Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах государственной поддержки инвестиций

Бұйрық · № 18-П · қабылданған 18.03.2003
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-14942/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О некоторых вопросах государственной поддержки инвестиций Күшін жойған Бұйрық ·№ 18-П ·18.03.2003
01.06.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.06.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах государственной поддержки инвестиций

Күшін жойған Бұйрық ·№ 18-П · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах государственной поддержки инвестиций
Атауы (қаз.)
Инвестициялар мемлекеттiк қолдауының кейбiр мәселелерi туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
18-П
Қабылданған күні
18.03.2003
Көрсетілген редакция
01.06.2012 AI14942_6.kaz
Соңғы өзгеріс
01.06.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V030002222_
ЭКБ идентификаторы
14942
Редакция идентификаторы
AI14942_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 22:22

0 Инвестициялар мемлекеттiк қолдауының кейбiр мәселелерi туралы

📌 Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012.06.01 № 184 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының "Инвестициялар туралы" Заңының 19-шы бабын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН :

1 1. Қоса берiлiп отырған:

1 1) инвестициялық преференцияларды беруiне өтiнiм нысаны (N 1 Қосымша);

2 2) Тіркелген активтерге инвестициялар сомасы 60 мың айлық есептік көрсеткіштен асатын инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын дайындау жөніндегі нұсқаулық (2-қосымша);

3 3) Тіркелген активтерге инвестициялар сомасы 60 мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын дайындау жөнiндегі нұсқаулық (3-қосымша).

Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Инвестициялар комитеті Төрағасының 2006 жылғы 3 қарашадағы N 83-п бұйрығымен .

2 2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

1 1) "Инвестициялық жобаға қойылатын талаптар" нұсқаулығын бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi 1997 жылғы 28 наурыз N 3 (1997 жылғы 15 қазан, N 396);

2

2) "Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызметтi жүзеге асырушы инвесторлармен келiсiм-шарт жасау кезiнде жеңiлдiктер мен пұрсаттылық бeру рәсiмдерiн жетiлдiру туралы" Инвестициялар жөнiндегi Қазақстан Республикасы агенттiгi төрағасының 2000 жылғы 14 сәуiрдегi N 01/7 бұйрығы (2000 жылғы 27 сәуiр, N 1120);

3 3) "Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi агенттiгi Төрағасының 2000 жылғы 14 сәуiрдегi N 01/7 бұйрығына қосымша енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөнiндегi агенттiгi Төрағасының 2000 жылғы 22 мамырдағы N 01/31 бұйрығы (2000 жылғы 25 мамыр, N 1144);

4

4) "Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi агенттiгi Төрағасының 2000 жылғы 14 сәуiрдегi N 01/7 "Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызмет көрсететiн инвесторлармен келiсiм-шарт жасасқанда берiлетiн жеңiлдiктер мен преференцияларды беру процесiн жетiлдiру туралы" бұйрығына өзгерту мен толықтыру енгiзу туралы" Инвестициялар жөнiндегi Қазақстан Республикасы агенттiгi Төрағасының 2000 жылғы 23 тамыздағы N 0-1/117 бұйрығы (2000 жылғы 13 қыркүйек, N 1242);

5

5) "Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi агенттiгi Төрағасының 2000 жылғы 14 сәуiрдегi N 01/7 бұйрығына өзгертулер мен толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi Инвестициялар жөнiндегi комитетiнiң Төрағасының 2001 жылғы 2 сәуiрдегi N 25-П бұйрығы (2001 жылғы 7 сәуiрi, N 1452);

6 6) "Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi агенттiгi Төрағасының 2000 жылғы 14 сәуiрдегi N 01/7 бұйрығына өзгерту енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi Инвестициялар жөнiндегi комитетiнiң 2001 жылғы 18 шiлдедегi N 69-П бұйрығы (2001 жылғы 7 тамыз, N 1616);

7

7) "Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi агенттiгi Төрағасының 2000 жылғы 14 сәуiрдегi N 01/7 бұйрығына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi Инвестициялар жөнiндегi комитетiнiң Төрағасының 2001 жылғы 12 қыркүйектегi N 104-П бұйрығы (2001 жылғы 19 қыркүйек, N1644);

8

8) "Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi агенттiгi Төрағасының 2000 жылғы 14 сәуiрдегi N 01/7 "Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызмет көрсететiн инвесторлармен келiсiм-шарт жасасқанда берiлетiн жеңiлдiктер мен преференцияларды беру процесiн жетiлдiру туралы" бұйрығына өзгерту енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi Инвестициялар жөнiндегi комитетiнiң Төрағасының 2001 жылғы 18 қараша N 127/1-П бұйрығы (2001 жылғы 14 желтоқсан, N 1701);

9

9) "Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi агенттiгi Төрағасының 2000 жылғы 14 сәуiрдегi N 01/7 "Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызмет көрсететiн инвесторлармен келiсiм-шарт жасасқанда берiлетiн жеңiлдiктер мен преференцияларды беру процесiн жетiлдiру туралы" бұйрығына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы индустрия мен сауда министрлiгi Инвестициялар жөнiндегi комитетiнiң Төрағасының 2002 жылғы 9 желтоқсандағы N 240-П бұйрығы (2002 жылғы 19 желтоқсан, N 2091).

3 3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет Министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу күнiнен күшiне енедi.

1 Инвестициялық преференцияларды алуға арналған өтінім

Қазақстан Республикасының
Индустрия және сауда министрлiгi
Инвестиция комитетi төрағасының
2003 жылғы 18 наурыздағы
N 18-п бұйрығымен
бекітілген 1-қосымша
Ескерту: 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Инвестициялар комитеті төрағасының 2006 жылғы 20 шілдедегі N 54-п бұйрығымен .
Инвестициялық преференцияларды алуға арналған өтінім
1. Ин­ве­стор ту­ра­лы мәлi­мет­тер
1
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­ды тұл­ға­сы­ның ата­уы
2
Заң­ды тұл­ға­ны ал­ғаш­қы мем­ле­кет­тік тір­кеу кү­ні және нө­мі­рі
3
Заң­ды тұл­ға қай­та тір­ке­уден өт­ті ме, ай­да (кү­ні) және қан­дай негіз­дер­мен
4
По­шта­лық ме­кен-жайы (заң­ды ме­кен-жайы, нақ­ты ор­на­лас­қан жерi) Банк­тiк рек­ви­зит­терi
5
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­ды тұл­ға­сы­ның бiрiн­шi бас­шы­сы
_________________________
(Аты-жө­ні)
_______________________
(те­ле­фон, факс және
элек­трон­дық по­шта­сы)
6
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­ды тұл­ға­сы­ның бас бух­гал­те­рі
_________________________
(Аты-жө­ні)
_______________________
(те­ле­фон, факс және
элек­трон­дық по­шта­сы)
7
Ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба ме­не­джерi
_________________________
(Аты-жө­ні)
_______________________
(те­ле­фон, факс және
элек­трон­дық по­шта­сы)
2. Ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
1
Ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­ның ата­уы
2
Жо­ба­ны iс­ке асы­ру ор­ны
3
Ин­ве­сти­ци­я­лау үшiн таң­дал­ған қыз­мет­тiң ба­сым түрi (Эко­но­ми­ка­лық қыз­мет түр­ле­рі­нің жал­пы топ­та­стыр­ғыш бой­ын­ша 4 бел­гiсi бар код көр­сетiл­сiн)
4
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­ды тұл­ға­сы­ның тiр­кел­ген ак­тив­тер­ге ин­ве­сти­ци­я­лар­дың кө­ле­мi
5
Жо­ба­ны қар­жы­лан­ды­ру көз­де­рі (мен­шік және/неме­се за­ем­дық қа­ра­жат­тар)
3. Ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­ны жү­зе­ге асы­ру үшін қа­жет­ті ин­ве­сти­ци­я­лық пре­фе­рен­ци­я­лар
1
кор­по­ра­тив­тiк та­быс са­лы­ғы бой­ын­ша боса­ту/ше­ге­ру*
_________________________
(мер­зі­мі)
2
мүлiк­ке са­лық бой­ын­ша боса­ту
_________________________
(мер­зі­мі)
3
Ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­ны іс­ке асы­ру үшін қол­да­ны­ла­тын жер участ­ке­сіне қа­ты­сты жер са­лы­ғы бой­ын­ша боса­ту
_________________________
(мер­зі­мі)
4
ке­ден­дiк баж тө­ле­уден боса­ту
_________________________
(же­ңіл­дік со­ма, тең­ге­де)
5
мем­ле­кет­тiк заттай грант
_________________________
(не тү­рін­де)
__________________________
* керек еместі сызып тастау

