Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута

Өзге акт · № 6 · қабылданған 30.11.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-149265/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута Қолданыста Өзге акт ·№ 6 ·30.11.2020
30.11.2020 редакциясы
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.11.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута

Қолданыста Өзге акт ·№ 6 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута
Атауы (қаз.)
Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
6
Қабылданған күні
30.11.2020
Көрсетілген редакция
30.11.2020 149265_495850.kaz
Соңғы өзгеріс
30.11.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20NLC09606
ЭКБ идентификаторы
149265
Редакция идентификаторы
149265_495850
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 11:25

0 Қауымдық сервитут

белгілеу туралы
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес Қарабалық ауданы Бөрлі ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. «SilkNetCom» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу мен пайдалану мақсатында Қарабалық ауданы Бөрлі ауылдық округі Бөрлі ауылының аумағында орналасқан жалпы алаңы 0,0512 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.

2 2. «Бөрлі ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

Қолданыстағы