О присвоении наименований новым улицам и переименований улиц Панфиловского сельского округа
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О присвоении наименований новым улицам и переименований улиц Панфиловского сельского округа
- Атауы (қаз.)
- Панфилов ауылдық округінің жаңа көшелеріне атау беру және көшелерді қайта атау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 12
- Қабылданған күні
- 09.11.2020
- Көрсетілген редакция
- 09.11.2020 148490_492195.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.11.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20DRI05748
- ЭКБ идентификаторы
- 148490
- Редакция идентификаторы
- 148490_492195
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 11:51
0 Панфилов ауылдық округінің жаңа көшелеріне атау беру
және көшелерді қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Панфилов ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып және 2019 жылғы 8 қазандағы Алматы облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Талғар ауданының Панфилов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Панфилов ауылдық округінің жаңа көшелеріне келесі атаулар берілсін:
Панфилов ауылында «Әлихан Бөкейхан», «Медеу», «Міржақып Дулатұлы», «Сұлтанмахмұт Торайғыров», «Ахмет Жұбанов», «Алатау», «Шәкен Айманов», «Әбілхан Қастеев», «Бөгенбай батыр», «Дарабоз», «Дәнеш Рақышев», «Евгений Брусиловский», «Жаркент», «Жәңгір хан», «Керей хан», «Қабанбай батыр», «Құлагер», «Мерей», «Назқоңыр», «Ұлытау», «Самұрық», «Сарыарқа», «Тайбурыл»; «Фариза Оңғарсынова», «Хантәңірі», «Шоқан Уалиханов», «Шалқар», «Шаттық»;
Қызыл Ту-4 ауылында «Алпамыс батыр», «Ақтамберді жырау», «Асқартау», «Байқоныс», «Едіге батыр», «Қазығұрт», «Қазына», «Қасым Қайсенов», «Қобыланды батыр», «Көкорай», «Ордабасы», «Роза Бағланова», «Серпін», «Тұмар»;
Төңкеріс ауылында «Балдырған», «Сарайшық»;
Қарабұлақ ауылында «Жүсіп Баласағұн», «Мұхаммед Хайдар Дулати», «Үкілі Ыбырай», «Ілияс Есенберлин»;
Арқабай ауылында «Серпер»;
Түзусай ауылында «Талғат Бигелдинов», «Ермек Серкебаев», «Санжар Асфендияров».
2 2. Панфилов ауылдық округінің келесі көшелері қайта аталсын:
Панфилов ауылында «Садовая» көшесі «Жерұйық» көшесіне, «М. Горький» көшесі «Мұстафа Шоқай» көшесіне, «Т. Бокин» көшесі «Хантау» көшесіне, «А. Микоян» көшесі «Алтай» көшесіне, «И. Мичурин» көшесі «Сағадат Нұрмағанбетов» көшесіне;
Қызыл Ту-4 ауылында «Речная» көшесі «Ақбұлақ» көшесіне, «Набережная» көшесі «Қайнар» көшесіне;
Төңкеріс ауылында «Набережная» көшесі «Арна» көшесіне;
Қарабұлақ ауылында «А. Чехов» көшесі «Күләш Байсейітова» көшесіне, «Мельничная» көшесі «Тұран» көшесіне, «Табачная» көшесі «Қайрат Рысқұлбеков» көшесіне, «8 Марта» көшесі «Қарабұлақ» көшесіне;
Арқабай ауылында «Н. Крупская» көшесі «Александр Затаевич» көшесіне, «Северная» көшесі «Әлкей Марғұлан» көшесіне, «Малая» көшесі «Шара Жиенқұлова» көшесіне.