4

4. Өтiнiм сараптамасын ұйымдастыру мен өткiзу, сондай-ақ келiсiм-шартты дайындаған кезде инвестор Қазақстан Республикасы индустрия мен сауда министрлiгiнiң Инвестиция комитетiне жан-жақты қолдау және жәрдем көрсетедi, сондай-ақ барлық қажеттi ақпаратты ұсынады. Өтiнiм берушi инвестор өтiнiм және өтiнiм мен қоса берiлген құжаттарда көрсетiлген ақпараттың дәлдiгiне кепiлдiк бередi.

5 5. Өтінімге қосымшалар:

1 1) Инвестициялық жоба бойынша жұмыс бағдарламасының жобасы (Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2003 жылғы 8 мамырдағы N 436 қаулысымен бекiтiлген Модельдік келісім-шартқа 1 Қосымшаға сай);

2 2) кеден баждарын салудан босатылатын импортталатын жабдық пен оның жиынтықтауыштарының тiзiмi және көлемi (Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2003 жылғы 8 мамырдағы N 436 қаулысымен бекiтiлген Модельдік келісім-шартқа 2 Қосымшаға сай).

6 6. Қоса берiлiп отырған құжаттардың тiзбесi:

1 1) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң нотариаттық куәландырылған көшiрмесi;

2 2) заңды тұлғаның статистикалық карточкасының нотариаттық куәландырылған көшiрмесi;

3 3) заңды тұлға жарғысының нотариаттық куәландырылған көшiрмесi;

4 4) инвестициялық жобаның уәкiлеттi орган белгiлейтiн талаптарға сәйкес жасалған бизнес-жоспары;

5 5) жобаны iске асыру кезiнде пайдаланылатын құрылыс-монтаж жұмыстарының сметалық құнын және тiркелген активтердi сатып алуға арналған шығындарды негiздейтiн құжаттардың нотариаттық куәландырылған көшiрмелерi;

6 6) инвестициялық жобаны қаржыландырудың көздерi мен кепiлдiктерiн белгiлейтiн, құжаттардың нотариаттық куәландырылған көшiрмелерi (инвестициялық жобаны өз қаражаты есебiнен қаржыландырған жағдайда олардың бар екендiгi туралы жазбаша растама қағазы қоса берiледi);

7 7) өтiнiм берген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы сұрау салған мемлекеттiк заттай гранттың мөлшерiн (құнын) және оны беру алдын ала келiсiлгенiн растайтын құжаттар;

8 8) өтiнiм берiлген тоқсанның алғашқы күнiне арналған бухгалтерлiк баланс;

9 9) салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ екендiгi туралы тiркеу орны бойынша салық органының анықтамалары.

