Вопросы аренды объектов коммунальной собственности Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.02.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Коммуналдық меншік объектілерін жалға беру мәселелері Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 27 бабына сәйкес облыс әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Коммуналдық меншiктегi объектiлердi жалға беру Ережесi бекiтiлсiн (тiркеледi).
Тармақ 2
2. Қала және аудан әкiмдерiне, Атырау облысының коммуналдық меншiк басқармасына (әрi қарай - басқарма) коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың мемлекеттiк басқармасының органы болып табылатын облыстық басқармалар мен департаменттерге шаруашылықты жүргiзу немесе тiкелей басқару құқығымен (әрi қарай - кәсiпорын) олардың шаруашылық жүргiзуi мен тiкелей басқаруындағы мүлiктердi жалға беру кезiнде осы қаулымен бекiтiлген Ереженi кәсiпорындармен сақталуын қамтамасыз етудi жүргiзсiн.
Тармақ 3
3. Облыс әкiмiнiң 1999 жылғы 25 маусымдағы №174ө "Коммуналдық меншiктегi тұрғын үйге жатпайтын қор объектiлерiн жалдауға беру Ережесiн бекiту туралы" өкiмi күшiн жойды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары С.К.Нокинге жүктелсiн.
Басқа 5
Атырау облыстық әкiмияттың 2003 жылғы 12 ақпандағы № 45 қаулысына қосымша Коммуналдық меншiктегi объектiлердi мүлiктiк жалға беру ережесi
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Бұл ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылдың 23 желтоқсанындағы № 2721 "Жекешелендiру туралы" заң күшi бар Жарлығына және Қазақстан Республикасының коммуналдық меншiк объектiлерiн мүлiктiк жалға берудiң (жалдау) тәртiбi мен негiзгi принциптерiн анықтайтын басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес әзiрлендi. Осы ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) жалдау - мүлiктiк жалға беру;
Тармақша 2
2) жалдау шарты - жалға берушi жалға алушыға мүлiктi ақы төлеп, уақытша иелену мен пайдалануға беруге мiндеттенетiн шарт;
Тармақша 3
3) жалға берушi - мүлiктiк жалға беру (жалдау) шартында мүлiктiң меншiк иесi немесе меншiк иесi атынан қатысушы тарап болып табылады;
Тармақша 4
4) жалға алушы - мүлiктi жалға беру (жалдау) шартында мүлiктi белгiлi мөлшердегi ақыға уақытша иеленушi мен пайдаланушы тарап болып табылады;
Тармақша 5
5) мемлекеттiк тұрғын үйге жатпайтын қор - облыстық тұрғын үй қорына енгiзiлмеген мемлекеттiк үйлер, орын-жайлар және ғимараттар;
Тармақша 6
6) объект - орын-жай, үйлер, ғимараттар, жабдықтар және коммуналдық меншiктегi өзге мүлiктер.
Тармақ 3
3. Ғимараттар - тек қана мемлекет меншiгiнiң объектiлерi болып табылатын тарих және мәдениет ескерткiштерi тиiстi жергiлiктi атқарушы органдар бөлiмшелерiнiң, оларды қолдану мен пайдалану талаптарына келiсiмi болған жағдайда мүлiктiк жалға (жалдауға) берiледi.
Тармақ 4
4. Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын, мемлекеттiк мекемелер балансындағы объектiлердi мүлiктiк жалға беру (жалдау) баланс ұстаушының келiсiмi бойынша Атырау облысының коммуналдық меншiк басқармасымен (әрi қарай - жалға берушi) жүзеге асырылады. Коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың шаруашылық жүргiзуiндегi объектiлердi жалға беру кезiнде жалға берушi ретiнде шаруашылықты жүргiзу құқығымен коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорын қатысады. Тек уәкiлеттi орган келiсiмiмен ғана қазыналық коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорын жалға берушi болуы мүмкiн. Шарттың талаптарын тиiстi орындаған жағдайда шарттың мерзiмiн ұзарту құқығымен кемiнде үш жылдан аспайтын мерзiмге жалдау шарты жалға берушiмен дербес жасалады.
Тармақ 5
5. Егер қала, аудан әкiмдерi аппараттарының құрылымында коммуналдық меншiк мәселелерi бойынша бөлiм құрылған болса, коммуналдық меншiк басқармасы аймақтық қарамағы бойынша коммуналдық меншiк объектiлерiн жалдауға тапсыру құқығын беруi мүмкiн. Бұл орайда қала және аудан әкiмияттары осы Ереженi басшылыққа алады, ал объектiлердi бiр жылдан аспайтын мерзiмге мүлiктiк жалға беру (жалдау) мүмкiндiгi коммуналдық меншiк басқармасымен алдын-ала келiсiлуi керек.
Тармақ 6
6. Егер мемлекеттiк мүлiктi пайдаланғаны үшiн жалдау ақысы жалға берушiмен белгiленген болса, онда жалға алушы мен жалға берушi коммуналдық қызметтi қоспағанда, жалдау объектiсi бойынша басқа төлемдерден босатылады. Әлеуметтiк маңызы бар газ құбырлары, су құбырлары және коммуналдық-тұрмыстық шаруашылықтың басқа да объектiлерiн жалдауға беру кезiнде айлық жалдау ақысының мөлшерi олардың қалдық құнынан 0,1 пайыз мөлшерiнде жалға берушiмен белгiленуi мүмкiн. Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер балансындағы объектiлердi жалдауды жалдау ақысының нөлдiк мөлшерлемесi бойынша коммуналдық қызмет төлемi, ағымдағы және күрделi жөндеуге төлем аудару, объектiнiң қызмет көрсетуiне төлемдер шартымен жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Коммуналдық меншiк объектiлерiн мүлiктiк жалға алу (жалдау) өтiнiмдерiн қарау тәртiбi
2. Коммуналдық меншiк объектiлерiн мүлiктiк жалға алу (жалдау) өтiнiмдерiн қарау тәртiбi
Тармақ 7
7. Кез-келген заңды және жеке тұлғалар объектiлердi мүлiктiк жалға алуға (жалдауға) өтiнiм бере алады. Өтiнiмдер белгiленген үлгiде (1-қосымша) жалға берушiге берiледi.
