Құжат мәтініне өту

Об утверждении правил гигиенического обучения лиц декретированной группы населения

Бұйрық · № ҚР ДСМ-195/2020 · қабылданған 16.11.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-148645/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении правил гигиенического обучения лиц декретированной группы населения Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-195/2020 ·16.11.2020
01.01.2025 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении правил гигиенического обучения лиц декретированной группы населения

Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-195/2020 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении правил гигиенического обучения лиц декретированной группы населения
Атауы (қаз.)
Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
ҚР ДСМ-195/2020
Қабылданған күні
16.11.2020
Көрсетілген редакция
01.01.2025 148645_736286.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000021654
ЭКБ идентификаторы
148645
Редакция идентификаторы
148645_736286
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 11:45

0 Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту қағидаларын бекіту туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 9-бабының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту қағидалары бекітілсін.

2

2. «Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту қағидаларын және Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту бағдарламаларын бекіту және «Жеке медициналық кітапшаларды беру, есепке алу және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндеттерін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 126 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 168 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16929 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 6 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

1 Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту қағидалары

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 16 қарашасы
№ ҚР ДСМ-195/2020
бұйрығымен бекітілген
Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 9-бабының 25) тармақшасына сәйкес әзірленген және халықтың декреттелген топтарына гигиеналық оқытуды жүргізу тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылған:

1

1) халықтың декреттелген тобын гигиеналық оқыту – инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулардың профилактикасы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер (объектілерді күтіп-ұстау, пайдалану және орналастыру, жеке және қоғамдық гигиенаны сақтау) бойынша білім алушылардың кәсіптеріне сәйкес оқыту;

2 2) халықтың декреттелген тобының емтиханы – айналасындағы адамдарға инфекциялық және паразиттік аурулар жұқтыру үшін қауіп төндіретін халыққа қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін қызметкерлердің білімінің және біліктілігінің сәйкестік деңгейін айқындау;

3 3) жеке медициналық кітапша – жұмысқа жіберілу туралы белгі қойылып, міндетті медициналық қарап-тексерудің нәтижелері енгізілетін жеке құжат;

4 4) халықтың декреттелген тобы – халыққа қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін және айналасындағы адамдарға инфекциялық және паразиттік аурулар жұқтыру үшін барынша жоғары қауіп төндіретін адамдар;

5

5) эпидемиялық маңызы бар объектілер – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптары бұзылған кезде өндіретін өнімі және (немесе) қызметі халық арасында тағамнан уланудың және (немесе) инфекциялық, паразиттік аурулардың пайда болуына алып келуі және (немесе) физикалық факторлардан, өнеркәсіптік және радиоактивті ластанулардан халық денсаулығына зиян келтіруі мүмкін объектілер.

2 2-тарау. Халықтың декреттелген топтарына гигиеналық оқытуды жүргізу тәртібі

3 3. Халықтың декреттелген тобының адамдары жұмысқа тұру кезінде бастапқы және одан әрі жылына бір рет кезеңділікпен гигиеналық оқытылуға жатады.

4 4. Халықтың декреттелген тобының гигиеналық оқыту бойынша оқыту өндірістен қол үзіп жүргізіледі.

5 5. Халықтың декреттелген тобының гигиеналық оқыту бойынша қызметті «гигиена және эпидемиология» мамандығы бойынша медициналық білімі бар жеке тұлғалар немесе заңды тұлғалардың өкілдері жүзеге асырады.

6

6. Жеке немесе заңды тұлғалар гигиеналық оқыту бойынша қызметі басталғанға дейін «Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10194 болып тіркелген) сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосының аумақтық бөлімшелерін хабардар етеді.

7 7. Гигиеналық оқытуға ақы төлеуді халықтың декреттелген тобының өз бетінше не тараптардың келісімі бойынша жұмыс беруші жүзеге асырады.

8 8. Халықтың декреттелген тобының гигиеналық оқыту осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес халықтың декреттелген топтарын гигиеналық оқыту бағдарламалары бойынша жүргізіледі.

9 9. Гигиеналық оқыту бағдарламасы:

1 1) білім алушылардың кәсіптеріне байланысты сағат саны 12-ден 18-ге дейін теориялық оқытуды;

2 2) 2 сағат көлемінде емтиханды қамтиды.

10 10. Оқыту бағдарламалары халықтың декреттелген тобының кәсіптеріне сәйкес келеді. Әртүрлі декреттелген топтарды гигиеналық оқытуды біріктіруге жол берілмейді.

11 11. Гигиеналық оқытуды жүргізуге арналған оқу үй-жайлары көп функционалды ғимараттар немесе өзге мақсаттағы ғимараттар құрамындағы жеке үй-жайларда орналастырылады.

12 12. Гигиеналық оқытудан өткеннен кейін гигиеналық оқытуды жүргізетін жеке және заңды тұлғалар бекітетін тестілік сұрақтар түрінде емтихан өткізіледі.

13 13. Тестілеу нәтижесі дұрыс жауаптар 80%-дан артқан жағдайда оң деп саналады. Емтихан нәтижелері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес гигиеналық оқытудан өткен халықтың декреттелген тобының есепке алу журналына енгізіледі.

14 14. Оң нәтиже болған жағдайда гигиеналық оқытуды жүргізген жеке және заңды тұлғалар емтихан тапсыру туралы мәліметтерді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ақпараттық жүйесіне енгізеді.

