Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об определении мест для осуществления выездной торговли в Бескарагайском районе

Қаулы · № 367 · қабылданған 25.11.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-149317/on/2026-09-18/
Басып шығарылды 2026-09-18 · adilet.kz
Об определении мест для осуществления выездной торговли в Бескарагайском районе Күшін жойған 14.04.2023 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об определении мест для осуществления выездной торговли в Бескарагайском районе

Күшін жойған Қаулы № 367 18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении мест для осуществления выездной торговли в Бескарагайском районе
Атауы (қаз.)
Бесқарағай ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған орындарды белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
367
Қабылданған күні
25.11.2020
Көрсетілген редакция
14.04.2023 149317_631269.kaz
Соңғы өзгеріс
14.04.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20VG007914
ЭКБ идентификаторы
149317
Редакция идентификаторы
149317_631269
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 11:34
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.04.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Бесқарағай ауданында көшпелі сауданы

жүзеге асыруға арналған орындарды
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31- бабының 1 - тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 8 - бабының 3) тармақшасына, 27- бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген, ішкі сауда қағидаларының 102- тармағына сәйкес, Бесқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Бесқарағай ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының көшірмесін Бесқарағай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде;

3) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Бесқарағай ауданы әкімінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары А.М. Алимбаеваға жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 Көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған орындардың тізбесі

Бесқарағай аудандық әкімдігінің
2020 жылғы 25 қарашасы
№ 367 қаулысына
қосымша
Көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған
орындардың тізбесі
№ р/с
Әкімшіліктік аумақтық бірліктер атауы
Орналасқан жерлері
1
Бесқарағай ауылдық округі
Бесқарағай ауылы, Сейфуллин көшесі («Мир» кафесіне қарама - карсы)
2
Басколь ауылдық округі
Қарағайлы ауылы, Тәуелсіздік көшесі («Әділ» дүкенінің маңы)
Башкөл ауылы, Абай көшесі («Ержан» дүкенінің маңы)
Бұқабай ауылы, Солнечный көшесі (спорт алаңының маңы)
3
Беген ауылдық округі
Беген ауылы, М.Әуезов көшесі (Казпошта ғимаратымен орта мектептің арасында)
4
Глуховка ауылдық округі
Глуховка ауылы, Совет көшесі (Казпошта ғимаратының маңы)
5
Долон ауылдық округі
Долон ауылы, Амангелді көшесі (№19 тұрғын үйге қарама - қарсы)
Бөдене ауылы, Молдажанов көшесі (№13 тұрғын үйіне қарама - қарсы)
6
Ерназар ауылдық округі
Ерназар ауылы, Ленин көшесі (ветеринарлық пункті ғимаратымен «Аққу» дүкенінің арасында)
7
Жетіжар ауылдық округі
Жетіжар ауылы, Горький көшесі (№15 тұрғын үйдің маңы)
8
Канонерка ауылдық округі
Канонерка ауылы, Ленин көшесі («Омск - Майқапшағай» республикалық автожолдың бойында)
Қара - Мырза ауылы, Тәуелсіздік көшесі («Арлан Ерке» дүкенінің маңы)
9
Қарабас ауылдық округі
Қарабас ауылы, Чехов көшесі (Қарабас ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратына қарама – қарсы)
Өндіріс ауылы, Ленин көшесі (Қазпоштамен мешіт ғимаратының арасында)
10
М-Владимировка ауылдық округі
М-Владимировка ауылы, Горький көшесі (Қазпошта ғимаратымен «Центральный» дүкені арасында)