Тармақ 8
8. Егер өзгелерi заңнамаларда көзделмесе, келiп түскен өтiнiмдердi қарау және оларға шешiм қабылдау бiр ай мерзiмi iшiнде жүргiзiледi.
Тармақ 9
9. Объектiлердi мүлiктiк жалға алу (жалдау) туралы өтiнiмдер мынадай құжаттары болған жағдайда қаралады:
Тармақша 1
1) заңды тұлғалар үшiн - нотариалды куәландырылған құрылтайшы құжаттарының көшiрмесi, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк, статистикалық карточкасы және салық төлеуге тiркелгенiн растайтын анықтама, сондай-ақ өкiлдiгiн растайтын уәкiлдiк құжаты;
Тармақша 2
2) жеке тұлғалар үшiн - төлқұжат көшiрмесi немесе өзге де жеке басын куәландыратын құжат, салық төлеуге тiркелгенiн растайтын анықтама, ал жеке кәсiпкерлер үшiн олардан басқа, тиiстi құжаттар көшiрмесi;
Тармақша 3
3) жекелеген объектiлер бойынша жалға берушi тендерге қатысушыдан объектiнiң қажеттiлiгiнiң техникалық-экономикалық негiздемесiн немесе оны пайдаланудың жұмыс жоспарын талап етуге құқылы;
Тармақша 4
4) шетелдiк заңды тұлғалар үшiн - қазақ және орыс тiлдерiнде нотариалды расталған аудармасымен құрылтайшы құжаттарының көшiрмесi.
Тармақ 10
10. Жалға берушi өтiнiмдердi қарау және ұсынылған құжаттар нәтижесi бойынша мынадай шешiмдердiң бiрiн қолданады:
Тармақша 1
1) мақсатты бағыты бойынша объектiнi бiр жылдан аспайтын мерзiмге шарттың мерзiмiн ұзарту құқығымен мүлiктiк жалға беру (жалдау) туралы;
Тармақша 2
2) үш жылдан аспайтын мерзiмге жалға алушыны осы объектi бойынша тендерлiк таңдаудан өткiзу туралы;
Тармақша 3
3) жазбаша түрде себептерi көрсетiлген бас тарту туралы; өтiнiм берушiге қойылатын талаптары қанағаттанарлық, екi немесе одан да көп өтiнiм болса, объектi мүлiктiк жалға (жалдауға) тек тендер қорытындысы бойынша берiлуi мүмкiн. Жылдан астам мерзiмге (үш жылға дейiн) объектiлердi мүлiктiк жалға беру (жалдау) тендерлiк негiзде жүргiзiледi.
Тармақ 11
11. Шаруашылық жүргiзу құқығымен жалға берушi ретiнде қатысушы коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорын жалдауға тапсырыс берушiге қойылатын талаптарды қанағаттандыратын өтiнiмдер түсу кезiнде, келесi шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
Тармақша 1
1) осы объектi бойынша тендерлiк таңдау өткiзу және тендер нәтижесi бойынша жалға алушыны анықтау туралы;
Тармақша 2
2) жазбаша түрде себептерi көрсетiлген бас тарту туралы.
Тарау 3. 3. Тендер өткiзу тәртiбi
3. Тендер өткiзу тәртiбi
Тармақ 12
12. Тендер өткiзу туралы шешiм қабылдау кезiнде жалға берушi:
Тармақша 1
1) тендер өткiзетiн күн мен орынды, оның талаптарын, сондай-ақ тендер жеңiмпазын таңдау өлшемдерiн белгiлейдi;
Тармақша 2
2) тендерлiк құжаттаманы бекiтедi;
Тармақша 3
3) тендер комиссиясын қалыптастырады;
Тармақша 4
4) кепiлдiк жарналарды қабылдайды;
Тармақша 5
5) тендер комиссиясы отырысының хаттамаларын бекiтедi;
Тармақша 6
6) тендер жеңiмпазымен мүлiктiк жалдау шартын жасасуды қамтамасыз етедi;
Тармақша 7
7) тендер аяқталғаннан кейiн тендерге қатысушыларға кепiлдiк жарналарын осы Ереженiң 27-тармағымен белгiленген басқа жағдайда қайтарады;
Тармақша 8
8) тендер өткiзу үшiн өзге де қажеттi функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 13
13. Тендердi ұйымдастырушы ретiнде жалға берушi әрекет етедi.
Тармақ 14
14. Тендерлiк комиссияның құрамына жалға берушiлер, баланс ұстаушылар немесе объектiнiң аумақтық тиiстiлiгiне қарай қала, аудан әкiмияттары, өзге мүдделi ұйымдар өкiлдерi кiредi, сондай-ақ тәуелсiз мамандар мен сараптамашылар тартылуы мүмкiн. Жалға берушiнiң өкiлi комиссия төрағасы болып табылады.
Тармақ 15
15. Жалға берушiнiң бұйрығымен комиссия құрамы бекiтiледi.
Тармақ 16
16. Тендерлiк комиссия келесi функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) мақсатты бағыты бойынша мүлiктiк жалға беру (жалдау) кезiнде ұқсас объектiлер үшiн белгiленген жалдау ақысы мөлшерлемесiнен төмен болмайтын, жалдау ақысынан төмен мөлшерлеменiң негiзгiсi болып табылатын тендер өткiзу шарттарын, оған қатысушыларға қойылатын талаптарын әзiрлеп, бекiтедi;
Тармақша 2
2) тендер жеңiмпазын анықтайды;
Тармақша 3
3) тендер нЎтижесi туралы хаттамаға қол қояды.
