О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Павлодарской области в сфере земельных отношений
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Павлодарской области в сфере земельных отношений
- Атауы (қаз.)
- Павлодар облысы әкімдігінің жер қатынастары саласындағы кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 255/5
- Қабылданған күні
- 30.11.2020
- Көрсетілген редакция
- 30.11.2020 149402_496072.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.11.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20P0007071
- ЭКБ идентификаторы
- 149402
- Редакция идентификаторы
- 149402_496072
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 11:27
0 Павлодар облысы әкімдігінің жер қатынастары саласындағы
кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Павлодар облысы әкімдігінің жер қатынастары саласындағы кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2 2. «Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.Қ. Байхановқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Павлодар облысы әкімдігінің жер қатынастары саласындағы күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
Павлодар облысы әкімдігінің
2020 жылғы 30 қарашасы
№ 255/5 қаулысына
қосымша
Павлодар облысы әкімдігінің жер қатынастары саласындағы
күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 112/4 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4510 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
2
2. Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 4 тамыздағы «Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 112/4 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» № 247/6 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5229 болып тіркелген, 2016 жылғы 9 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3
3. Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 13 қыркүйектегі «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» № 272/7 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5252 болып тіркелген, 2016 жылғы 24 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
4
4. Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 22 желтоқсандағы «Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 112/4 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» № 375/8 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5354 болып тіркелген, 2017 жылғы 10 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).
5
5. Павлодар облысы әкімдігінің 2018 жылғы 8 қаңтардағы «Жер қатынастары мәселелері жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 2/1 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5835 болып тіркелген, 2018 жылғы 2 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).
6
6. Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 6 мамырдағы «Павлодар облысы әкімдігінің 2018 жылғы 8 қаңтардағы «Жер қатынастары мәселелері жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 2/1 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» № 145/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6392 болып тіркелген, 2019 жылғы 11 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).