Құжат мәтініне өту

О снятии карантина

Қаулы · № А-11/569 · қабылданған 13.11.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-148518/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О снятии карантина Қолданыста Қаулы ·№ А-11/569 ·13.11.2020
13.11.2020 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.11.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О снятии карантина

Қолданыста Қаулы ·№ А-11/569 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О снятии карантина
Атауы (қаз.)
Карантинді тоқтату туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
А-11/569
Қабылданған күні
13.11.2020
Көрсетілген редакция
13.11.2020 148518_491552.kaz
Соңғы өзгеріс
13.11.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20B0008147
ЭКБ идентификаторы
148518
Редакция идентификаторы
148518_491552
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 11:45

0 Карантинді тоқтату туралы

«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 3)-тармақшасына, «Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 7-1/86 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10414 болып тіркелген) сәйкес, Ақмола облысы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 28 қазандағы № 01-31/1586, 2020 жылғы 2 қарашадағы № 01-31/1616, 2020 жылғы 3 қарашадағы № 01-31/1632, 2020 жылғы 6 қарашадағы № 01-31/1649, 2020 жылғы 11 қарашадағы № 01-31/1671 ұсыныстары бойынша, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Ақмола облысының аумағында орналасқан елді мекендерде белгіленген құс тұмауы жұқпалы ауруының ошақтарын жою жөнінде ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін карантин тоқтатылсын.

2

2. «Карантин белгілеу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 14 қазандағы № А-10/520 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8077 болып тіркелген, 2020 жылғы 15 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Құс тұмауы жұқпалы ауруының ошақтарын жою жөнінде ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін карантин тоқтатылатын Ақмола облысының аумағында орналасқан елді мекендері

Ақмола облысы әкімдігінің
2020 жылғы 13 қарашадағы
№ А-11/569 қаулысына
қосымша
Құс тұмауы жұқпалы ауруының ошақтарын жою жөнінде ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін карантин тоқтатылатын Ақмола облысының аумағында орналасқан елді мекендері

Аудандардың атауы
Елді мекендердің атауы
1.
Ақкөл
Ақкөл қаласы, Кеңес ауылдық округінің Малый Барап ауылы
2.
Атбасар
Ақан Құрманов ауылдық округінің Қосбармақ ауылы,
Сепе ауылдық округінің Есенгелді ауылы
3.
Бұланды
Никольск ауылдық округінің Никольск ауылы,
Вознесенка ауылдық округінің Вознесенка ауылы
4.
Егіндікөл
Абай ауылы, Спиридоновка ауылы
5.
Есіл
Свободный ауылдық округінің Свободный ауылы
6.
Зеренді
Бұлақ ауылдық округінің Қарлыкөл ауылы,
Троицк ауылдық округінің Қарсақ ауылы
7.
Сандықтау
Веселов ауылдық округінің Жыланды ауылы
8.
Жарқайың
Бірсуат ауылы
9.
Целиноград
Мәншүк ауылы, Жарлыкөл ауылдық округінің Жалғызқұдық ауылы
10.
Шортанды
Бектау ауылдық округінің Бектау ауылы

Қолданыстағы