15 15. Қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда білімін қайта тексеруді бір айдан кешіктірмей белгілейді.

16 16. Жеке немесе заңды тұлғалар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің сұрау салуы бойынша гигиеналық оқыту жөнінде ақпарат ұсынады.

1.1 Халықтың декреттелген

тобындағы адамдарды
гигиеналық оқыту қағидаларына
2-қосымша

Та­қы­рып ата­у­ла­ры
Са­ғат са­ны
1
2
3
1. Та­мақ өнім­де­рін өн­ді­ру, сақ­тау, өт­кі­зу, кә­де­ге жа­ра­ту және жою про­це­сін­де олар­мен жа­на­са­тын қыз­мет­кер­лер, оның ішін­де мүк­әм­мал­ды, жаб­дық­тар­ды са­ни­та­ри­я­лық өн­деу және жөн­деу, сон­дай-ақ олар­ды кө­лік­тер­дің бар­лық түр­ле­рін­де та­сы­мал­дау ке­зін­де­гі қыз­мет­кер­лер­ге ар­нал­ған ги­ги­е­на­лық оқы­ту бағ­дар­ла­ма­сы
1.1.
Ха­лық­тың са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық са­ла­мат­ты­лы­ғы са­ла­сын­да­ғы заң­на­ма­ның негіз­де­рі. «Ха­лық ден­са­улы­ғы және ден­са­улық сақ­тау жүй­е­сі ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның 2020 жы­л­ғы 7 шіл­де­де­гі Ко­дек­сі­нің (бұ­дан әрі – Ко­декс) 94-ба­бы­ның және 95-ба­бы­ның ере­же­ле­ріне сәй­кес ха­лық­тың са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық са­ла­мат­ты­лы­ғы са­ла­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік ор­ган бе­кі­те­тін са­ни­та­ри­я­лық қа­ғи­да­лар­дың және ги­ги­е­на­лық нор­ма­тив­тер­дің та­лап­та­рын сақ­та­ма­ға­ны үшін қыз­мет­кер­лер­дің жа­у­ап­кер­ші­лі­гі.
Ти­ім­ді та­мақ­та­ну ту­ра­лы ұғым.
Та­мақ өнім­де­рін мем­ле­кет­тік ги­ги­е­на­лық тір­кеу және ре­гла­мент­теу ту­ра­лы ұғым. Та­мақ өнім­де­рін сер­ти­фи­кат­тау ту­ра­лы ұғым. Та­мақ өнім­де­рі­нің са­па­сы мен қа­уіп­сіз­ді­гіне қой­ы­ла­тын ги­ги­е­на­лық та­лап­тар. Та­мақ өні­мін бай­ы­ту (фор­ти­фи­ка­ци­я­лау) ұғы­мы.
Та­ғам­дық және био­ло­ги­я­лық құн­ды­лы­ғын арт­ты­ру, сон­дай-ақ олар­дың адам­да­ғы тап­шы­лық­қа негіз­дел­ген ау­ру­лар­дың ал­дын алу мақ­са­тын­да та­мақ өні­мін өн­ді­ру және қай­та өң­деу про­це­сін­де оған ви­та­мин­дер­ді, ми­не­рал­дар­ды және бас­қа да заттар­ды ен­гі­зу.
3
1.2.
Ин­фек­ци­я­лық ау­ру­лар ту­ра­лы ұғым. Ау­ру ту­ды­ра­тын мик­роб­тар және олар­дың адам ор­га­низ­міне ену жол­да­ры. Ірің­ді ау­ру­лар.
Ішек және ішек құрт ау­ру­ла­рын қоз­ды­ру­шы­лар, олар­ды жұқ­ты­ру жол­да­ры.
Бак­те­рия та­сы­мал­да­у­шы­лық.
Бак­те­ри­я­лық және бак­те­ри­я­лық емес та­мақ­тан ула­ну­лар.
Ішек ин­фек­ци­я­лық ау­ру­ла­ры­ның және та­мақ­тан ула­ну­лар­дың про­фи­лак­ти­ка ша­ра­ла­ры. Про­фи­лак­ти­ка­лық ме­ди­ци­на­лық қа­рап-тек­се­ру­лер.
Же­ке ги­ги­е­на қа­ғи­да­ла­ры.
Қыз­мет­кер­лер­ді мін­дет­ті ме­ди­ци­на­лық қа­рап-тек­се­ру.
3
1.3.
Қо­ғам­дық та­мақ­та­ну объ­ек­ті­ле­рі­нің құ­ры­л­ғы­сы­на және кү­тіп-ұста­у­ға қой­ы­ла­тын та­лап­тар.
Са­уда жаб­дық­та­рын, мүк­әм­мал­ды, ыдыс­тар­ды са­ни­та­ри­я­лық өң­деу ре­жи­мі.
Қо­ғам­дық та­мақ­та­ну объ­ек­ті­ле­рін­де­гі сы­ни нүк­те­лер. Өн­ді­рі­стік ба­қы­лау.
Дез­ин­фек­ция, дезин­сек­ция, де­ра­ти­за­ция ұғым­да­ры.
