Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня заболеваний, связанных с воздействием ионизирующего излучения, и правил установления причинной связи

Бұйрық · № ҚР ДСМ-217/2020 · қабылданған 30.11.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-149205/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении перечня заболеваний, связанных с воздействием ионизирующего излучения, и правил установления причинной связи Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-217/2020 ·30.11.2020
30.11.2020 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.11.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня заболеваний, связанных с воздействием ионизирующего излучения, и правил установления причинной связи

Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-217/2020 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня заболеваний, связанных с воздействием ионизирующего излучения, и правил установления причинной связи
Атауы (қаз.)
Иондаушы сәулеленудің әсерімен байланысты аурулардың тізбесін және себептік байланысты анықтау қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
ҚР ДСМ-217/2020
Қабылданған күні
30.11.2020
Көрсетілген редакция
30.11.2020 149205_494966.kaz
Соңғы өзгеріс
30.11.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000021697
ЭКБ идентификаторы
149205
Редакция идентификаторы
149205_494966
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 11:24

0 Иондаушы сәулеленудің әсерімен байланысты аурулардың тізбесін және себептік байланысты анықтау қағидаларын бекіту туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 7-бабының 76) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Мыналар:

1 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Иондаушы сәулеленудің әсерімен байланысты аурулардың тізбесі;

2 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Себептік байланысты анықтау қағидалары бекітілсін.

2

2. «Иондаушы сәулелену әсерімен байланысты аурулардың тізбесін және себептік байланысын анықтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 10 сәуірдегі ҚР ДСМ-24 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №18499 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2019 жылғы 11 сәуірде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Иондаушы сәулеленудің әсерімен байланысты аурулардың тізбесі

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 30 қарашасы
№ ҚР ДСМ-217/2020
Бұйрығына 1- қосымша
Иондаушы сәулеленудің әсерімен байланысты
аурулардың тізбесі

1 1. Жіті радиациялық зақымданудан туындаған аурулар:

1 1) жіті және созылмалы сәулелік ауру;

2 2) сәулелік катаракта;

3 3) сәулелiк дерматит және күйiктер;

4 4) сәулелiк гипотиреоз;

5 5) сәулелiк аутоиммундық тиреоидит.

2 2. Тікелей радиациялық әсерге ұшыраған адамдарда және олардың балаларында ауру туындаған және күшейген кезде мынадай тиімді дозада иондаушы сәулеленудің әсерімен себептік байланыс анықталуы мүмкін:

1 1) жіті лейкоз – 5 бэр (сЗв);

созылмалы лейкоз (созылмалы лимфолейкозды қоспағанда), миелодиспластикалық синдром – 10 бэр (сЗв);
қатерлі лимфома – 15 бэр (сЗв);
қомақты қатерлi ісіктер – 20 бэр (сЗв);

2 2) 35 бэр (сЗв) және одан жоғары:

жүрек-тамырлық жүйенің аурулары: жүректiң ишемиялық ауруы, асқынған артериялық гипертония;
қан және қан өндіру ағзаларының аурулары: агранулоцитоз, гипопластикалық және апластикалық анемия;
қалқанша безі аурулары (аутоиммундық тиреоидит, диффуздық түйiндi зоб);
сүйек-бұлшық ет жүйесiнiң дегенерациялық-дистрофиялық зақымдануы (инфекциялық және жарақаттану генезiнен басқа);
жарақаттық, тамырлық және инфекциялық генездің энцефалопатиясына негізделмеген ақыл-ой кемістігі;
микроцефалия;
бет бассүйегінің даму кемiстiктерi;
сүйек-бұлшық ет жүйесiнiң даму кемiстiктерi.

3 3. Сәулеленген ата-аналардан туған адамдарда аурулар туындаған немесе күшейген кезде тиімді мөлшер (жеке немесе ата-аналарының тиімді доза ескере отырып) әсер еткен кезде иондаушы сәулеленудің әсерімен себептік байланыс анықталуы мүмкін:

1 1) 10 бэр (сЗв) және одан жоғары:

жіті миелоидтік лейкоз;
жіті лимфоидтік лейкоз;
созылмалы миелоидтік лейкоз;

2 2) 25 бэр (сЗв) және одан жоғары:

өкпенің қатерлі ісігі;
сүт безінің қатерлі ісігі;
асқынған артериялық гипертония;
жүректің асқынған ишемиялық ауруы;
микроцефалия;
бет бассүйегінің даму кемістіктері;
жарақаттық, тамырлық және инфекциялық генездің энцефалопатиясына негізделмеген ақыл-ой кемістігі.

