О снятии ограничительных мероприятий
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 6
- Қабылданған күні
- 02.12.2020
- Көрсетілген редакция
- 02.12.2020 149303_495265.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20NRJ09612
- ЭКБ идентификаторы
- 149303
- Редакция идентификаторы
- 149303_495265
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 11:23
0 Шектеу іс-шараларын
тоқтату туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Бейімбет Майлин ауданының аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 29 қазандағы № 01-20/632 ұсынысы негізінде Новоильинов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Новоильинов ауылдық округінің Богородское ауылында орналасқан «Калиев Аскар Уразбаевич» шаруа қожалығының және Болбат Любовь Петровнаның жеке ауласының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2
2. Новоильинов ауылдық округі әкімінің «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» 2020 жылғы 23 маусымдағы № 3 шешімінің (2020 жылғы 26 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 9289 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.