Об установлении ограничительных мероприятий
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ограничительных мероприятий
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 35
- Қабылданған күні
- 16.11.2020
- Көрсетілген редакция
- 29.01.2021 148516_507304.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.01.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20TEB04786
- ЭКБ идентификаторы
- 148516
- Редакция идентификаторы
- 148516_507304
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 11:45
0 Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылқоға аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 10 қарашадағы № 11-10/273 ұсынысы негізінде Мұқыр ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Мұқыр ауылының «Сисенбек» шаруа қожалығының «Қарақұдық» қыстағының аумағында мүйізді ұсақ қара малдары арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2
2. «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Қызылқоға аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Қызылқоға аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.