiк пакетi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен республикалық меншiкке қабылдансын.

2

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне беруді қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті іс-шараларды жүзеге асырсын.

4 4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін қоса беріліп отырған өзгеріс пен толықтырулар бекітілсін.

5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар

1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері коммуналдық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Алматы облысы» деген бөлімде реттік нөмірі 198-20-жол алып тасталсын;
акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Алматы облысы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 38-9-жолмен толықтырылсын:
«38-9. «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аумағын басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамы».».

2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:

иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 400-2-жолмен толықтырылсын:
«400-2. «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аумағын басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамы».».

3

3. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 28, 243-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі туралы ережеде:
Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аумағын басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамы».

Қолданыстағы