4 4. Аталары мен әжелерінің тиімді сәулелену дозасы 25 бэр(сЗв) және одан жоғарыны құрайтын ұрпақтардағы аурулар:

жіті миелоидтік лейкоз;
жіті лимфоидтік лейкоз;
созылмалы миелоидтік лейкоз;
бет бассүйегінің даму кемістіктері;
жарақаттық, тамырлық және инфекциялық генездің энцефалопатиясына негізделмеген ақыл-ой кемістігі.

2 Себептік байланысты анықтау қағидалары

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 30 қарашасы
№ ҚР ДСМ-217/2020
Бұйрығына 2-қосымша
Себептік байланысты анықтау қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы себептік байланысты анықтау қағидалары (бұдан әрі-Қағида) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 7-бабының 76) тармақшасына сәйкес әзірленді және иондаушы сәулеленудің әсерімен байланысты аурулардың себептік байланысын анықтау тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

1

1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсету сапасы саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

2 2) иондаушы сәулелену – ортамен өзара іс-қимыл кезiнде әртүрлi белгiлердегi иондар түзетiн, зарядталған, зарядталмаған бөлшектер мен фотондардан тұратын сәулелену;

3 3) орталық ведомствоаралық сараптама кеңесі (бұдан әрі – ОВСК) өтініш беруші ӨСК-нің қорытындысымен келіспеген жағдайда сараптамалық-консультациялық қызметті жүзеге асыратын тұрақты жұмыс істейтін орган;

4

4) өңірлік сараптама кеңесі – денсаулық сақтау ұйымдарының бейінді мамандарынан қалыптастырылатын, радиациялық сәулеленуге ұшыраған адамдарда аурулардың, өлімнің иондаушы сәулеленудің әсерімен себептік байланысын анықтау мақсатында сараптамалық-консультациялық қызметті жүзеге асыратын тұрақты жұмыс істейтін орган (бұдан әрі – ӨСК);

5 5) сәулеленудің тиімді дозасы – адам организмi мен оның жекелеген органдарының радиациялық сезiмталдығын ескере отырып, олардың сәулеленуінің ұзақ мерзімді салдарының пайда болу қаупінің шамасы;

6 6) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

2 2-тарау. Себептік байланысты анықтау тәртібі

3 3. Аурулардың иондаушы сәулеленудің әсерiмен себептiк байланысын анықтау үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі – өтініш беруші) немесе өтініш берушінің заңды өкілі ӨСК-не мынадай құжаттар пакетін ұсынады:

1 1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтінішті;

2 2) жеке басты куәландыратын құжат;

3 3) бар аурулардың диагноздарын хронологиялық тәртіппен асқыну жиіліктерін, еңбекке тұрақты жарамсыздығын көрсете отырып амбулаториялық пациенттің медициналық картасынан үзіндіні;

4

4) стационарлық науқастың медициналық картасынан негізгі аурудың анамнезі мен динамикасын сипаттай отырып, диагностикалау және емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес клиникалық-диагностикалық (зертханалық, аспаптық және функциялық) зерттеулердің, бейінді мамандар консультацияларының нәтижелері бар үзіндіні;

5 5) дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысын;

6 6) медициналық ұйым берген қайтыс болу туралы белгіленген нысандағы құжат;

7

7) «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеудiң және оларға куәлік берудің кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 ақпандағы № 110 қаулысымен бекітілген Семей сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен адамдарға арналған жеңілдіктер мен өтемақылар алуға құқықты растайтын куәлікті;

8

8) ластанған аумақтарда тұрғанын (оқығанын, жұмыс істегенін, Қарулы Күштерде және әскери құралымдарда қызмет атқарғанын) растайтын құжаттарды: туу туралы куәлік, аттестат, диплом, еңбек кітапшасы, архивтің анықтамасы, әскери билет, іссапар куәлігі, іссапарға жіберу туралы бұйрықтар, Чернобыль атом электр станциясындағы аварияның салдарын жоюға қатысушының куәлігін;

9 9) неке туралы куәлігін (өлім жағдайларының байланысын сараптау кезінде);

10 10) ұрпақтардың сәулеленудің тиімді мөлшерін есептеу үшін – ата-анасының, аталарының, әжелерінің өтініш берушімен туыстық фактісін, олардың радиациялық ластану аумақтарында тұру және (немесе) болу орнымен кезеңін растайтын құжаттарын қамтиды.