Ка­льян тар­ту, оның адам ден­са­улы­ғы­на ық­ти­мал қа­у­пі ту­ра­лы ұғым.
3
1.4.
Азық-тү­лік са­уда­сы кә­сі­по­рын­да­ры­ның құ­ры­л­ғы­сы­на және кү­тіп-ұста­у­ға қой­ы­ла­тын та­лап­тар. Та­мақ өнім­де­рін қа­был­дау, сақ­тау, өт­кі­зу және та­сы­мал­дау тәр­ті­бі.
Та­мақ өнім­де­рі­нің са­па­сын және қа­уіп­сіз­ді­гін рас­тай­тын құ­жат­тар­дың тіз­бе­сі.
Та­мақ өнім­де­рі­нің жа­рам­ды­лық мер­зім­де­рі және сақ­тау мер­зім­де­рі ту­ра­лы ұғым.
Та­мақ өнім­де­рі­нің са­па­сызды­ғы­ның негіз­гі бел­гі­ле­рі.
Тез бұ­зы­ла­тын та­мақ өнім­де­рін сақ­тау және өт­кі­зу шар­тта­ры.
Та­мақ өнім­де­рін таң­ба­ла­у­ға қой­ы­ла­тын та­лап­тар.
Қап­та­ма­лау ма­те­ри­ал­да­ры.
3
1.5.
Ем­ти­хан
2
1.6.
Қо­ры­тын­ды:
14
2. Бі­лім бе­ру объ­ек­ті­ле­рін­де­гі қыз­мет­кер­лер­ге (жал­пы ор­та бі­лім бе­ре­тін мек­теп­тер­дің ба­ста­уыш сы­нып­та­ры­ның мұ­ға­лім­де­рі; ба­ла­лар мен жа­сө­спі­рім­дер тұ­ра­тын бі­лім және тәр­бие бе­ру объ­ек­ті­ле­рі­нің бар­лық түр­ле­рі­нің ба­ста­уыш сы­нып­та­ры­ның мұ­ға­лім­де­рі, тәр­би­е­ші­ле­рі мен тәр­би­е­ші кө­мек­ші­ле­рі; тех­ни­ка­лық пер­со­нал); ба­ла­лар са­уық­ты­ру (жыл бойы, мау­сым­дық) ұй­ым­да­рын­да­ғы және ши­па­жай объ­ек­ті­ле­рін­де­гі қыз­мет­кер­лер­ге; әр түр­лі және үл­гі­де­гі мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­да­рын­да­ғы, ба­ла­лар үй­ле­рін­де­гі қыз­мет­кер­лер­ге ар­нал­ған ги­ги­е­на­лық оқы­ту бағ­дар­ла­ма­сы
2.1.
Ха­лық­тың са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық са­ла­мат­ты­лы­ғы са­ла­сын­да­ғы заң­на­ма­ның негіз­де­рі.
Ко­дек­стің 94-ба­бы­ның және 95-ба­бы­ның ере­же­ле­ріне сәй­кес ха­лық­тың са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық са­ла­мат­ты­лы­ғы са­ла­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік ор­ган бе­кі­те­тін са­ни­та­ри­я­лық қа­ғи­да­лар­дың және ги­ги­е­на­лық нор­ма­тив­тер­дің та­лап­та­рын сақ­та­ма­ға­ны үшін қыз­мет­кер­лер­дің жа­у­ап­кер­ші­лі­гі.
Мек­теп­ке дей­ін­гі ба­ла­лар ұй­ым­да­ры мен ба­ла­лар үй­ле­рін, са­уық­ты­ру ла­герь­ле­рін кү­тіп-ұста­у­ға қой­ы­ла­тын та­лап­тар.
Аумақ­ты, топ­тық алаң­дар­ды, құм­сал­ғы­штар­ды, спорт жаб­дық­та­рын кү­тіп-ұста­у­ға қой­ы­ла­тын та­лап­тар, топ­тық оқ­ша­у­лау қа­ғи­дат­та­ры. Топ­тар­дың тол­ты­ры­луы. Тем­пе­ра­ту­ра­лық ре­жим­ді, үй-жай­лар мен ре­кре­а­ци­я­лар­ды жел­де­ту тәр­ті­бін сақ­тау.
Ағым­да­ғы және күр­де­лі та­за­лау; жел­де­ту ере­же­ле­рі; жи­нау мүк­әм­ма­лы­на, жуу және дез­ин­фек­ци­я­лау құ­рал­да­ры­на қой­ы­ла­тын та­лап­тар.
Тө­сек орын­ды ауы­сты­ру, оны сақ­тау, кір жуу орын­да­ры­на жет­кі­зу, таң­ба­лау.
Тү­бек­тер­ді жуу, дә­рет­ха­на­лар­ды та­за­лау ере­же­ле­рі. Топ­тар­да­ғы ыдыс­тар­ға кү­тім жа­сау, оны таң­ба­лау, шү­бе­ректі жуу, сақ­тау, өң­деу ере­же­ле­рі. Ой­ын­шық­тар­ға кү­тім жа­сау.
Дез­құ­рал­дар­ды және жуу ері­т­ін­ді­ле­рін дай­ын­дау.
Ауыз­су тәр­ті­біне қой­ы­ла­тын та­лап­тар.
3
2.2.
Жал­пы бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­ның, бар­лық түр­де­гі ба­ла­лар мен жа­сө­спі­рім­дер тұ­ра­тын бі­лім және тәр­бие бе­ру объ­ек­ті­ле­рі­нің үй-жай­ла­рын кү­тіп-ұста­у­ға қой­ы­ла­тын та­лап­тар.