____________________________                 ____________________
(Қазақстан Республикасы заңды               (қолы, мөрі және күні)
тұлғасының бiрiншi басшысының
          аты-жөні)

2 Тіркелген активтерге инвестициялар сомасы 60 мың айлық есептік көрсеткіштен асатын инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын дайындау жөнiндегі нұсқаулық

Қазақстан Республикасының
Индустрия және сауда министрлiгi
Инвестициялар жөнiндегi комитетi
төрағасының
2003 жылғы 18 наурыздағы
N 18-п бұйрығымен
бекiтiлген 2-қосымша
Тіркелген активтерге инвестициялар сомасы 60 мың айлық есептік көрсеткіштен асатын инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын дайындау жөнiндегі нұсқаулық
Ескерту: 2-қосымшаның атауы жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Инвестициялар комитеті Төрағасының 2006 жылғы 3 қарашадағы N 83-п бұйрығымен .

1 1. Инвестордың қысқа сипаттамасы

1 1. Заңды тұлғаның атауы.

2 2. Заңды тұлғаның ұйымдастыру-құқықтық нысаны, мемлекеттiк тiркеуге (қайта тiркеуге) тұрған күнi.

3 3. Заңды тұлғаның басшысы.

4 4. Заңды тұлғаның мекен-жайы, телефоны, факсы, электрондық почтасы.

5 5. Заңды тұлғаның негiзгi бағыттарының қысқа сипаттамасы, негiзгi өндiрiстiк көрсеткiштерi, көрсетiлген салада инвестициялық Келiсiм-шарт жасасу бойынша жоспарланатын жұмыс тәжiрибесi. Соңғы есеп беру мерзiмi үшiн қаржы-шаруашылық қызмет туралы қысқа есеп беру.

2 2. Жобаның қысқа сипаттамасы

6 6. Жобаның атауы.

7 7. Жобаның негiзгi мақсаттары.

8 8. Жобаның тiкелей қатысушылары.

9 9. Жобаны iске асыру орыны (облыс, аудан)

10 10. Қысқа мазмұны:

1 1) шығаруға ұсынылатын өнiм, болуы мүмкiн модификациялар, мәнi мен қолдану саласын көрсете отырып тауарлар және қызмет көрсетулердiң қысқа сипаттамасы;

2 2) болжанатын жобаның сипаты: жаңадан құру, жаңғырту немесе қолданыстағы кәсiпорынды кеңейту;

3

3) жоба бойынша техникалық құжаттаманың болуы (техника-экономикалық негiздеме, жобалау-смета құжаттамасы, құрылыс-монтаж жұмыстары және құрал-жабдықты жеткiзуге келiсiмдер мен келiсiм-шарттардың көшiрмелерi; жер телiмiне құқықтарды растайтын құжаттардың көшiрмелерi; ғимараттар, құрылыстарды жалдауға келiсiмдердiң көшiрмелерi мен басқа да құжаттар);

4

4) жоба бойынша iске асыру және шектеудiң ерекше шарттары: лицензиялардың (егер қызмет түрi лицензиялауға жататын болса), патенттердiң, рұқсаттардың, болуы; экспорттық және импорттық квоталардың болуы, өткiзу рыногы және шикiзат, су-, энергиямен қамтамасыз ету, көлiк, байланыс, қалдықтарды кәдеге жарату бойынша шектеулер мен ұсыныстар, шетелдiк жұмыс күшiне қажеттiлiктер, технологиялық процестердiң экологиялық тазалығына талаптар.

11 11. Жобаны iске асыру құны, қаржыландыру көздерi:

1 1) меншiк қаражаты;

2 2) заемдық қаражаттар (кредиттер немесе шаруашылық субъектiлердiң қаражаттарын тарту) және/немесе грант.

12 12. Жобаны iске асыру мерзiмi-инвестицияларды жүзеге асыру сәтiнен ай (жыл).

3 3. Техникалық бөлiм

13 13. Технологиялық жобаның қысқа сипаттамасы.

