Құжат мәтініне өту

О снятии карантина

Қаулы · № 320 · қабылданған 24.11.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-148900/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О снятии карантина Қолданыста Қаулы ·№ 320 ·24.11.2020
24.11.2020 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.11.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О снятии карантина

Қолданыста Қаулы ·№ 320 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О снятии карантина
Атауы (қаз.)
Карантинді тоқтату туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
320
Қабылданған күні
24.11.2020
Көрсетілген редакция
24.11.2020 148900_493513.kaz
Соңғы өзгеріс
24.11.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20S0006701
ЭКБ идентификаторы
148900
Редакция идентификаторы
148900_493513
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 11:34

0 Карантинді тоқтату туралы

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 7-1/86 «Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10414 болып тіркелді) бекітілген Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларының 8-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, «Карантинді алып тастау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бас инспекторының 2020 жылғы 23 қарашадағы № 01-04/1189 ұсынымы негізінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Құс тұмауы ауруын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенінің аяқталуына байланысты мына елді мекендерде карантин тоқтатылсын:

Қызылжар ауданы Бескөл ауылдық округінің Бескөл ауылы;
Қызылжар ауданы Лесной ауылдық округінің Глубокое ауылы;
Қызылжар ауданы Лесной ауылдық округінің Пресновка ауылы.

2

2. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Карантин белгілеу туралы» 2020 жылғы 19 қыркүйектегі № 246 қаулысы (2020 жылғы 19 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6539 болып тіркелді) қосымшасының 20, 22, 27 - тармақтарының күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы