О назначении уполномоченного органа в здравоохранении
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О назначении уполномоченного органа в здравоохранении
- Атауы (қаз.)
- Денсаулық сақтауда уәкілетті орган тағайындау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 27
- Қабылданған күні
- 03.02.2000
- Көрсетілген редакция
- 25.08.2011 AI14854_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.08.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V00S0000123
- ЭКБ идентификаторы
- 14854
- Редакция идентификаторы
- AI14854_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:40
0 Денсаулық сақтауда уәкілетті орган тағайындау туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2011.08.25 № 20 Шешімімен
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.А.Өтембаевтың 1999 жылғы 26 қарашадағы № 12-4/12515 хаттамалық шешіміне сәйкес және қаржыландыру сызбасының өзгерістерін ескере отырып ШЕШІМ қабылдаймын:
1 1. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 16 тамыздағы № 29 шешімімен.
2 2. Мыналар денсаулық сақтаудағы бағдарлама әкімші-мекемелері болып тағайындалсын:
- облыстық денсаулық сақтау департаменті - облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындар үшін;
- қалалық денсаулық сақтау бөлімі - қалалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындар үшін;
- аудандық денсаулық сақтау бөлімі - аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындар үшін.
3 3. Мемлекеттік мекеме болып қайта тіркелуге жататын мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар тізімі бекітілсін.
4 4. "Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың әкімші-мекемелерінің мәселелері" туралы облыс әкімінің 1999 жылғы 15 қаңтардағы № 10 шешімінің 2 қосымшасындағы "Денсаулық сақтау департаменті" тарауының 3, 5, 6, 11 тармақтары күшін жойды деп танылсын.
5 5. Қала және аудан әкімдеріне жергілікті жерлерде сәйкес шешімдер қабылдансын.
6 6. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары В.П.Никандровқа жүктелсін.
7 Облыс әкімінің
2000 жылғы 3 ақпандағы
№ 27 шешіміне қосымша
Мемлекеттік мекеме болып қайта тіркелуге жататын мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың
ТІЗБЕСІ