Тармақ 17
17. Жалға берушi тендер өткiзуге дейiн кемiнде 15 күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде тендер өткiзу туралы хабарлама жариялауды қамтамасыз етедi.
Тармақ 18
18. Тендер өткiзу туралы хабарламаға келесi мәлiметтер енгiзуi тиiс:
Тармақша 1
1) жалға берушi атауы және оның орналасу орны;
Тармақша 2
2) мүлiктiк жалға (жалдауға) берiлетiн объектi туралы мәлiмет;
Тармақша 3
3) жалдау мерзiмi;
Тармақша 4
4) кепiлдiк жарна салудың тәртiбi және мерзiмi, көлемi;
Тармақша 5
5) тендер шарттары және жеңiмпазды таңдау өлшемдерi;
Тармақша 6
6) тендер өткiзу орны, күнi, уақыты;
Тармақша 7
7) тендерге қатысуға өтiнiм қабылдаудың басталу, аяқталу мерзiмi, мекен-жайы;
Тармақша 8
8) тендерге қатысуға ресiмделу тәртiбi туралы мәлiметтер;
Тармақша 9
9) тендерге қатысу үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi;
Тармақша 10
10) тендерлiк құжаттаманы алатын және тендер объектiсiмен танысатын мекен-жай, мерзiмдерi мен шарттары;
Тармақша 11
11) жалға берушiнiң қарауы бойынша басқа ақпараттар.
Тармақ 19
19. Тендер құжаттамасы мынадай негiзгi бЈлiмдерден тұруы тиiс:
Тармақша 1
1) тендер объектiсi туралы мәлiмет;
Тармақша 2
2) өтiнiмнiң және онымен бiрге ұсынылатын құжаттар мазмұны бойынша талаптар;
Тармақша 3
3) тендер өткiзудiң талаптары, мерзiмi мен тәртiбi;
Тармақша 4
4) тендер жеңiмпазын таңдау өлшемдерi;
Тармақша 5
5) жалдау шартының жобасы;
Тармақша 6
6) тендерге қатысуға өтiнiмнiң үлгiсi.
Тармақ 20
20. Тендерге қатысушыларды тiркеу тендердi өткiзу туралы хабарлама шыққаннан кейiн жүргiзiледi және тендер өткiзуге бiр күн қалғанда аяқталады.
Тармақ 21
21. Үмiткер тендерге қатысуы үшiн жалға берушi белгiлеген мерзiмде мыналарды:
Тармақша 1
1) Үмiткердiң тендерге қатысуға келiсiмi және оның тендер шартын орындау мен жалдау шартын жасасу жөнiндегi мiндеттемесiн құрайтын өтiнiмiн (2-қосымша);
Тармақша 2
2) объектiнiң қажеттiлiгiнiң техникалық-экономикалық негiздемесiмен қоса желiмденген конвертке салынған тендер талаптары бойынша ұсыныстар;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары - нотариалдық куәландырылған жарғы көшiрмесi, заңды тұлғаның тiркелгенi туралы куәлiк, статистикалық карточкалар, салық төлеуге тiркелгенi туралы анықтама, сондай-ақ олардың өкiлеттiгiн растайтын уәкiлдiк;
Тармақша 4
4) шетелдiк заңды тұлғалар құрылтайшы құжаттарын мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiне аударылған аудармасымен нотариалдық куәландырып ұсынады;
Тармақша 5
5) жеке тұлғалар - төлқұжат немесе жеке басын куәландыратын өзге құжатын, салық төлеуге тiркелгенiн растайтын анықтамасын, ал жеке кәсiпкерлер олардан басқа, тиiстi құжаттар көшiрмесiн;
Тармақша 6
6) кепiлдiк жарнасын аударғаны туралы төлем тапсырмасының көшiрмесiн;
Тармақша 7
7) салық органынан бюджетке берешегiнiң жоқтығы жөнiндегi мәлiметiн;
Тармақша 8
8) хабарламада көрсетiлген өзге де құжаттарын ұсынуы керек.
Тармақ 22
22. Объектiлердi мүлiктiк жалға алуға (жалдауға) өтiнiмдi кез-келген заңды және жеке тұлғалар бере алады. Өтiнiмдер жалға берушiге берiледi.
Тармақ 23
23. Тендерге қатысушылар тендер өтетiнi туралы хабарламада көрсетiлген көлемде, мерзiмде және тәртiпте Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалға берушiнiң депозиттiк есепшотына кепiлдiк жарна енгiзедi.
Тармақ 24
24. Кепiлдiк жарна мөлшерi жалға берушiмен белгiленедi.
Тармақ 25
25. Тендерде жеңiп және мүлiктiк жалдау шартын жасаған тендерге қатысушының кепiлдiк жарнасы мүлiктiк жалға беру (жалдау) шарты бойынша тиiстi төлем шотына жатқызылады.
Тармақ 26
26. Жалға берушiмен кепiлдiк жарна қайтарылмайды:
Тармақша 1
1) тендер өткiзгенге дейiн үш күннен кем мезгiлде тендерге қатысудан жазбаша түрде бас тартқан тендерге қатысушыға;
Тармақша 2
2) тендер жеңiмпазының ұсыныстарына жауап беретiн шарттарда жалдау шартын жасасудан жеңiмпаз бас тартқан жағдайда тендер жеңiмпазына; Барлық қалған жағдайларда кепiлдiк жарна тендер аяқталғаннан кейiн 10 банктiк күннен кешiктiрiлмей, ал егер ақша жалға берушiнiң есепшотына түскен болса, онда олардың түскен күнiнен бастап 10 банктiк күн iшiнде қайтарылады.