14 14. Технологиялық шешiмдi iрiктеудiң негiздемесi:

1 1) орналасу жерiн және мөлшерiн (масштаб), жобасын (жеткiзушiлер мен рыноктар үшiн орналасу қолайлығы) iрiктеудiң негiздемесi:

iлеспе инфрақұрылым және көлiк мүмкiндiктерi;
қолда бар орындарды пайдалану және қайта құрылымдау мүмкiндiктерi;
жоба бойынша тауарларды (қызмет көрсетулердi) өндiрудiң көлемiн айқындайтын факторлар;

2 2) техникалық және құнның сипаттамасы бойынша балама шешімдерді (ұқсастармен салыстырудағы өндiрiс үшiн ұсынылатын тауарлар мен қызмет көрсетулердiң техникалық деңгейi мен құны, ақпарат көзiне сiлтемелер) салыстырмалы талдау:

___________________________________________________________________
Көрсеткiштердiң атауы   |        Көрсеткiштердiң мәнi
                         |_________________________________________
                         |  ұсынылатын үлгі   |  ұқсастықтар
___________________________________________________________________
1.
2.
___________________________________________________________________
      3) шикiзат ресурстарын қолданудың оңтайлылық деңгейi:
         шикiзатты өңдеудiң деңгейi;
         өндiрiстiң қайта бөлiнуi (қалдықтарды қайта өңдеу);
         жергiлiктi шикiзатты қолдану;
      4) жобаны iске асыру кестесi:
____________________________________________________________________
    Жұмыстардың       | Күнтiзбелiк жыл   | Күнтiзбелiк жыл   |Жалпы
      Атауы           |___________________|___________________|_____
                      | 1  | 2  | 3  | 4  | 1  | 2  | 3  | 4  |
                      |тоқ.|тоқ.|тоқ.|тоқ.|тоқ.|тоқ.|тоқ.|тоқ.|
                      |сан |сан |сан |сан |сан |сан |сан |сан |
____________________________________________________________________
          Тiркелген активтерге инвестициялар (АҚШ долл.)
____________________________________________________________________
1. СМР
2. Құрал-жабдық
3.
____________________________________________________________________
Материалдық емес активтерге инвестициялар (АҚШ долл.)
____________________________________________________________________
Жобалық қуаттарды
игеру
Құрылатын және/немесе
сақталатын жұмыс
орындардың саны
____________________________________________________________________

4 4. Коммерциялық бөлiм

15 15. Шикiзат пен құрал-жабдықтың жеткiзiлiмдерi:

1 1) шикiзат рыногын талдау (ұлттық және импорттық):

пайдаланатын шикiзат түрлерiнiң тiзбесi;
көлiктiк шығыстарды есепке алғандағы бағаның арзандығы және деңгейi;

2 2) құрал-жабдықты өндiрушiлердiң/жеткiзушiлердiң таңдауы:

қажеттi құрал-жабдықтардың тiзбесi және оларға негiзгi техникалық талаптар;
құрал-жабдық жаңалығы мен әлемдiк және жергiлiктi рыноктағы технологиялар;
көлiктiк шығыстар, монтаж және қосушы-реттеушi жұмыстарды есепке алатын құрал-жабдықтардың құны;
жөндеу базасының болуы (қажет болған жағдайда);
қосалқы бөлшектер немесе шығыс материалдармен қамтамасыз ету көздерi.

16 16. Маркетинг:

1) шығарылатын тауарлар немесе қызмет көрсетулердiң түрлерi мен көлемiнiң тiзбесi:
____________________________________________________________________
Тауарлардың | Өндiрiстiң | Өндiрiстiң |Өнiмнiң белгiлерi| Ескерту
(қызмет    |  құндық    | заттай     |_________________|
көрceтулер) |көрiнiстегi |көрiнiстегi | қолда |  Жаңа   |
  атауы     |   көлемi,  |  көлемi    |  бар  |         |
            |  АҚШ мың   |     |      |       |         |
            |   долл.    |     |      |       |         |
___________________________________________________________________
1.
2.
___________________________________________________________________