Оқу­шы­лар мен тәр­би­е­ле­ну­ші­лер­дің бойы мен жа­сы­на сәй­кес отыр­ғызуға, заттар­ды са­ра­ла­у­ға, жи­һаз­бен қам­та­ма­сыз ету­ге қой­ы­ла­тын та­лап­тар.
Тем­пе­ра­ту­ра­лық ре­жим­ді, үй-жай­лар­ды және де­ма­ла­тын орын­дар­ды жел­де­ту тәр­ті­бін сақ­тау. Ауыз­су тәр­ті­бін ұй­ым­да­сты­ру.
Сы­нып­тар­дың то­лық­тығ­ы­на қой­ы­ла­тын та­лап­тар. Тұ­рып оқи­тын бі­лім бе­ру объ­ек­ті­ле­рі­нің бар­лық тү­рін­де тө­сек­ті ауы­сты­ру, оқу­шы­лар мен тәр­би­е­ле­ну­ші­лер­дің же­ке ги­ги­е­на­ны сақ­та­уы.
3
2.3.
Ас бло­гы ау­ма­ғын және үй-жай­ла­рын, асүй мүк­әм­ма­лын, ыдыс­та­рын кү­тіп ұста­у­ға қой­ы­ла­тын та­лап­тар.
Өн­ді­рі­стік және қо­сал­қы үй-жай­лар­ды ағым­дық және күр­де­лі та­за­лау, дез­ин­фек­ци­я­лық, де­ра­ти­за­ци­я­лық және дезин­сек­ци­я­лық іс-ша­ра­лар.
Жаб­дық­тар­ға, мүк­әм­мал­дар­ға, ас­ха­на мен асүй ыдыс­та­ры­на қой­ы­ла­тын та­лап­тар.
Ас­ха­на және асүй ыдыс­та­рын жуу тәр­ті­бі. Жуу және дез­ин­фек­ци­я­лау құ­рал­да­ры­на қой­ы­ла­тын та­лап­тар, олар­ды пай­да­ла­ну ере­же­ле­рі. Азық-тү­лік ши­кі­за­тын ас­паз­дық өң­де­у­ге қой­ы­ла­тын са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық та­лап­тар.
Ши­кі және дай­ын өнім­ді өн­деу. Са­лат­тар­ды дай­ын­дау тех­но­ло­ги­я­сы.
Дай­ын та­ғам­дар­дың ви­та­мин­де­рін сақ­тау және С-ви­та­мин­деу қа­ғи­да­ла­ры.
Қыз­мет­тік құ­жат­та­ма­ны жүр­гі­зу.
Та­мақ­та­ну ги­ги­е­на­сы. Ти­ім­ді та­мақ­та­ну­ды ұй­ым­да­сты­ру. Ба­ла­лар ұжым­да­рын­да та­мақ­тан ула­ну­дың про­фи­лак­ти­ка­сы. Та­мақ­ты үле­сті­ру, дай­ын та­ғам­дар­ды өт­кі­зу.
3
2.4.
Ба­ла­лар ме­ке­ме­сін­де­гі ин­фек­ци­я­лық және па­ра­зит­тік ау­ру­лар.
Тұ­мау­мен және жі­ті ре­спи­ра­тор­лық ау­ру­лар­мен сыр­қат­та­ну­шы­лық­тың эпи­де­ми­я­лық өсуі ке­зе­ңін­де жүр­гі­зі­ле­тін эпи­де­ми­я­ға қар­сы іс-ша­ра­лар.
Оқу­шы­лар мен тәр­би­е­ле­ну­ші­лер ара­сын­да ин­фек­ци­я­лық сыр­қат­та­ну­шы­лық ке­зін­де эпи­де­ми­я­ға қар­сы іс-ша­ра­лар­ды жүр­гі­зу.
Эпи­де­ми­я­ға қар­сы іс-ша­ра­лар.
Ағым­да­ғы және күр­де­лі та­за­лау; жи­нау мүк­әм­ма­лы­на, жуу және дез­ин­фек­ци­я­лау құ­рал­да­ры­на қой­ы­ла­тын та­лап­тар.
Өн­ді­рі­стік ба­қы­лау.
Пер­со­нал­дың же­ке ги­ги­е­на­сы.
Қыз­мет­кер­лер­дің мін­дет­ті ме­ди­ци­на­лық қа­рап-тек­се­ру­ле­рі
3
2.5.
Ем­ти­хан
2
2.6.
Қо­ры­тын­ды:
14
3. Ден­са­улық сақ­тау және ме­ди­ци­на­лық-әле­умет­тік оңал­ту (мей­ір­би­ке кө­мек­ші­ле­рі; кір жу­а­тын бөл­ме­лер­дің қыз­мет­кер­ле­рі; та­ғам өнім­де­рі­мен жа­на­са­тын қыз­мет­кер­лер) қыз­мет­кер­ле­ріне ар­нал­ған ги­ги­е­на­лық оқы­ту бағ­дар­ла­ма­сы
3.1.
Ха­лық­тың са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық са­ла­мат­ты­лы­ғы са­ла­сын­да­ғы заң­на­ма­ның негіз­де­рі. Ко­дек­стің 94-ба­бы­ның және 95-ба­бы­ның ере­же­ле­ріне сәй­кес ха­лық­тың са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық са­ла­мат­ты­лы­ғы са­ла­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік ор­ган бе­кі­те­тін са­ни­та­ри­я­лық қа­ғи­да­лар­дың және ги­ги­е­на­лық нор­ма­тив­тер­дің та­лап­та­рын сақ­та­ма­ға­ны үшін қыз­мет­кер­лер­дің жа­у­ап­кер­ші­лі­гі.