Тармақ 27
27. Тендерге қатысушылар кепiлдiк жарнаның әртүрлi санын енгiзуге құқылы, бұл орайда бiр кепiлдiк жарна бiр объектiге тендерге қатысуға құқық бередi.
Тармақ 28
28. Талап етiлген құжаттардың толық жинағы болған жағдайда тендерге қатысуға тiлек бiлдiрушi тұлғалардың өтiнiмдерiн қабылдау және тiркеу жүргiзiледi.
Тармақ 29
29. Тендерге қатысушы:
Тармақша 1
1) тендерге жеке өзi немесе тиiстi дәрежеде ресiмделген сенiмхат негiзiнде өзiнiң өкiлдерi арқылы қатысуға;
Тармақша 2
2) тендерге шығарылған объектi бойынша нақтылауды, қосымша мәлiметтердi тегiн алуға;
Тармақша 3
3) объектiнi алдын-ала көруге;
Тармақша 4
4) құқықтары бұзылса сотқа шағымдануға;
Тармақша 5
5) тендердiң басталуына дейiн 3 күн қалғанда, ол туралы жалға берушiге жазбаша мәлiмдеп, қатысуға өтiнiмдi қайтарып алуға құқығы бар.
Тармақ 30
30. Егер өтiнiмдер қабылдау мерзiмiнiң аяқталу сәтiнде бiр ғана өтiнiм тiркелген болса (екiншi және келесi тендерлердi қоспағанда) тендер өтпедi деп танылады.
Тармақ 31
31. Тендер өтетiн күнi отырыста тендерлiк комиссия тендерге қатысушылардың ұсыныстары салынған конверттердi ашады және олардың ұсыныстарын жариялайды. Конверттердi ашар алдында комиссия олардың бүтiндiгiн тексередi, бұл тендер комиссиясы отырысының хаттамасында көрсетiледi. Конверттердi ашу және ұсыныстарды жариялау кезiнде тендерге қатысушылардың немесе олардың тиiстi дәрежеде ресiмделген уәкiлеттi өкiлдерiнiң қатысуға құқықтары бар.
Тармақ 32
32. Тендерлiк комиссия ұсынып отырған ұсыныстардың тендерлiк құжаттамада көрсетiлген талаптарға сәйкестiгiн тексередi. Ұсынылып отырған ұсыныстар тендерлiк құжаттамада көрсетiлген талаптарға сәйкес келмегенде, көрсетiлген ұсыныстар одан әрi қарауға жатпайды және мұндай өтiнiм берген тұлға тендерге қатысушы мәртебесiн жоғалтады, бұл тендерлiк комиссия хаттамасында көрсетiледi.
Тармақ 33
33. Тендерге қатысушылардың (олардың өкiлдерiнiң) ұсыныстарды талқылау және бағалау кезiнде қатысуға құқықтары жоқ.
Тармақ 34
34. Тендерлiк комиссияның шешiмi комиссия мүшелерiнiң жай көпшiлiк дауысымен қабылданады, дауыстар тең болған жағдайда тендер комиссиясы төрағасының дауысы шешушi болып табылады.
Тармақ 35
35. Тендерлiк комиссияның отырысы, егер оған тендерлiк комиссия мүшелерiнiң екi-үшеуi қатысса заңды деп саналады.
Тармақ 36
36. Тендер құжаттамасын құрайтын барлық талаптарға сай келетiн және объект үшiн ең жоғары жалдау ақысын ұсынған тендерге қатысушы тендер комиссиясының шешiмi бойынша тендер жеңiмпазы болып танылады.
Тармақ 37
37. Тендерлiк комиссияның қорытындысы тендер комиссиясының барлық мүшелерi қол қоятын хаттамамен ресiмделедi және жалға берушiмен бекiтiледi. Тендер жеңiмпазын белгiлейтiн хаттамаға тендерде жеңiп алушы тұлға қол қояды.
Тармақ 38
38. Хаттамада мынадай мәлiметтер:
Тармақша 1
1) тендер комиссиясының құрамы;
Тармақша 2
2) объектiнiң атауы;
Тармақша 3
3) объектiнiң техникалық сипаттамасы;
Тармақша 4
4) конкурс шарттары;
Тармақша 5
5) конкурсқа қатысушылар мен олардың ұсыныстар туралы мәлiметтер;
Тармақша 6
6) конкурсқа қатысушылар тiзiмi;
Тармақша 7
7) жалдау ақыға ұсынылған мөлшерлеме;
Тармақша 8
8) конкурс жеңiмпазы;
Тармақша 9
9) жалдау шартына қол қою бойынша екi тараптың мiндеттемелерi болуы қажет.
Тармақ 39
39. Тендер қорытындысы туралы хаттама көшiрмесi тендер жеңiмпазына берiледi және ол жалдау шартын жасау құқығын растайтын құжат болып табылады.
Тармақ 40
40. Тендер жеңiмпазының ұсыныстарына жауап беретiн жағдайда, тендер нәтижелерi туралы хаттама негiзiнде жеңiмпазбен жалдау шарты жасалады.
Тарау 4. 4. Мүлiктiк жалға беру (жалдау) шарты
4. Мүлiктiк жалға беру (жалдау) шарты
Тармақ 41
41. Жалға алушымен тендер хаттамасына қол қойылған күннен бастап кемiнде 10 күнтiзбелiк күн мерзiмде жалдау шарты жасалған немесе мақсатты бағыты бойынша объектiнi мүлiктiк жалға беру (жалдау) туралы шешiмi қабылданғаннан күннен бастап 30 күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмде баланс ұстаушы жалға алушыға объектiнi алыс-берiс актiсi бойынша бередi.
Тармақ 42
42. Тендер жеңiмпазының ұсыныстарына жауап беретiн талаптарда тендер объектiсiнiң жалдау шартын жасасудан жеңiмпаз бас тартса, жалға берушi қалған тендерге қатысушылар iшiнен жеңiмпазды анықтауға (егер қалғандар саны екеуден кем болмаса) немесе жаңа тендер өткiзуге шешiм қабылдауға құқылы.
