Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах централизации процедуры согласования проектов и государственной регистрации нормативных правовых актов

Қаулы · № 770 · қабылданған 18.11.2020
Заңдық күші: Мәртебесі расталмаған · 28.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-148625/on/2026-08-28/
Басып шығарылды 2026-08-28 · adilet.kz
О некоторых вопросах централизации процедуры согласования проектов и государственной регистрации нормативных правовых актов Мәртебесі расталмаған Қаулы ·№ 770 ·18.11.2020
01.01.2021 редакциясы
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
28.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах централизации процедуры согласования проектов и государственной регистрации нормативных правовых актов

Мәртебесі расталмаған Қаулы ·№ 770 · 28.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах централизации процедуры согласования проектов и государственной регистрации нормативных правовых актов
Атауы (қаз.)
Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісу және мемлекеттік тіркеу рәсімін орталықтандырудың кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Мәртебесі расталмаған
Тізілімдегі мәртебе коды
vexp
Нөмірі
770
Қабылданған күні
18.11.2020
Көрсетілген редакция
01.01.2021 148625_523446.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2000000770
ЭКБ идентификаторы
148625
Редакция идентификаторы
148625_523446
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 11:42

0 Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісу және мемлекеттік тіркеу рәсімін орталықтандырудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. 2020 жылғы 10 қарашадан бастап 31 желтоқсан аралығында Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысы үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жергілікті мемлекеттік басқару органдарының (бұдан әрі – пилоттық органдар) нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын келісуді және мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруы жөніндегі пилоттық жоба енгізіледі деп белгіленсін.

2 2. Мыналардың қолданылуы 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын:

1

1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы №568 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 49, 313 құжат) бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидалары 37-тармағының бірінші бөлігі, тоқтатыла тұрған кезеңде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«37. Нормативтік құқықтық актіні орталық органдар, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының және Қарағанды облысының жергілікті органдарының «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі жоқ нормативтік құқықтық актілері үшін – Қазақстан Республикасының Әділет министрі немесе оның орынбасары (вице-министр), қалған жергілікті органдар үшін – аумақтық әділет органының басшысы не оның міндетін атқарушы адам мемлекеттік тіркеу туралы шешім қабылдаған кезде нормативтік құқықтық актіге мемлекеттік тіркеу күні мен нөмірі МО ИП-та электронды түрде беріледі және электрондық тіркеу бақылау карточкасында көрсетіледі.»;

2

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы №569 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 50, 316-құжат) бекітілген Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидаларының 40-тармағы, тоқтатыла тұрған кезеңде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«40. «Құқықтық актілер туралы» Заңның 44-бабының негізінде әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жататын әзірленген нормативтік құқықтық актілердің жобалары мемлекеттік тіркеуге жіберілгенге дейін олар әділет органдарымен міндетті түрде келісілуге тиіс.
Орталық әзірлеуші мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жобалары, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысының жергілікті органдарының «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі жоқ нормативтік құқықтық актілерінің жобалары Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне міндетті түрде келісуге жіберіледі.
Қалған жергілікті әзірлеуші мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жобалары аумақтық әділет органдарына міндетті түрде келісуге жіберіледі.».

3 3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі пилоттық органдармен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

4 4. Осы қаулы 2020 жылғы 10 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі, 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады және ресми жариялануға тиіс.

Қолданыстағы