Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении коэффициентов зонирования, учитывающих месторасположение объекта налогообложения в населенном пункте города Риддер

Қаулы · № 757 · қабылданған 27.11.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-149220/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об утверждении коэффициентов зонирования, учитывающих месторасположение объекта налогообложения в населенном пункте города Риддер Күшін жойған 03.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении коэффициентов зонирования, учитывающих месторасположение объекта налогообложения в населенном пункте города Риддер

Күшін жойған Қаулы № 757 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении коэффициентов зонирования, учитывающих месторасположение объекта налогообложения в населенном пункте города Риддер
Атауы (қаз.)
Риддер қаласының елді мекенінде салық салу объектілерінің орналасқан жерін ескере отырып, аймақтарға бөлу коэффициенттерін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
757
Қабылданған күні
27.11.2020
Қолданысқа енгізілген күні
01.01.2021
Көрсетілген редакция
03.07.2026 I149220_2.kaz
Соңғы өзгеріс
03.07.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20VD007909
ЭКБ идентификаторы
149220
Редакция идентификаторы
I149220_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 11:31
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Риддер қаласының елді мекенінде салық салу объектілерінің орналасқан жерін ескере отырып, аймақтарға бөлу коэффициенттерін

бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 529-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 12 қарашадағы № 475 «Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17847 тіркелген), Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сай Риддер қаласының елді мекеніндесалық салу объектілерінің орналасқан жерін ескере отырып, аймақтарға бөлу коэффициенттері бекітілсін.

2. «Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

1) аймақтық әділет органында осы қаулыны мемлекеттік тіркеуді;

2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы қаулының көшірмесін ресми жариялауға Риддер қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына жіберуді;

3) осы қаулы ресми түрде жарияланған соң Риддер қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Риддер қаласы әкімінің орынбасары Д.Б. Дүйсембаевқа жүктелсін.

4. Осы қаулы қолданысқа 2021 жылдың 1 қаңтарынан жүзеге енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»:
«Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігі мемлекеттік кірістер
Комитеті Шығыс Қазақстан облысы
бойынша мемлекеттік кірістер
Департаментінің Риддер қаласы
бойынша мемлекеттік кірістер
басқармасы» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
«____»__________2020 жыл
_____________________ А. Рыспаев

8 Риддер қаласында және оның әкімшілік бағыныстылығына берілген аумақтарда салық салу объектілерінің орналасқан жерін ескере отырып, аймақтарға бөлу коэффициенттері