Құжаттардың төлнұсқаларымен бірге олардың көшірмелері ұсынылады.
Құжаттар салыстырып тексерілгеннен кейін төлнұсқалар өтініш берушіге қайтарылады, көшірмелері ӨСК сарапшыларының зерттеуі үшін және одан әрі архивта сақтау үшін іске тігіледі. Құжаттарды поштамен, соның ішінде электронды пошта арқылы жіберген жағдайда құжаттардың көшірмелері «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 76-бабына сәйкес куәландырылады.

4 4. Қазақстан Республикасының халқы ауруларының иондаушы сәулеленудің әсерiмен себептiк байланысын анықтау үшін ӨСК осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттар қабылданған және тіркелген күннен бастап күнтізбелік 30 күннің ішінде сараптама жүргізеді.

5 5. Өлімнің иондаушы сәулеленудің әсерімен себептік байланысына сараптама жүргізуге қайтыс болу туралы анықтамада көрсетілген диагноз негіз болады.

6 6. ӨСК аурулардың иондаушы сәулеленудің әсерiмен байланысын клиникалық және зертханалық деректердiң, сәулеленудiң тиімді доза мен сәулелену сипатының көлемі негiзiнде қарайды.

7 7. Аурулардың иондаушы сәулеленудің әсерімен себептік байланысына сараптама жүргізу кезінде ӨСК азаматтардың сәулелену дозасын есептеуді радиациялық ластану аумақтарында тұру және (немесе) болу фактісін растайтын құжаттардың негізінде жүргізеді.

Ұрпақтардың ауруларының, өлімінің себептік байланысын сараптау ата-аналарының, аталарының, әжелерінің тиімді дозасын есепке отырып, жүргізіледі.

8 8. Жүргізілген сараптама қорытындысы бойынша ӨСК сараптама қорытындысын осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтініш берушінің қол қоюымен немесе оның сенімді өкілінің қол қоюымен береді.

Егер өтініш беруші қала сыртында тұрған жағдайда ӨСК-нің қорытындысы шешім шығарған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде пошта арқылы жіберіледі.

9 9. Диагнозы немесе тиімді дозасы өзгерген жағдайда өтініш беруші осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттарды ӨСК-не қайта сараптауға береді.

10 10. ӨСК-нің қорытындысымен келіспеген жағдайда өтініш беруші оған күнтізбелік 30 күннің ішінде ОВСК-де өтініш беру жолымен (еркін нысанда) шағым жасайды.

11 11. Өтініш негізінде ОВСК Қазақстан Республикасының халқында аурулардың иондаушы сәулеленудің әсерімен себептік байланысын анықтау үшін ӨСК-нен өтініш берушінің құжаттар пакетін сұратады және сараптама жүргізеді.

12 12. Жүргізілген сараптама қорытындысы бойынша ОВСК осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес қорытынды шығарады және өтініш берушіге қорытынды шығарылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде пошта арқылы жібереді.

ОВСК-нің қорытындысымен келіспеген кезде өтініш беруші оған сот тәртібімен шағым жасайды.

