О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившими силу некоторых решений акима Шетиргизского сельского округа
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившими силу некоторых решений акима Шетиргизского сельского округа
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын алу және Шетырғыз ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдерінің күшін жою туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 15
- Қабылданған күні
- 18.11.2020
- Көрсетілген редакция
- 18.11.2020 148806_492793.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.11.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20CMJ07676
- ЭКБ идентификаторы
- 148806
- Редакция идентификаторы
- 148806_492793
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 11:41
0 Шектеу іс-шараларын алу және Шетырғыз ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдерінің күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шалқар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2020 жылғы 5 қарашадағы № 16-8/148, № 16-8/149, № 16-8/150 ұсыныстары негізінде, Шетырғыз ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Мүйізді ірі қара малдары арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты Шетырғыз ауылдық округінің келесі аумақтарында белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын:
1 1) «Қуаныш» және «Елеукен» шаруа қожалықтарының,
2 2) Тұмалыкөл ауылының Тәуелсіздік көшесінде орналасқан № 14, № 16 үйлер және Достық көшесінде орналасқан № 5 үй аумағындағы.
2 2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Шетырғыз ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3 3. «Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шетырғыз ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Шалқар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5 5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
10 Шетырғыз ауылдық округі әкімінің
2020 жылғы 18 қарашадағы
№ 15 шешіміне қосымша
Күші жойылды деп танылатын Шетырғыз ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдерінің тізбесі