О снятии карантина
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии карантина
- Атауы (қаз.)
- Карантинді тоқтату туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 318
- Қабылданған күні
- 17.11.2020
- Көрсетілген редакция
- 17.11.2020 148656_492220.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.11.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20S0006672
- ЭКБ идентификаторы
- 148656
- Редакция идентификаторы
- 148656_492220
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 11:42
0 Карантинді тоқтату туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 7-1/86 «Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10414 болып тіркелді) бекітілген Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларының 8-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, «Карантинді алып тастау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бас инспекторының 2020 жылғы 16 қарашадағы № 01-04/1163 ұсынымы негізінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Құс тұмауы ауруын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенінің аяқталуына байланысты мына елді мекендерде карантин тоқтатылсын:
Қызылжар ауданы Асанов ауылдық округінің Малое Белое ауылы;
Мағжан Жұмабаев ауданы Лебяжин ауылдық округінің Лебяжье ауылы;
Мағжан Жұмабаев ауданы Бәйтерек ауылдық округінің Новый быт ауылы;
Тайынша ауданы Тихоокеан ауылдық округінің Алабота ауылы;
Тайынша ауданы Рощин ауылдық округінің Димитровка ауылы;
Тайынша ауданы Киров ауылдық округінің Ильич ауылы;
Тайынша ауданы Рощин ауылдық округінің Краматоровка ауылы;
Тайынша ауданы Чкалов ауылдық округінің Чкалов ауылы.
2
2. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Карантин белгілеу туралы» 2020 жылғы 19 қыркүйектегі № 246 қаулысы (2020 жылғы 19 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6539 болып тіркелді) қосымшасының 24, 32, 33, 37, 38, 39, 40, 42 - тармақтарының күші жойылды деп танылсын.