13 Өтініш

13. Кодексті 7-бабының 76) тармақшасына сәйкес бекітілген иондаушы сәулеленудің әсерiмен байланысты аурулардың тiзбесiне кiрмейтiн аурулар бойынша құжаттар ӨСК мен ОВСК-де қаралмайды.
себептік байланысты анықтау қағидаларына
1-қосымша
Өтініш
Заявление
Кімнен
(От) ____________________________________________________________________________
өтініш берушінің Т.А.Ә. (бар болса) немесе өтініш берушінің ресми өкілі (указывается Ф.И.О. (при наличии) заявителя
или официального представителя заявителя)
________________________________________________________________________________________________
өтініш берушінің ресми өкілінің атынан берілсе, өтініш кімге қатысты (Т.А.Ә.) (бар болса) берілгені көрсетіледі
(при подаче заявления от официального представителя заявителя указывается по поводу кого (Ф.И.О.)
(при наличии) подается заявление)
Туған жылы
(Дата рождения)_________________________________________________________________
Тұрғылықты мекенжайы
(Проживающего по адресу) ________________________________________________________
радиациялық ластану аумақтарында тұру немесе болу уақыттағы мекенжайы
және жұмыс, оқу орны т.б. (Адрес и место работы, учебы, и др., проживания и
(или) пребывания на территориях радиационного
загрязнения)_________________________________
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
ұйымның қысқартусыз толық атауы (наименование организации без сокращения)
Телефон нөмірі
(Номер телефона) _______________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат
(Документ, удостоверяющий личность) _____________________________________________
ЖСН нөмірі берілген күні
ИИН _________________ номер _____________ дата выдачи ______________
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан
зардап шеккен адамға арналған жеңілдіктер мен өтемақылар алуға құқықты
растайтын куәлік (Удостоверение, подтверждающее право на льготы и
компенсации пострадавшему(-ей) вследствие ядерных испытаний на
Семипалатинском испытательном ядерном полигоне)
Нөмірі кім берген берілген күні
№ ___________ (кем выдано) _______ (дата выдачи) __________
Мен Сізден өз (ұйым жүгінген кезде зардап шеккен адамның Т.А.Ә. (бар
болса) көрсетіледі) ауруымның (аурудың негізгі диагнозы көрсетіледі)
радиациялық ластану аумақтарында тұру және (немесе) болу (жұмыс істеу, оқу,
Қарулы Күштер қатарында қызмет өтеу т.б. (көрсетілсін) нәтижесінде
радиациялық әсермен себептік байланысын анықтау туралы
мәселені қарауыңызды сұраймын.
(Прошу Вас рассмотреть вопрос о причинной связи моего (при обращении
организации указывается Ф.И.О. (при наличии) пострадавшего) заболевания
(указывается основной диагноз заболевания) с радиационным воздействием
в результате проживания и (или) пребывания (работы, учебы, службы в
Вооруженных Силах и др. (указать) на территориях радиационного
загрязнения) ___________________________________
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
(жылдар бойынша) (по годам)
Қоса беремін:
(дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысын, жеке басты
куәландыратын құжат, амбулаториялық картадан үзіндіні, стационарлық
картадан үзіндіні, қайтыс болу туралы анықтама, неке туралы куәлігін,
сырқатнамадан үзіндіні, амбулаториялық картадан үзіндіні, полигондық
куәліктің көшірмесін, тұрғылықты жерінен анықтаманы, жеке куәліктің
көшірмесін, өтініш берушімен туыстықты растайтын құжаттар, полигиндық
куәлік, тұрғылықты жерінен анықтамасы).
(Прилагаю:
заключение врачебно-консультационной комиссии, удостоверение личности,
выписку из амбулаторной карты, выписка из медицинской карты стационарного
больного, справка о смерти, документы подтверждающие факт родства с заявителем,
свидетельство о браке, полигонное удостоверение, справку с места жительства).
Қолы Күні
(Подпись) ___________________(Дата) 20____ ж. «_____» _____________
себептік байланысты анықтау қағидаларына
2-қосымша
Хаттама (Протокол №):
Т.А.Ә. (бар болса) (Ф.И.О.) (при наличии):
Туған жылы (Дата рождения):
Құжаттары (Документы):
Тұрғылықты жері (Место жительства):
Диагнозы (Диагноз):
Қорытынды (Заключение):
Шешім берілген күн: ӨСК төрағасы:
(Дата выдачи решения):_________ (Председатель РЭС): ________________
М.О. (бар болса)
М.П. (при наличии)
себептік байланысты анықтау қағидаларына
3-қосымша
Хаттама (Протокол №):
Т.А.Ә. (бар болса) (Ф.И.О.) (при наличии):
Туған жылы (Дата рождения):
Құжаттары (Документы):
Тұрғылықты жері (Место жительства):
Диагнозы (Диагноз):
Қорытынды (Заключение):
Шешім берілген күн: ОВСК төрағасы:
(Дата выдачи решения):_________ (Председатель ЦМЭС): ________________
М.О. (бар болса)
М.П. (при наличии)

Қолданыстағы