Тармақ 43
43. Жалдау шартында мiндеттi түрде мынадай ережелер болуы тиiс:
Тармақша 1
1) объектiнiң техникалық сипаттамасы;
Тармақша 2
2) жалға берiлген мүлiктiң жалдаушыға тапсырған мерзiмi мен шарттың iске асу мерзiмi;
Тармақша 3
3) жалға алынған мүлiктi пайдалану ақысын енгiзу тәртiбi, көлемi және мерзiмi;
Тармақша 4
4) жалға алушының құқығы: жалға берушiнiң келiсiмiмен егер өзгелерi заңнама актiлерiнде белгiленбесе, жалға алынған мүлiктi қосымша жалға беру (қосалқы жалға беру), жалдау шарты бойынша өзiнiң құқықтары мен мiндеттерiн басқа тұлғаға (қосымша жалдау) алып беру, жалданған мүлiктi өтеусiз пайдалануға ұсыну, сондай-ақ бұл құқықтарды кепiлдiкке беру, оларды акционерлiк қоғамдардың, шаруашылық серiктестiктiң жар¬ылық капиталына салым немесе өндiрiстiк кооперативке жарна ретiнде енгiзуге құқығы бар. Көрсетiлген жағдайларда, қосымша жалдауды қоспағанда, шарт бойынша жалға берушi алдында жауапты жалға алушы болып қалады;
Тармақша 5
5) Жалға алушының мiндеттемелерi: объектiнi тиiстi тәртiпте ұстау, объектiге немесе онда орналасқан инженерлiк коммуникацияға зақым келтiруi мүмкiн әрекеттердi жасамау; егер өзгелерi заңда немесе шартта көзделмесе, мүлiктi дұрыс жағдайда ұстап, өз есебiнен күнделiктi жөндеу жүргiзiп және мүлiктi күтуi бойынша шығындарды көтередi; жалға берушiнiң алдын-ала жазбаша рұқсатынсыз объектiнi, онда орналасқан желiлер мен коммуникацияларды қайта жоспарлауды мен қайта жабдықтауды жүзеге асырмау; жалға берушiнiң, санитарлық қадағалау қызметiнiң және ғимараттарды пайдалану мен ұстап-күту тәртiбiне қатысты заңнама мен өзге де нормалардың сақталуын бақылайтын басқа да мемлекеттiк органдар өкiлдерiнiң объектiге және оған жақын орналасқан жер учаскесiне кiруiне рұқсат беру, көрсетiлген олқылықтарды олар белгiлеген мерзiмде жою; шартта белгiленген мезгiлде, көлемде, тәртiпте, жалдау ақысын енгiзедi; объектiнi шартта белгiленген мезгiлде қанағаттанарлық жағдайда қайтарады; объектiнi шарт талаптарына сәйкес пайдалану; объектiнi өз кiнәсiнен бүлдiрген жағдайда, оның жөндеуiн өз есебiнен қамтамасыз етедi; жалдау шартында немесе заңнамаларында көзделген өзге мiндеттемелер;
Тармақша 6
6) Жалға берушiнiң мiндеттемелерi: шартта белгiленген мерзiмде объектiнiң алыс-берiс актiсi бойынша баланс ұстаушылармен жалға алушыға берудi қамтамасыз ету; шартта белгiленген тәртiппен объектiнi иеленуде және пайдалануда жалға алушыға кедергi келтiретiн әрекет жасамау;
Тармақша 7
7) шартты мерзiмiнен бұрын бұзу негiздерi мен талаптары; жалға алушыны заңды тұлға ретiнде тарату; жалға алушының жалдау шарты талаптарын бұзуы; заң актiлерi немесе шартта көзделген жағдайда, жалға берушi мен жалға алушы талаптары бойынша; егер шартта белгiленген мерзiмi өтiп, екi реттен астам мүлiктi пайдалану ақысын жалға алушы төлемесе; Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шартта көзделген өзге жағдайларда.
Тармақ 44
44. Бiр жылдан астам мерзiмге жасалатын жалдау шарты мемлекеттiк тiркеуге жатады.
Тармақ 45
45. Мүлiктiк жалға (жалдауға) сәулет, тарих және мәдени ескерткiштердi беру кезiнде жалдау шартына объектiлердi сәулет, тарих және мәдениет ескерткiштерi ретiнде сақтауға бағытталған ережелер қосымша қосылады.
Тармақ 46
46. Барлық жалданған мүлiкке оның әр құрамды тұтас немесе бөлек бөлiктерi бойынша төлемнiң тұрақты сомасында енгiзiлетiн дүркiн-дүркiн немесе бiр жолғы төлем белгiленедi, бұл жалдау шартында көрсетiледi.
Тармақ 47
47. Егер мүлiктiк жалдау шартында өзгелерi көзделмесе, мүлiктi пайдаланғаны үшiн жалдау ақы мөлшерi жылына бiр өзгеруi мүмкiн,.
Тармақ 48
48. Мемлекеттiк мекеме балансындағы, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын объектiлердi мүлiктiк жалға беру (жалдау) кезiнде жалдау ақысы объектiнiң орналасу орны бойынша тиiстi жергiлiктi бюджетке аударылады. Коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорнының шаруашылық жүргiзуiндегi объектiлердi мүлiктiк жалға беру (жалдау) кезiнде жалдау ақысы кәсiпорын кiрiсiне қосылады.
Тармақ 49
49. Егер шартта өзгелерi көзделмесе, жалға алушының жүргiзген объектiлердiң бөлiнетiн жақсартылуы, оның меншiгi болып табылады. Егер өзгелерi заңнамада мен шартта көзделмесе, жалға берушiнiң келiсiмiнсiз жалға алушы жүргiзген бөлiнбейтiн жақсарту құны қайтарып алуға жатпайды.