Хи­рур­ги­я­лық бей­ін­де­гі бө­лім­ше­лер­ді; дер­ма­то-кос­ме­то­ло­ги­я­лық, пла­сти­ка­лық және эс­те­ти­ка­лық хи­рур­гия объ­ек­ті­ле­рін; пе­ри­на­тал­ды ор­та­лық­тар­ды, аку­шер­лік ста­ци­о­нар­лар­ды; қан қыз­ме­ті объ­ек­ті­ле­рін; ин­фек­ци­я­лық ау­ру­ха­на­лар мен бө­лім­ше­лер­ді; ту­бер­ку­лез­ге қар­сы ұй­ым­дар­ды; фи­зио­ка­би­нет­тер­ді; ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған сте­ри­ли­за­ци­я­лау бө­лім­ше­ле­рін; сто­ма­то­ло­ги­я­лық ем­ха­на­лар­ды (ка­би­нет­тер­ді); пал­ли­а­тив­тік кө­мек және мей­ір­би­ке кү­ті­мін көр­се­ту жө­нін­де­гі ден­са­улық сақ­тау объ­ек­ті­ле­рін; ге­мо­ди­а­лиз бө­лім­ше­ле­рін, па­то­ло­го­ана­то­ми­я­лық ұй­ым­дар­ды кү­тіп-ұста­у­ға қой­ы­ла­тын та­лап­тар;
Өн­ді­рі­стік ба­қы­лау.
3
3.2.
Ау­ру­ха­на­і­ші­лік ин­фек­ци­я­лар­дың ал­дын алу жө­нін­де­гі іс-ша­ра­лар.
Ау­ру­ха­на­і­ші­лік ин­фек­ци­я­лар­дың ал­дын алу жө­нін­де­гі про­фи­лак­ти­ка­лық іс-ша­ра­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру және жүр­гі­зу.
Пер­со­нал­дың қо­лын өн­деу ере­же­ле­рі. Те­рі және сі­ле­мей­лі қа­бық­тар қан­мен неме­се бас­қа да био­ло­ги­я­лық сұй­ық­тық­тар­мен ла­стан­ған кез­де, сон­дай-ақ укол неме­се ке­сіп ке­ту ке­зін­де­гі про­фи­лак­ти­ка­лық іс-ша­ра­лар.
АИТВ* – ин­фек­ци­я­сы­ның про­фи­лак­ти­ка­сы.
Ден­са­улық сақ­тау объ­ек­ті­ле­рі пер­со­на­лы­ның ең­бек шар­тта­ры­на және тұр­мыстық қыз­мет көр­се­ті­лу­іне қой­ы­ла­тын та­лап­тар.
Қыз­мет­кер­лер­дің мін­дет­ті ме­ди­ци­на­лық қа­рап-тек­се­ру­ле­рі
3
3.3.
Ден­са­улық сақ­тау объ­ек­ті­ле­рін­де қал­дық­тар­ды жи­на­у­ға, за­лал­сыздан­ды­ру­ға, сақ­та­у­ға қой­ы­ла­тын та­лап­тар. Ме­ди­ци­на­лық қал­дық­тар­дың сы­нып­та­ма­сы. Ме­ди­ци­на­лық қал­дық­тар­ды за­лал­сыздан­ды­ру және/неме­се за­рар­сыздан­ды­ру тә­сіл­де­рі мен әді­сте­рі.
Ра­дио­ак­тив­ті ме­ди­ци­на­лық қал­дық­тар­мен жұ­мыс іс­теу
3
3.4.
Ден­са­улық сақ­тау объ­ек­ті­ле­рін­де са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­ми­я­ға қар­сы және са­ни­та­ри­я­лық-про­фи­лак­ти­ка­лық іс-ша­ра­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру­ға, жүр­гізу­ге қой­ы­ла­тын та­лап­тар.
Ме­ди­ци­на­лық мақ­сат­та­ғы бұй­ым­дар­ды сте­риль­де­уді және дез­ин­фек­ци­я­ла­уды жүр­гі­зу жағ­дай­ла­ры­на қой­ы­ла­тын та­лап­тар.
Дез­ин­фек­ци­я­лық, де­ра­ти­за­ци­я­лық және дезин­сек­ци­я­лық іс-ша­ра­лар. Қо­ры­тын­ды дез­ин­фек­ция.
Тем­пе­ра­ту­ра­лық ре­жим­ді, үй-жай­лар­ды жел­де­ту ре­жи­мін, ағым­да­ғы және күр­де­лі та­за­ла­уды жүр­гізу­ге, жи­нау мүк­әм­ма­лы­на, жуу және дез­ин­фек­ци­я­лау құ­рал­да­ры­на қой­ы­ла­тын та­лап­тар­ды сақ­тау.
Тө­сек орын­ды ауы­сты­ру. Ин­фек­ция жұқ­қан ки­ім-ке­шек­ті жуу.
3
3.5.
Ден­са­улық сақ­тау объ­ек­ті­ле­рін­де та­мақ­та­ну жағ­дай­ла­ры­на қой­ы­ла­тын та­лап­тар.
Жаб­дық­қа, мүк­әм­мал­ға, ас­ха­на және асүй ыдыс­та­ры­на қой­ы­ла­тын та­лап­тар.
Ас­ха­на және асүй ыдыс­та­рын жуу тәр­ті­бі. Азық-тү­лік ши­кі­за­тын ас­паз­дық өң­де­у­ге қой­ы­ла­тын та­лап­тар.