2 2) қолданыстағы шектеулердi (квоталар, лицензиялар және т.б.) - (нарық сиымдылығын) есепке алғандағы өткiзу нарығын болжау: iшкi және сыртқы нарықтағы әлеуеттi төлем қабiлетi бар сұраным, қазiргi уақыттағы оны қанағаттандыру деңгейi:

өткiзiм арналары: қандай өңiрлерге, қандай тұтынушыларға, шетелдегi қай елдерге жеткiзiлiм болжанатыны көрсетiлсiн;
рынокта ұқсас, өзара алмасатын, өзара толықтырылатын тауарлар, қызмет көрсетулердiң орын алуы, болашақтағы олардың өндiрiсiн бағалау, соңғы бiрнеше жыл iшiнде тауарлардың экспорты және/немесе импортының динамикасы, көлемi мен бағалары, негiзгi бәсекелестер және олардың рыноктағы үлес салмағы;
әлеуметтiк-экономикалық жағдайының өзгеру мүмкіндіктері нәтижелерiнде рынокты болжау;

3 3) өткiзу мүмкiндiгiн дәлелдейтiн құжаттар: тауарлардың жеткiзiлiмiне келiсiм-шарттардың немесе ниеттер туралы хаттамалардың нотариалды дәлелденген көшiрмелерi;

4 4) тауарларға немесе қызмет көрсетулерге бағалар деңгейiн болжамды бағалау;

5 5) коммерциялық тәуекел факторлары мен негiзгi маркетингтiк iс-шаралар. Жобаны қаржыландырудың ауыспалы қаражат бағамы мен қолданыстағы салық базасының өзгеруiне әсер етудi бағалау.

5 5. Ұйымдастыру бөлiмi

17 17. Тартылатын ұйымдар:

1 1) жобаны құрушы;

2 2) құрал-жабдықты өндiрушілер;

3 3) құрал-жабдықты жеткiзушiлер;

4 4) қаржыланатын ұйым;

5 5) делдалдар.

18 18. Жобаны iске асыру процесiнде қатысушылар арасында мiндеттер мен жауапкершiлiктердi бөлу.

19 19. Ұйымдастыру құрылымы және тауарлардың/қызмет көрсетулердiң менеджментi мен сапасын бақылау жүйесi.

6 6. Әлеуметтiк бөлiм

20 20. Жобаның еңбек ресурстарындағы қажеттiлiгi (қажеттi саны мен бiлiктiлiгі):

1 1) қажеттi бiлiктiлiгi бар кадрлардың болуы;

2 2) импортты қоса алғанда бiлiктi мамандар көмегiн тарту қажеттiлiгi.

21 21. Жобаның халықты жұмыспен қамтамасыз ету және бiлiм деңгейiне әсерi.

7 7. Қаржы бөлiмi

22 22. Инвестицияларды бағалау:

1 1) толық инвестициялық шығындар (негiзгi және айналым капиталға инвестициялар);

2 2) жобаны қаржыландыру мен инвестициялардың құрылымы (инвестициялардың жалпы көлемiн бағалау: жобаны iске асыру үшiн қаржының жеткiлiктiгi, инвестициялардың құрылымы, қаржыландырудың схемасы мен шарттары, түсiмнiң болжамды қолдануы).

23 23. Тәуекелдердi бағалау:

1 1) тәуекелдердiң түрлерi;

2 2) тәуекелдiң деңгейi (дисконт ставкасы).

24 24. Қаржылық талдау:

1 1) жобаның қаржылық үлгiсi: инвестициялық преференцияларды есептемей және тиiстi инвестициялық преференцияларды есепке ала отырып үлгiлердi есептеу;

2 2) жобаның өмiрлiк кезеңi iшiндегi таза дисконттық табысы (NPV);

3 3) жобаның өмiрлiк кезеңi iшiндегi табыстылықтың iшкi нормасы (IRR);

4 4) жоба өмiрiнiң әр жылына табыстың қарапайым нормасы (рентабельдiгi);

5 5) төленетiн салықтар, бюджетке түрлер бойынша кеденнiң баждары мен төлемдерi;

6 6) төленетiн салықтардың барлық түрлерi бойынша бюджеттiк тиiмдiлiктiң жиынтық есебi анықталсын.

