О снятии карантина
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии карантина
- Атауы (қаз.)
- Карантинді тоқтату туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 7
- Қабылданған күні
- 25.11.2020
- Көрсетілген редакция
- 25.11.2020 148921_493454.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.11.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20BII08168
- ЭКБ идентификаторы
- 148921
- Редакция идентификаторы
- 148921_493454
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 11:33
0 Карантинді тоқтату туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабына сәйкес, Ерейментау ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 20 қарашадағы № 01-30-547 ұсынуы бойынша, Тайбай ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қарасан жұқпалы ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс- шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты, Ерейментау ауданы Тайбай ауылдық округінің Елтай ауылы аумағында карантин тоқтатылсын.
2
2. Ерейментау ауданы Тайбай ауылдық округі әкімінің «Карантин белгілеу туралы» 2020 жылғы 29 қазандағы № 6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8105 болып тіркелген, 2020 жылғы 30 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.