Ши­кі және дай­ын өнім­ді өң­деу.
Дай­ын та­мақ­ты үле­сті­ру.
Ден­са­улық сақ­тау объ­ек­ті­ле­рін­де та­мақ­тан ула­ну­дың про­фи­лак­ти­ка­сы.
3
3.6.
Ем­ти­хан
2
3.7.
Қо­ры­тын­ды.
17
4. Жо­ла­у­шы­лар­ға қыз­мет көр­се­ту са­ла­сын­да­ғы (жо­ла­у­шы­лар по­е­зы­ның жол­се­рік­те­рі, өзен, те­ңіз және әуе кө­лік­те­рі­нің стю­ард­та­ры) қыз­мет­кер­ле­ріне ар­нал­ған ги­ги­е­на­лық оқы­ту бағ­дар­ла­ма­сы
4.1.
Ха­лық­тың са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық са­ла­мат­ты­лы­ғы са­ла­сын­да­ғы заң­на­ма­ның негіз­де­рі.Ко­дек­стің 94-ба­бы­ның және 95-ба­бы­ның ере­же­ле­ріне сәй­кес ха­лық­тың са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық са­ла­мат­ты­лы­ғы са­ла­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік ор­ган бе­кі­те­тін са­ни­та­ри­я­лық қа­ғи­да­лар­дың және ги­ги­е­на­лық нор­ма­тив­тер­дің та­лап­та­рын сақ­та­ма­ға­ны үшін қыз­мет­кер­лер­дің жа­у­ап­кер­ші­лі­гі.
Жо­ла­у­шы­лар по­ез­да­рын, өзен, те­ңіз және әуе кө­лік­те­рін кү­тіп-ұста­у­ға және жаб­дық­та­у­ға қой­ы­ла­тын та­лап­тар.
Жо­ла­у­шы­лар­ға қыз­мет көр­се­ту объ­ек­ті­ле­рін (те­мір­жол вок­зал­да­рын, аэро­вок­зал­дар­ды, әу­е­жай­лар­ды, те­ңіз және өзен вок­зал­да­рын, ав­то­вок­зал­дар­ды, мет­ро­по­ли­тен­дер­ді) кү­тіп-ұста­у­ға қой­ы­ла­тын та­лап­тар.
Жаб­дық­тау пункт­те­рі­нің жұ­мысы­на қой­ы­ла­тын та­лап­тар. Ауа-жы­лы­ту ре­жи­мі. Қыз­мет­кер­лер­дің мін­дет­ті ме­ди­ци­на­лық қа­рап-тек­се­ру­ле­рі.
3
4.2.
Жі­ті ішек ин­фек­ци­я­ла­ры, аса қа­уіп­ті және ка­ран­т­ин­дік ин­фек­ци­я­лар, та­ғам­дық уыт­ты ин­фек­ци­я­лар ту­ра­лы ұғым, кли­ни­ка­сы және про­фи­лак­ти­ка ша­ра­ла­ры.
Мик­ро­ор­га­низмдер ту­ра­лы ұғым және ин­фек­ци­я­лық ау­ру­лар­дың пай­да бо­луын­да­ғы олар­дың рө­лі. Ішек ин­фек­ци­я­ла­ры­ның, гель­мин­то­здар­дың, ауа-там­шы ин­фек­ци­я­ла­ры­ның, ве­не­ро­ло­ги­я­лық ау­ру­лар­дың, АИТВ ин­фек­ци­я­сы*, ге­мо­кон­так­ті­лі ин­фек­ци­я­лар­дың, ка­ран­т­ин­дік және аса қа­уіп­ті ин­фек­ци­я­лар­дың про­фи­лак­ти­ка­сы. Ин­фек­ци­я­лық ау­ру­лар­мен, аса қа­уіп­ті ин­фек­ци­я­лар­мен және та­ғам­дық уыт­ты ин­фек­ци­я­лар­мен ауы­ра­тын на­у­қа­стар анық­тал­ған кез­де­гі эпи­де­ми­я­ға қар­сы іс-ша­ра­лар.
Жа­за­тай­ым жағ­дай­лар ке­зін­де за­рдап шек­кен­дер­ге ал­ғаш­қы ме­ди­ци­на­лық кө­мек көр­се­ту.
3
4.3.
Та­мақ өнім­де­рін сақ­та­у­ға және тез бұ­зы­ла­тын өнім­дер­ді өт­кі­зу мер­зім­де­ріне қой­ы­ла­тын та­лап­тар.
Та­мақ өнім­де­рін та­сы­мал­дау. Дез­ин­фек­ци­я­лық, де­ра­ти­за­ци­я­лық және дезин­сек­ци­я­лық іс-ша­ра­лар.
Өн­ді­рі­стік ба­қы­лау.
Же­ке және қо­ғам­дық ги­ги­е­на.
3
4.4.
Ем­ти­хан
2
4.5.
Қо­ры­тын­ды:
14
5. Ауыз су­ды дай­ын­да­у­мен, су құ­бы­ры же­лі­ле­ріне қыз­мет көр­се­ту­мен ті­ке­лей бай­ла­ны­сты су құ­бы­ры құ­ры­лы­ста­рын­да­ғы қыз­мет­кер­лер­ді ги­ги­е­на­лық оқы­ту бағ­дар­ла­ма­сы
5.1.
Ха­лық­тың са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық са­ла­мат­ты­лы­ғы са­ла­сын­да­ғы заң­на­ма­ның негіз­де­рі.
Ко­дек­стің 94-ба­бы­ның және 95-ба­бы­ның ере­же­ле­ріне сәй­кес ха­лық­тың са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық са­ла­мат­ты­лы­ғы са­ла­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік ор­ган бе­кі­те­тін са­ни­та­ри­я­лық қа­ғи­да­лар­дың және ги­ги­е­на­лық нор­ма­тив­тер­дің та­лап­та­рын сақ­та­ма­ға­ны үшін қыз­мет­кер­лер­дің жа­у­ап­кер­ші­лі­гі.
Адам өмі­рін­де­гі су­дың ма­ңы­зы. Су­дың эпи­де­мио­ло­ги­я­лық ма­ңы­зы.
Су­мен жаб­дық­тау көз­де­рі, олар­дың ги­ги­е­на­лық си­патта­ма­сы.
Су ар­қы­лы бе­рі­ле­тін ин­фек­ци­я­лық ау­ру­лар­дың про­фи­лак­ти­ка­сы.
Өн­ді­рі­стік ба­қы­лау.
Қыз­мет­кер­лер­дің мін­дет­ті ме­ди­ци­на­лық қа­рап-тек­се­ру­ле­рі.
Же­ке ги­ги­е­на қа­ғи­да­ла­ры, ең­бек жағ­дай­ла­ры.
3
5.2.
Же­ра­с­ты көз­де­рі­нен алын­ған ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған су­мен жаб­дық­тау және олар­дың құ­ры­л­ғы­сы­на қой­ы­ла­тын та­лап­тар.
Же­рү­сті су көз­де­рі­нен алын­ған ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған су­мен жаб­дық­тау ерекше­лік­те­рі және олар­дың құ­ры­л­ғы­ла­ры­на қой­ы­ла­тын та­лап­тар (же­рү­сті су бө­гет­те­рі бар қа­ла­лар үшін).
3
5.3.
Су құ­бы­ры же­лі­сіне қой­ы­ла­тын та­лап­тар.
Су құ­бы­ры құ­ры­лы­ста­ры мен же­лі­ле­рін дез­ин­фек­ци­я­лау.
Су­мен жаб­дық­тау көз­де­рін және ша­ру­а­шы­лық-ауыз су­мен жаб­дық­тау су құ­быр­ла­рын са­ни­та­ри­я­лық қор­ғау ай­мақ­та­ры.
Са­ни­та­ри­я­лық қор­ғау ай­мақ­та­ры ау­ма­ғын­да­ғы са­ни­та­ри­я­лық-ги­ги­е­на­лық ре­жим.
3
5.4.
Ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған ауыз су­мен жаб­дық­тау жүй­е­ле­рін­де­гі су­дың са­па­сы­на қой­ы­ла­тын ги­ги­е­на­лық та­лап­тар.
Са­па­ны ба­қы­лау.
Су­мен жаб­дық­тау ор­та­лық­тан­ды­рыл­ма­ған кез­де су­дың са­па­сы­на қой­ы­ла­тын та­лап­тар.
Көз­дер­ді са­ни­та­ри­я­лық қор­ғау.
Құ­дық­ты (кап­таж­ды) та­зар­ту, дез­ин­фек­ци­я­лау әді­сте­рі.
3
5.5.
Ем­ти­хан
2
5.6.
Қо­ры­тын­ды:
14
6. Тұр­мыстық қыз­мет көр­се­ту са­ла­сын­да­ғы (мон­ша­лар, ха­уы­здар, бас­сейн­дер, спорт­тық-са­уық­ты­ру ұй­ым­да­ры, ша­шта­раз­дар, кос­ме­то­ло­ги­я­лық са­лон­дар, кір жу­а­тын орын­дар, хи­ми­я­лық та­зар­ту орын­да­ры, қо­на­қүй­лер, хо­стел­дер) қыз­мет­кер­ле­рін ги­ги­е­на­лық оқы­ту бағ­дар­ла­ма­сы
6.1.
Ха­лық­тың са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық са­ла­мат­ты­лы­ғы са­ла­сын­да­ғы заң­на­ма­ның негіз­де­рі.
Ко­дек­стің 94-ба­бы­ның және 95-ба­бы­ның ере­же­ле­ріне сәй­кес ха­лық­тың са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық са­ла­мат­ты­лы­ғы са­ла­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік ор­ган бе­кі­те­тін са­ни­та­ри­я­лық қа­ғи­да­лар­дың және ги­ги­е­на­лық нор­ма­тив­тер­дің та­лап­та­рын сақ­та­ма­ға­ны үшін қыз­мет­кер­лер­дің жа­у­ап­кер­ші­лі­гі.
Ауа-там­шы, ішек, па­ра­зит­тік, жұқ­па­лы те­рі ин­фек­ци­я­ла­ры мен транс­мис­сив­ті жол­мен (қан ар­қы­лы) бе­рі­ле­тін ин­фек­ци­я­лар, аса қа­уіп­ті ин­фек­ци­я­лар.
Па­рен­те­рал­ді ви­ру­сты ге­па­тит­тер­дің про­фи­лак­ти­ка­сы.