8 8. Экологиялық бөлiм

25 25. Жоба технологиясының қоршаған ортаға әсерi бойынша стандарттар мен нормативтерге сәйкестiгi.

9 9. Экономикалық бөлiм

26 26. Жобаның мемлекет экономикасының қажеттiлiктерiне (Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң қаулыларына, даму бағдарламаларына, басқа құжаттарға) сәйкестiгi:

1 1) халық тұтынатын азық-түлiк тауарлары және азық-түлiк емес тауарларын шығаруды ұлғайту;

2 2) импорт алмастыру (импорт алмастырудың қабылданған бағдарламаларына сәйкестiгi);

3 3) экспортты ұлғайту;

4 4) жаңа жұмыс орындарын ашу;

5 5) халықтың бiлiмi мен бiлiктiлiк деңгейiн көтеру;

6 6) озат технологиялар, "ноу-хау";

7 7) жобаны iске асырудан мультипликатордың тиiмдiлiгi;

8 8) сапаның халықаралық стандарттарына сәйкес өндірiстi ұйымдастыру.

__________________________________________________________________
Бизнес-жоспардың көрнекi құралдары болуға мiндеттi (схемалар, сызбалар, нобайлар, жарнамалық проспектілер).

3 Тіркелген активтерге инвестициялар сомасы 60 мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын дайындау жөнiндегі нұсқаулық

Қазақстан Республикасының
Индустрия және сауда министрлiгi
Инвестиция комитетi Төрағасының
2003 жылғы 18 наурыздағы
N 18-п бұйрығымен бекiтiлген
3-қосымша
Ескерту: 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Инвестициялар комитеті Төрағасының 2006 жылғы 3 қарашадағы N 83-п бұйрығымен .
Тіркелген активтерге инвестициялар сомасы 60 мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын дайындау жөнiндегі нұсқаулық

1 1. Инвестордың қысқа сипаттамасы

1 1. Заңды тұлғаның атауы.

2 2. Заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны, мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) күнi.

3 3. Заңды тұлға басшысының аты-жөні.

4 4. Заңды мекен-жайы, телефоны, факсы, электрондық поштасы.

2 2. Жобаның қысқа сипаттамасы

5 5. Жобаның атауы.

6 6. Жобаның негiзгi мақсаттары.

7 7. Жобаның тiкелей қатысушылары.

8 8. Жобаны iске асыру орыны (облыс, аудан).

9 9. Қысқаша мазмұны:

1 1) шығаруға ұсынылатын өнiм;

2 2) болжанатын жобаның сипаты: жаңадан құру, жаңғырту немесе қолданыстағы кәсiпорынды кеңейту.

10 10. Жобаны iске асыру құны, қаржыландыру көздерi:

1 1) меншiк қаражаты;

2 2) заемдық қаражаттар (кредиттер немесе шаруашылық субъектiлердiң қаражаттарын тарту) және/немесе грант.

11 11. Жобаны iске асыру мерзiмi - инвестицияларды жүзеге асыру сәтiнен бастап _ ай (жыл).

3 3. Техникалық бөлiм

12 12. Жобаның технологиясын қысқаша сипаттау, жабдық сатып алу.

13 13. Технологиялық шешiмдi iрiктеудiң негiздемесi.

14 14. Жобаны iске асыру кестесi:

мың теңге
Жұ­мыстар­дың ата­уы
Күн­тiз­белiк жыл
Күн­тiз­белiк жыл
Жал­пы
1 тоқ­сан
2 тоқ­сан
3 тоқ­сан
4 тоқ­сан
1 тоқ­сан
2 тоқ­сан
3 тоқ­сан
4 тоқ­сан
1.
2.
3.
ЖИЫ­НЫ:

Қолданыстағы