Тармақ 50
50. Объектiнi жалға беру жалға берушiнiң қатысуымен жалға алушының (немесе объектiнiң аймақтық қарамағы бойынша (немесе әкiм (әкiм орынбасарлары) немесе қала, аудан әкiмияттары өкiлдерiмен) баланс ұстаушыларымен алыс-берiс актiсi бойынша жүргiзiледi, онда мыналар көрсетiледi:
Тармақша 1
1) акт жасалған күн мен орны;
Тармақша 2
2) құжаттардың атауы және деректемелерi;
Тармақша 3
3) жалдау шартына қол қойылған күнi мен нөмiрi;
Тармақша 4
4) табылған ақаулықтар тiзбесiмен қоса, берiлетiн объектiнiң техникалық жағдайы;
Тармақша 5
5) келiсушi тараптар мөрiмен расталған өкiлдер қолдары. Жалға берушiге, екiншiсi - жалға алушыға, Үшiншiсi - баланс ұстаушыға (немесе қала, аудан әкiмияттары өкiлдерiне) берiледi.
Тарау 5. 5. Коммуналдық меншiк объектiлерiн пайдалануға жалдау ақысы мөлшерiн есептеу мен анықтау тәртiбi
5. Коммуналдық меншiк объектiлерiн пайдалануға жалдау ақысы мөлшерiн есептеу мен анықтау тәртiбi
Тармақ 5.1
5.1. Жалпы ережелер
Тармақ 51
51. Жалдау ақысы мөлшерiн есептеу және анықтау кезiнде қолданылған көрсеткiштер және олардың қолданылуы жаңа нормативтiк актiлердi iске өзгерту мен енгiзу шамасына қарай түзетiледi.
Тармақ 52
52. Әлеуметтiк маңызы бар газ құбырларын, су құбырларын және басқа коммуналдық-тұрмыстық шаруашылықтағы объектiлердi жалға беру (жалдау) кезiнде айлық жалдау ақысы мөлшерлемесi олардың қалдық құнынан 0,1 пайыз көлемiнде белгiленуi мүмкiн.
Тармақ 5.2
5.2. Мемлекеттiк мүлiктi пайдалануға жалдау ақысы
Тармақ 53
53. Тұрғын үйге жатпайтын орын-жайды және жабдықтарды пайдаланғаны үшiн жалдау ақысына коммуналдық қызмет, ағымдағы жөндеуге аударылған, орын-жай мен жабдықтардың қызмет көрсетуiнiң төлемдерi енгiзiлмейдi. Бұл төлемдердi жалға алушы тiкелей қызмет көрсетушiлерге төлейдi. Тұрғын үйге жатпайтын орын-жайды және жабдықтарды пайдаланғаны үшiн жалдау ақысына бiр жылдан аспайтын мерзiмде салық төлемi (үстеме құнға салынатын салық, кiрiс салығы және т.б.), сондай-ақ жердi пайдалану құқығының құны немесе жалданатын орын-жайға қатысты жер учаскесiнiң жалдау ақысы қосылмайды. Мемлекеттiк тұрғын үйге жатпайтын қордың орын-жайын ұзақ мерзiмдi жалдау кезiнде немесе оны сатуда жер учаскесiн жалдау немесе сату құнын Жер ресурстарын басқару бойынша комитетпен оларды анықтағаннан кейiн бағалау жоспарын есепке алумен өндiрiлiп алынады.
Тармақ 54
54. Нақты тұрғын үй орын-жайын пайдаланудың айлық жалдау ақысының мөлшерi айлық есептiк көрсеткiшiнiң мөлшерлемесi негiзiнде анықталады және коэффициенттердi есепке алумен (орын-жайды пайдалану сипаттамасы, коммуникацияның бар болуы, аймақтық орналасуы, жалға алушы қызметiнiң түрi) есептеледi. Егер мүлiктiк жалға (жалдауға) едәуiр тозған, бос тұрған және жөндеу қажет ететiн жабдық, ғимарат (орын-жай) берiлетiн болса, ал жалға алушы қызметiнiң саласы облыс, аудан, қалаларды қамтамасыз етудiң коммуналдық-тұрмыс саласына қатысты және тұрғын халық үшiн әлеуметтiк маңызы болған жағдайда, жалға берушi айлық жалдау ақысының жеке баға мөлшерiн белгiлеуге құқылы.
Тармақ 55
55. Айлық жалдау ақысының алғашқы мөлшерi (жалдау мерзiмiнiң алғышартында анықталған) шартқа сәйкес бекiтiледi.
Тармақ 56
56. Тараптар жалға алушыға жалдау ақысы төлемi есебiнен өндiрiстiк шығындарды есептеу талабымен жалға берiлген мүлiктiң жақсартылуын жүктеудi шартта қарастыруы мүмкiн.
Тармақ 57
57. Жалдау ақысының төменгi мөлшерi бiр айлық есептiк көрсеткiштен төмен болмауы керек.
Тармақ 5.3
5.3. Мемлекеттiк тұрғын үйге жатпайтын қор объектiсiнiң жалпы ауданының 1 шаршы метрiне жылдық жалдау ақысының бағасын анықтау
Тармақ 58
58. Мемлекеттiк тұрғын үйге жатпайтын қордың тұрғын үйге жатпайтын орын-жайының жалпы ауданының 1 шаршы метрiне жылдық жалдау ақысының бағасы әр нақты орын-жай үшiн оның аймақтық зонасының мәртебесiн есепке алумен, инженерлiк коммуникацияларының және басқа да есепке алынатын факторлардың болуымен анықталады.
