Құжат мәтініне өту

Об установлении ограничительных мероприятий

Өзге акт · № 4 · қабылданған 23.11.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-148892/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об установлении ограничительных мероприятий Күшін жойған Өзге акт ·№ 4 ·23.11.2020
12.03.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении ограничительных мероприятий

Күшін жойған Өзге акт ·№ 4 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении ограничительных мероприятий
Атауы (қаз.)
Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
4
Қабылданған күні
23.11.2020
Көрсетілген редакция
12.03.2021 148892_513640.kaz
Соңғы өзгеріс
12.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20NPC09583
ЭКБ идентификаторы
148892
Редакция идентификаторы
148892_513640
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 11:37

0 Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Науырзым аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 3 қарашадағы № 01-20/369 ұсынысы негізінде Науырзым ауданы Дәмді ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қостанай облысы Науырзым ауданы Дәмді ауылдық округі Мереке ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

2 2. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі

санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Қостанай облысы
санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Науырзым аудандық
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Науырзым аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотия ошағында ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізу үшін қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу ұсынылсын.

3 3. «Науырзым ауданы Дәмді ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Науырзым ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5 5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы