Об утверждении Правил применения поощрений государственных служащих аппарата акима Осакаровского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил применения поощрений государственных служащих аппарата акима Осакаровского района
- Атауы (қаз.)
- Осакаров ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 79/01
- Қабылданған күні
- 30.11.2020
- Көрсетілген редакция
- 07.10.2024 149314_725646.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.10.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20KO006115
- ЭКБ идентификаторы
- 149314
- Редакция идентификаторы
- 149314_725646
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 11:28
0 Осакаров ауданы әкімі
аппаратының мемлекеттік
қызметшілеріне көтермелеулерді
қолдану қағидаларын
бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңдарына сәйкес, Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Осакаров ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидалары бекітілсін.
2 2. «Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау «Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Осакаров ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидалары
Осакаров ауданы
әкімдігінің
2020 жылғы 30
қарашасы
№ 79/01
қаулысымен бекітілген
Осакаров ауданы әкімі аппаратының
мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидалары
1
1. Осакаров ауданы әкімі аппаратының (бұдан әрі-Аппарат) мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидалары «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 35-бабына сәйкес әзірленді және «Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану тәртібін айқындайды.
2 2. Аппараттың мемлекеттік қызметшілеріне келесі көтермелеулер қолданылады:
1 1) біржолғы ақшалай сыйақы;
2 2) алғыс жариялау;
3 3) грамотамен марапаттау;
4 4) көтермелеудің өзге де нысандары, оның ішінде ведомстволық наградалармен марапаттау.
3 3. Бір ерекшелігі үшін мемлекеттік қызметшіге тек бір көтермелеу қолданылады.
4 4. Аппараттың мемлекеттік қызметшілері лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңыздылығы мен күрделілігі бар тапсырмаларды орындағаны үшін және жұмыстағы басқа жетістіктері үшін, сондай-ақ олардың қызметін бағалау нәтижелері бойынша көтермеленеді.
5 5. Аппараттың мемлекеттік қызметшілерін көтермелеу құрамын аудан әкімі бекіткен комиссия (бұдан әрі - Комиссия) шешімі негізінде жүргізіледі.
6 6. Аппараттың әкімшілік мемлекеттік қызметшілері қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі үшін біржолғы ақшалай сыйақымен көтермеленеді.
Осы тармақта көзделген біржолғы ақшалай сыйақылар төлемі Осакаров ауданы әкімі аппаратының бюджеттік бағдарламасын қаржыландыру жоспары бойынша қаржыны үнемдеу жолымен жүзеге асырылады.
7
7. Ерекше маңыздылығы мен күрделілігі бар тапсырмаларды орындағаны және жұмыстағы басқа жетістіктері үшін, сондай-ақ олардың қызметін бағалау нәтижелері бойынша мемлекеттік қызметшілерге осы қағиданың 6 тармағында көрсетілген Осакаров ауданы әкімі аппаратының бюджеттік бағдарламасын қаржыландыру жоспарына сәйкес, Аппаратты ұстауға берілген аудандық бюджеттен үнемделген қаражат есебінен комиссия ұсынымдары негізінде аудан әкімінің шешімі бойынша біржолғы ақшалай сыйақымен көтермеленеді.