Тармақ 59. Жеделдетiлген амортизацияның К1 коэффициентiнiң маңызы
59. Мүлiктiк жалға (жалдауға) берiлетiн жалпы ауданның жылдық жалдау ақысының бағасының маңызын анықтау үшiн формула мына түрде ұсынылады: Жалдау ақысы=Ек x К1 x К2 x К3 x К4 x К5 x S мұнда, Ек- жалдау ақысының базалық мөлшерлемесi (1/2 айлық есептiк көрсеткiшi) К1 - жеделдетiлген амортизация коэффициентi К2 - қала, аудандарға аймақтық тиiстi ғимаратты есепке алушы коэффициент К3 - ғимараттың орналасқан жерiнiң мәртебесiн есепке алушы коэффициент К4 - ғимараттың техникалық жағдайын және инженерлiк коммуникациясын есепке алушы коэффициент К5 - орын-жайды жалға беру кезiнде жалға алушы қызметiнiң түрiн есепке алушы коэффициент Жеделдетiлген амортизацияның К1 коэффициентiнiң маңызы № Объектідегі жұмыс ұзақтығы К1 1. Тәулігіне 8 сағатқа дейін 1 2. Тәулігіне 12 сағатқа дейін 1,5 3. Тәулігіне 24 сағатқа дейін 2,0 Қала, аудандарға аймақтық тиiстi ғимаратты есепке алушы К2 коэффициентiнiң маңызы № Аймақтық зонасы К2 1. Атырау қаласы және облыстың басқа қалалары 3 2. Аудан орталықтары 2 3. Қалған аймақтар 1 Ғимараттың орналасқан жерiнiң мәртебесiн есепке алушы К3 коэффициентiнiң маңызы № Қаладағы ғимараттың орналасқан жері К3 1. Тарих мәдениет ескерткіші болып табылатын ғимараттағы орын-жайлар 2 2. Қаланың орталық бөлігі 1,5 3. Қаланың басқа бөлігі 1,2 * Ескерту. Атырау қаласының орталық бөлiгiне Жайық өзенiнiң жағасы, Азаттық даңғылы, Сәтбаев даңғылы, Махамбет көшесi, Абай көшесi қатысты. Орын-жайдың техникалық жағдайын және онда инженерлiк коммуникациясының болуын есепке алушы К4 коэффициентiнiң маңызы № Жабдықталу дәрежесі, техникалық жағдайы, инженерлік коммуникациясының болуы К4 1. Жайлы жабдықталған (барлық жағдайы болған кезде) 1,5 2. Жайлы жабдықталған (барлық жағдайы болған кезде, бірақ ыстық сумен жабдықталуы жоқ) 1,3 3. Инженерлік коммуникацияларынсыз (ыстық сумен жабдықталу, канализацияның болмауы кезінде, бірақ электрмен жабдықталудың болуы) 1,2 4. Бос тұрған ғимарат (қажетті коммуникацияның болмауы) 1,0 Жалға алушы қызметiнiң түрiн есепке алушы К5 коэффициентiнiң маңызы № Қызмет түрі К5 1. Өнеркәсіптік, азық-түлік және басқа тауарлар саудасы бойынша тауарлы-коммерциялық, жабдықтау-тұрмыстық қызметтер 2,0 2. Тұрғын халыққа қызмет көрсету: - шаштараздық, фотографиялық, киімдерді, аяқ киімдерді тігу мен жөндеу, заң қызметін көрсету 1,2 3. Қоғамдық тамақтану 1,2 4. Кондитерлік және кулинарлық жартылай фабрикаттар, азық-түлік тағамын дайындау 1,1 5. Өнеркәсіптік тауарларды өндіру және өндірістік-техникалық бағыттағы қызмет көрсету 1,6 6. Жасанды тіс қызметінен басқа емдеу-профилактикалық қызмет, медициналық қызмет көрсету 0,7 7. Жасанды тіс қызметі 1,1 8. Қоғамдық қызмет 0,4 9. Білім қызметі 0,6 10. Банктік, сақтандыру қызметі, жинақтаушы зейнетақы қоры 2,0 11. Қоймалар орын-жайы, гараждар 0,7 12. Мемлекеттік кәсіпорындар үшін 0,2 13. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін 0 14. Қызметтің басқа түрлері 1,0 *Ескерту: Ауданы 70 шаршы метрден жоғары бөлiгiнен асып кететiн орын-жайды және жеке тұрған ғимараттарды мүлiктiк жалға беру (жалдау) кезiнде түзету 0,5 коэффициентi қолданылады.
Тармақ 5.4. Жалдау объектiлерiнiң барлық ауқымы баланстық құны шамасы бойынша топтастырылады және өзiнiң тиiстi коэффициентiнiң әр жолы үшiн анықталады:
5.4. Жабдық пен көлiктi жалдау ақысы мөлшерлемесiн анықтау Жалдау мөлшерлемесiн анықтау үшiн формула: мұнда, Жалдау ақысы=Ек х К1 х К2 х К3 х К4 Екі-айлық есептiк көрсеткiш К1 - баланстық құнының коэффициентi К2 - аймақтандырудың аумақтық коэффициентi К3 - техникалық жағдайының коэффициентi К4 - жеделдетiлген амортизацияның коэффициентi Жалдау объектiлерiнiң барлық ауқымы баланстық құны шамасы бойынша топтастырылады және өзiнiң тиiстi коэффициентiнiң әр жолы үшiн анықталады: Баланстық құны, К1 коэффициентiнiң маңызы № Баланстық құны К1 1. 100 мың теңгеге дейін 1,0 2. 100 мыңнан 250 мың теңгеге дейін 1,25 3. 250 мыңнан 750 мың теңгеге дейін 1,75 4. 750 мыңнан 1500 теңгеге дейін 2,0 5. 1500 мыңнан 5000 мың теңгеге дейін 2,5 6. 5000 мыңнан 10000 теңгеге дейін 3,0 7. 10000 мыңнан 25000 мың теңгеге дейін 4,5 8. 25000 мыңнан 50000 мың теңгеге дейін 10,0 9. 50000 мыңнан 75000 мың теңгеге дейін 15,0 10. 75000 мың теңгеден жоғары 25,0 Аймақтандырудың аумақтық К2- коэффициентiнiң маңызы № Аймақтық зонасы К2 1. Атырау қаласы және облыстағы басқа қалалар 1,25 2. Аудан орталықтар 1,0 3. Қалған аймақтар 0,75 Жабдықтың техникалық жағдайын есепке алушы К3 коэффициентi маңызы № К3 1. Жөнделген пайдалану 1,5 2. Жөнделген пайдаланылмаған 1,0 3. Жөнделмеген 0,75 Жеделдетiлген амортизация К4 коэффициентiнiң маңызы № Жабдықтарды пайдалану ұзақтығы К4 1. Тәулігіне 8 сағатқа дейін 1,0 2. Тәулігіне 12 сағатқа дейін 1,5 3. Тәулігіне 24 сағатқа дейін 2,0
Тармақ 6
6. Дауларды шешу
Тармақ 60
60. Осы Ережеде реттелмеген мәселелерге жалдау шартының тараптары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама нормаларын басшылыққа алады.
