Об утверждении перечня красителей и вспомогательных веществ, запрещенных к применению в Республике Казахстан в составе лекарственных средств
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня красителей и вспомогательных веществ, запрещенных к применению в Республике Казахстан в составе лекарственных средств
- Атауы (қаз.)
- Дәрілік заттардың құрамындағы Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған бояуыштар мен қосалқы заттардың тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- ҚР ДСМ-191/2020
- Қабылданған күні
- 13.11.2020
- Көрсетілген редакция
- 13.11.2020 148614_494536.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.11.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000021647
- ЭКБ идентификаторы
- 148614
- Редакция идентификаторы
- 148614_494536
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 11:45
0 Дәрілік заттардың құрамындағы Қазақстан Республикасында
қолдануға тыйым салынған бояуыштар мен қосалқы заттардың
тізбесін бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Репсубликасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 231-бабы 5-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған дәрілік заттардың құрамындағы Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған бояуыштар мен қосалқы заттардың тізбесі бекітілсін.
2
2. «Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған бояғыштар мен қосалқы заттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 9 қарашадағы № 670 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5872 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдары актілерінің №1 жинағында 2010 жылғы 20 наурызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Дәрілік заттардың құрамындағы Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған бояуыштар мен қосалқы заттардың тізбесі
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 13 қарашасы
№ ҚР ДСМ-191/2020
бұйрығымен бекітілген
Дәрілік заттардың құрамындағы Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған бояуыштар мен қосалқы заттардың тізбесі
Код
Қазақ тіліндегі атауы
Ағылшын тіліндегі атауы
Дәрілік заттардың құрамында қолдануға тыйым салынған бояуыштар
Е121
Цитрус Қызыл 2
Citrus Red 2
Е123
Амарант
Amaranth
Е154
Қоңыр FK
Brown FK
Балаларға арналған дәрілік заттардың құрамында қолдануға тыйым салынған бояуыштар
Е102
Тартразин
Tartrazine
Е104
Сары хинолин
Quinoline Yellow
Е107
Сары 2 G
Yellow 2 G
Е110
Сары «Күннің батуы» FCF, қызғылт сары S
Sunset Yellow FCF, Orange Yellow S
Е120
Кошениль, Кармин қышқылы, Карминдер
Cochineal, Carminic acid, Carmines
Е122
Азорубин, Кармоизин
Azorubine, Carmoisine
Е127
Эритрозин
Erythrosine
Е128
Қызыл 2G
Red 2G
Е131
Көк патенттелген V
Patent Blue V
Е132
Индиготин, Индигокармин
Indigotine, Indigo Carmine
Е133
Көк жылтыр FCF
Brilliant Blue FCF
Е155
Қоңыр НТ
Brown HT
Е162
Қызылшадай қызыл, Бетанин
Beetroot Red, Betanin
р/с №
Дәрілік заттардың құрамында қолдануға тыйым салынған қосалқы заттар
1
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясына енгізілмеген
2
Қазақстан Республикасында қолданыстағы деп танылған фармакопеяларға енгізілмеген
3
Еуразиялық экономикалық одақтың дәрілік заттарды өндіруге және дайындауға арналған қосалқы заттар жөніндегі нормативтік құқықтық актілеріне енгізілмеген