Риддер қаласының әкімі
2020 жылғы 27 қарашасы
№ 757 қаулысына
қосымша
Риддер қаласында және оның әкімшілік бағыныстылығына берілген аумақтарда салық салу объектілерінің орналасқан жерін ескере отырып, аймақтарға бөлу коэффициенттері
№ р/с
Учаске аумағы
Салық салуды есептеу үшін аймақтарға бөлу коэффициенті
Риддер қаласы
1
N 1 аймақ (620 га) – темір жол, Хариузовка өзені (Семашко көшесі мен Семипалатинская көшесінің қиылысатын жеріне дейін), Семипалатинская көшесі, Пригородное а. шегімен қала шекарасы, қала шекарасы, Сумин лог.
Қаланың орталық бөлігін, 1,2,3,4,5,6,7-ықшамаудандарды, саябақ аймағын қамтиды.
2
2
N 2 аймақ (313,6 га) - теміржол, Быструха өзені, Черепанов көшесі, Геолог ықшамауданының бойымен Ботаническая көшесіне дейін, Ботаническая көшесі, Алтай ботаникалық бағының шекарасы бойынша, қала шекарасы, Семипалатинская көшесі (Семашко көшесінің қиылысына дейін), Хариузовка өзені.
ДОСААФ бір қабатты құрылыс ауданын, Геолог ықшамауданын, 3-ші тұрғын ауданын қамтиды.
1,7
3
N 3 аймақ (911,0 га) - Сумин лог, Островский көшесі, бұрынғы Тишинка кентіне баратын жол, 91, 94 квартал бойымен бұрынғы ет комбинатының аумағына дейін, Тихая өзені, бұлақ, қала шекарасы, Гавань ықшамауданының батыс шекарасы бойымен, Быструха өзені, Хариузовка өзені өткелге дейін, темір жол.
Батыс (орталық) өнеркәсіптік аудан – мырыш зауытын, өнеркәсіптік алаңдарды, алтын үйінділерін, ЖЭО станциясын, Тишинский гидроэлектр станциясы, қалдықтар мен қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын, бұрынғы Тишинка кентін, бұрынғы ет комбинатының аумағын қамтиды.
1,75
4
N 4 аймақ (403,7 га) - Тихая өзені, «Металлист», «Табиғат», «Мичурин» атындағы, «Лисовенко атындағы» бау-бақша серіктестерінің шекарасы (05-083-002,05-083-003 есепті квартал), Тихая өзені, бұрынғы Тишинка ауылына баратын жол, 91, 94 квартал бойында, Островский көшесі, Сумин лог, қала шекарасы, Самоквитов көшесі, Островский көшесі.
Ульбастройдың 1-ші ауданы, 91, 93, 94, 95 квартал, колледж аумағын қамтиды.
1,9
5
N 5 аймақ (1302,6 га) - бірнеше учаскелерден тұрады:
- Гавань ықшамауданы (1-учаске) – 190,1 га;
- Сазоновка, Малая Таловка, Большая Таловка ықшамаудандары (2-учаске)– 529,9 га;
- Әскерилендірілген тау-кен құтқару бөлімі бірқабатты құрылыс ауданы (3-учаске) – 113,5 га;
- Алтай ботаникалық бағы ауданындағы бір қабатты құрылыс және бақтар ауданы (4-учаске) - Черепанов көшесі, Геолог ықшамауданы бойымен Ботаническая көшесіне дейін, Ботаническая көшесі, қала шекарасы, шығыс өнеркәсіптік ауданы бойындағы шекара – 406,4 га;
- кірпіш зауыты аумағының солтүстік-батысына қарай Ульбастройдың 1-ші ауданының алқабы (5-учаске) -Островский көшесі, Самоквитов көшесі, қала шекарасы) – 62,7 га.
1,6
6
N 6 аймақ (836,0 га) - Сазоновка, Малая Таловка, Большая Таловка ықшамаудандарының, Пролетарская көшесі (Ливино ауылына баратын жол), тұрғын үй құрылысының шекарасы бойынша, қала шекарасы, Алтай ботаникалық бағының шекарасы, әскерилендірілген тау-кен құтқару бөлімі тұрғын үй құрылысының шекарасы бойынша.
Шығыс өнеркәсіптік аудан – орталық зауыт қоршауының өнеркәсіптік алаңдары өнеркәсіптік алаңын, Риддер-Сокольное кен орнын, қалдыққоймасын, Крюков үйіндісін, жанар-жағар май қоймасын қамтиды.
1,45
7
N 7аймақ - 2 учаскеден тұрады:
- жарылғыш заттардың базистік қоймасының аумағы – 55,8 га
- Таловка қалдық қоймасының объектілері – 497,9 га
0
8
N 8 аймақ (4722,1 га) – негізгі құрылыстан қаланың солтүстігі мен батысына қарай өзге де функционалдық аймақты, сондай-ақ Ульбастройдың 1-ауданының солтүстігіне қарай бағбандық серіктестіктерді қамтиды (05-083-002, 05-083-003 есепті квартал, Шаравка учаскесі).
0
Үлбі кенті
9
N 1 аймақ - Ульбастройдың 4-ші ауданы және Ульбастройдың 2-ші ауданының оңтүстігінде темір жол мен шектелген солтүстік учаскесі, сондай-ақ«Энергетик», «Геолог-2» бағбандық серіктестіктері
1,8
10
N 2 аймақ - Ульбастройдың 2-ші және 4-ші аудандары арасында орналасқан Тишинск кенішінің аумағы.
1,45
11
N 3 аймақ – «Мир» бау-бақша серіктестігін, «Қазақстан», «Геолог» бау-бақша серіктестігін және басқаларды қоса алғанда, Үлбі кентінің (Ульбастройдың 2-ші ауданы) оңтүстік бөлігіндегі Кедровка өзеніне, Үлбастрой ауылына дейін темір жол өтпесінің артындағы тұрғын үй құрылысы
1,6
12
N 4 аймақ - ауыл шаруашылығына пайдаланылатын, қала құрылысы қызметiне тартылмаған, елдi мекендi аумақтық тұрғыдан дамытуға және жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған резервтегi және өзге де жер
0
13
Пригородное ауылы.
1,5
14
Поперечное ауылы.
1,35
15
Коноваловка ауылы.
1,5
16
Ливино ауылы.
1,25
17
Верхняя Хариузовка ауылы.
1,3
18
Бутаково ауылы.
1,3
19
Лениногорский лесхоз ауылы.
1,4
20
Үлбастрой ауылы.
1,25
21
Дом отдыха ауылы.
1,25