Об установлении публичного сервитута
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута
- Атауы (қаз.)
- Жария сервитутты белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 71/01
- Қабылданған күні
- 25.11.2020
- Көрсетілген редакция
- 25.11.2020 149153_494543.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.11.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20KQ006110
- ЭКБ идентификаторы
- 149153
- Редакция идентификаторы
- 149153_494543
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 11:33
0 Жария сервитутты
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17, 69, 71-1-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес, Шет ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес заңды тұлғаларға жария сервитуты белгіленсін.
2 2. «Шет ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Шет ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын;
3 3) осы қаулының қосымшасында көрсетілген заңды тұлғалармен жария сервитуты туралы шарттар жасасу.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шет ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Шет ауданы әкімі
2020 жылғы 25
қарашасы
№ 71/01
қаулысына
қосымша
№
Жария сервитутты алушы
Жер учаскесінің орналасқан жері
Жалпы көлемі,
га
Жария сервитутының мерзімі
Нысаналы мақсаты
1
«ТАУКЕН ТАС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Шет ауданының Ақшатау кенті мен Кеншоқы ауылдық округінің жерлері
5300,0
2025 жылдың 8 ақпанына дейін
Пайдалы
қазбаларды барлау жұмыстары
2
«QAZIRON»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Шет ауданының Шет ауылдық округі мен Шет ауылдық округінің Үңірек ауылы жерлері
1363,23
2026 жылдың 1 маусымына дейін
Пайдалы қазбаларды барлау жұмыстары
3
«MININGMETALL»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Шет ауданының Өспен ауылдық округі, Өспен ауылдық округінің Өспен және Айыржал ауылдары жерлері
1821,5
2026 жылдың 1 маусымына дейін
Пайдалы қазбаларды барлау жұмыстары