Тармақ 61
61. Объектiнi жалдауға беру кезiнде шарт жөнiнде туында¬ған даулар екi тараптың өзара келiсiмiмен немесе сот тәртiбiмен қаралады.
Тармақ 62
62. Жалдау шартының бұзылғаны үшiн тараптар қолданыстағы заңнама мен шартқа сәйкес жауапты болады.
Тармақ 63
63. Шарт талаптары жүйелi бұзылған жағдайда жаңа мерзiмге жалдау шартын жасасуда басқа тұлғалар алдында жалға алушы артықшылық құқығын жоғалтады.
Тармақ 64
64. Шарт талаптарында қарастырылған жағдайда келiсушi тараптар жауапкершiлiктен босатылады.
Басқа 158
Коммуналдық меншіктегі объектілерді мүліктік жалға беру ережесiне № 1 қосымша Кімге ____________________________________________________________ (Жалға алушының атауын, қызметiн және басқарушы аты-жөнi, тегiн толық көрсету) Кiмнен ___________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауын немесе жеке тұлға аты-жөнi, тегi, __________________________________________________________________ орналасу орны немесе мекен-жайын толық көрсету) СТН ________________________________________________ Тел: _______ (заңды және жеке тұлға) Мүлiктi жалға алуға (жалдауға) өтiнiм Сiзден осы өтiнiммен ұсынылатын құжаттарды қарап және тұрғын үйге жатпайтын мемлекеттiк қордағы, төмендегi мекен-жайда орналасқан орын-жайды мүлiктiк жалға беру (жалдау) туралы шешiм қабылдауыңызды өтiнемiн. ___________ жалпы ауданы ______________________ шаршы метрi ______ __________________________________________________________________ ____________________________________________________________ үшiн (қызмет түрiн көрсету) 200__жылдың "__" _____ мерзiмiнен 200__жылдың "___" ______ дейiн. ___________________________ 200__ жылдың "___" _________ (басшы қолы және заңды тұлғаның мөрi немесе жеке тұлға қолы) Ескерту: жалдау өтiнiмiне тiркеледi: объектiнiң қажеттiлiгiнiң техникалық-экономикалық негiздемесiн; Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары үшiн - жарғының (ереже) нотариалды куәландырылған көшiрмесi; заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк көшiрмесi және статистикалық карточкасы, сондай-ақ олардың өкiлеттiгiн растайтын уәкiлдiк құжаты; шетел заңды тұлғалары үшiн- құрылтайшы құжаттарының орыс тiлiндегi аудармасымен нотариалды расталған көшiрмесi; жеке тұлғалар үшiн - төлқұжат немесе өзге жеке басты куәландыратын құжат және олардың көшiрмелерi, ал жеке кәсiпкерлер үшiн, олардан басқа тиiстi құжат және оның көшiрмесi.
Басқа 159
Коммуналдық меншіктегі объектілерді мүліктік жалға беру ережесiне № 2 қосымша Кiмге ____________________________________________________________ (Жалға алушының толық атауын көрсету) Кiмнен ___________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауын немесе тендерге қатысушы __________________________________________________________________ жеке тұлға аты-жөнi, тегi, орналасу орны немесе мекен-жайын көрсету) СТН _______________________________________________ Тел: ________ Тендерге қатысуға өтiнiм 1. Тендер тақырыбы бойынша мәлiметтердi зерделеп __________________ ___________________________________________________________________ (мекеменiң толық атауын немесе тендерге қатысушы жеке тұлғаның аты-жөнi, тегi) ___________________________________________________________________ келесi тендер тақырыбы бойынша тендерге қатысуға өтiнiш бiлдiредi, 1)_________________________________________________________________ (жалданған орын-жай немесе объектiнiң атауын және оның мекен-жайын көрсету, 2)_________________________________________________________________ басқа мәлiметтер) Тендер өткiзу шартымен қарал¬ан кепiлдiк жарна сомасын (________________ (сомасы жазумен) ________________________) теңге көлемiнде енгiзуге және тендерге қатысуға келiсемiн. 2. Тендер өткiзу шартымен және тендерге қатысушы құқығымен таныстым, тендер шартын орындауға, жеңген жағдайда мүлiктiк жалға беру (жалдау) шартын жасасу¬а мiндеттенемiн. __________________________________ (Аты-жөнi,тегi.қызметi) __________________________________ 200__ жылдың "___"_________ (қолы, заңды тұлғалар үшiн-мөрi) Қосымша: 200__ жылдың "___"___________№ _______кепiлдiк жарна сомасын (_________________________________________________) (сомасы жазумен) теңге мөлшерiнде енгiзгенi туралы төлем құжаты.