Дезин­сек­ция, де­ра­ти­за­ция, тер­мин­де­рі мен анық­та­ма­ла­ры, хи­ми­я­лық дез­ин­фек­ци­я­ны жүр­гі­зу үшін қол­да­ны­ла­тын жа­ңа құ­рал­дар.
Қыз­мет­кер­лер­дің мін­дет­ті ме­ди­ци­на­лық қа­рап-тек­се­ру­ле­рі, же­ке ги­ги­е­на қа­ғи­да­ла­ры, ең­бек жағ­дай­ла­ры.
Өн­ді­рі­стік ба­қы­лау.
3
6.2.
Ша­шта­раз­дар­ды, сұ­лулық са­лон­да­рын және кос­ме­то­ло­ги­я­лық ка­би­нет­тер­ді ор­на­ла­сты­ру­ға, жаб­дық­та­у­ға, жа­рақ­тан­ды­ру­ға, кү­тіп-ұста­у­ға қой­ы­ла­тын та­лап­тар. Жұ­мыс құ­рал-сай­ман­да­рын, жұ­мыс үстел­де­рі­нің үстін дез­ин­фек­ци­я­лау әді­сте­рі. Те­рі, шаш, тыр­нақ ау­ру­ла­ры. Жұқ­па­лы те­рі және па­ра­зит­тік ау­ру­лар және ша­шта­раз­дар­да олар­дың та­ра­луы­ның ал­дын алу ша­ра­ла­ры.
3
6.3.
Мон­ша­лар­дың ги­ги­е­на­лық ма­ңы­зы.
Мон­ша мен сау­на­лар­дың құ­ры­л­ғы­сы­на, жаб­дық­та­у­ға, пай­да­ла­ну­ға және кү­тіп-ұста­у­ға қой­ы­ла­тын та­лап­тар. Жұқ­па­лы ин­фек­ци­я­лық ау­ру­лар.
Мон­ша­да олар­дың та­ра­луы­ның ал­дын алу ша­ра­ла­ры.
3
6.4.
Тұр­ғын үй-жай­лар­ды және қо­нақ үй­лер мен хо­стел­дер­дің ор­тақ пай­да­ла­ны­ла­тын үй-жай­ла­рын кү­тіп-ұстау бой­ын­ша та­лап­тар.
Қо­нақ үй­лер­дің тө­сек орын ша­ру­а­шы­лы­ғы­на қой­ы­ла­тын та­лап­тар. Аса қа­уіп­ті ин­фек­ци­я­лар анық­тал­ған жағ­дай­да­ғы пер­со­нал­дың әре­ке­ті.
Қо­нақ үй­лер­де, хо­стел­дер­де қол­да­ны­ла­тын дез­ин­фек­ция әді­сте­рі.
3
6.5.
Кір жуу орын­да­ры мен хи­ми­я­лық та­за­лау орын­да­ры­ның (өн­ді­рі­стік үй-жай­лар, тұр­мыстық үй-жай­лар, үй-жай­лар­ды іш­кі әр­леу, са­ни­та­ри­я­лық-тех­ни­ка­лық жаб­дық­тау) құ­ры­л­ғы­сы­на және жаб­дық­та­у­ға қой­ы­ла­тын та­лап­тар.
Кір жуу орын­да­ры мен хи­ми­я­лық та­за­лау орын­да­рын пай­да­ла­ну­ға қой­ы­ла­тын та­лап­тар. Дез­ин­фек­ция, оның әді­сте­рі. Кір жуу орын­да­рын­да қол­да­ны­ла­тын дез­ин­фек­ци­я­лау әді­сте­рі.
3
6.6.
Жү­зу бас­сей­ін­де­рін пай­да­ла­ну ре­жим­де­ріне қой­ы­ла­тын са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық та­лап­тар. Бас­сей­ін су­ла­рын за­рар­сыздан­ды­ру әді­сте­рі.
Үй-жай­лар мен ван­на­лар­ды та­за­ла­у­ға және дез­ин­фек­ци­я­ла­у­ға қой­ы­ла­тын та­лап­тар.
Жү­зу бас­сейн­де­рі­нің су са­па­сы­на қой­ы­ла­тын та­лап­тар.
3
6.7.
Ем­ти­хан
2
6.8.
Қо­ры­тын­ды:
20
Ескертпе:
*АИТВ инфекциясы - адамның иммун тапшылығы вирусы туындатқан, иммундық жүйенің ерекше зақымдануымен сипатталатын және жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромы қалыптасқанға дейін оның баяу бұзылуына алып келетін созылмалы инфекциялық ауру.

1.2 Халықтың декреттелген

тобындағы адамдарды
гигиеналық оқыту қағидаларына
2-қосымша
Нысан

Т.А.Ә. (қыз­мет­кер­дің бар болған жағ­дай­да)
Жұ­мыс ор­ны, тұр­ғы­лық­ты ме­кен­жайы
Қыз­мет­тің, жұ­мыстың, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің жү­зе­ге асы­ры­ла­тын тү­рі көр­се­ті­ліп, ла­у­а­зы­мы
Оқы­ту­ды жүр­гі­зу ке­зе­ңі
Ем­ти­хан өт­кі­зу кү­ні
Ем­ти­хан нәти­же­сі
Қай­та тап­сыр­ған жағ­дай­да ке­зек­ті ем­ти­хан­ның кү­ні
Қыз­мет­кер­дің қо­лы

1.3 Халықтың декреттелген

тобындағы адамдарды
гигиеналық оқыту қағидаларына
3-қосымша

Қолданыстағы