Құжат мәтініне өту

Об утверждении эскизов предупреждений о вреде потребления табачных изделий и никотина

Бұйрық · № ҚР ДСМ-222/2020 · қабылданған 30.11.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-149236/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении эскизов предупреждений о вреде потребления табачных изделий и никотина Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-222/2020 ·30.11.2020
30.11.2020 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.11.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении эскизов предупреждений о вреде потребления табачных изделий и никотина

Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-222/2020 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении эскизов предупреждений о вреде потребления табачных изделий и никотина
Атауы (қаз.)
Темекі бұйымдарын тұтынудың және никотиннің зияны туралы ескертулердің эскиздерін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
ҚР ДСМ-222/2020
Қабылданған күні
30.11.2020
Көрсетілген редакция
30.11.2020 149236_495585.kaz
Соңғы өзгеріс
30.11.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000021709
ЭКБ идентификаторы
149236
Редакция идентификаторы
149236_495585
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 11:26

0 Темекі бұйымдарын тұтынудың және никотиннің зияны туралы ескертулердің эскиздерін бекіту туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 110-бабы 12-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Мыналар:

1 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды тұтынудың зияны туралы ескертулердің эскиздері;

2 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қорқорға арналған темекіні және қорқор қоспасын тұтынудың зияны туралы ескертулердің эскиздері бекітілсін.

2

2. «Темекі бұйымының қорабына, темекі бұйымының қаптамасына шайырлы заттардың, никотиннің құрамы туралы, құрамының деңгейі туралы және жүйелік улар, канцерогендік және мутагендік заттар туралы мәліметтерді орналастыру қағидаларын және темекі шегудің зияны туралы ескертуді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 мамырдағы № 387 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11412 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 маусымда жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды тұтынудың зияны туралы ескертулердің эскиздері

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 30 қарашасы
№ ҚР ДСМ-222/2020
бұйрығына қосымша
Қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды тұтынудың зияны туралы ескертулердің эскиздері

2 Қорқорға арналған темекіні және қорқор қоспасын тұтынудың зияны туралы ескертулердің эскиздері

Бұйрығына 2-қосымша
Қорқорға арналған темекіні және қорқор қоспасын тұтынудың зияны туралы ескертулердің эскиздері

Қолданыстағы