О принятии государственного коммунального казенного предприятия «Государственный академический казахский музыкально-драматический театр имени К. Куанышбаева» акимата города Нур-Султана из коммунальной собственности в республиканскую собственность
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О принятии государственного коммунального казенного предприятия «Государственный академический казахский музыкально-драматический театр имени К. Куанышбаева» акимата города Нур-Султана из коммунальной собственности в республиканскую собственность
- Атауы (қаз.)
- Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнын коммуналдық меншіктен республикалық меншікке қабылдау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 810
- Қабылданған күні
- 02.12.2020
- Көрсетілген редакция
- 04.10.2023 149252_675691.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.10.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2000000810
- ЭКБ идентификаторы
- 149252
- Редакция идентификаторы
- 149252_675691
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 11:23
0 Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қ. Қуанышбаев атындағы
мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнын коммуналдық меншіктен республикалық меншікке қабылдау туралы
«Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлiктi мемлекеттік меншiктiң бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны мүліктік кешен ретінде заңнамада белгіленген тәртіппен коммуналдық меншіктен республикалық меншікке қабылдансын және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнің қарамағына берілсін.
2
2. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнің «Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) болып қайта аталсын.