Об утверждении проекта (схемы) зонирования земель и о повышении ставок земельного налога Железинского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении проекта (схемы) зонирования земель и о повышении ставок земельного налога Железинского района
- Атауы (қаз.)
- Железин ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту және жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 499/6
- Қабылданған күні
- 30.11.2020
- Көрсетілген редакция
- 29.12.2021 149450_559131.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.12.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20PF007081
- ЭКБ идентификаторы
- 149450
- Редакция идентификаторы
- 149450_559131
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 11:27
0 Железин ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту және жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 8-бабына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 510-бабына сәйкес, Железин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Железин ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) бекітілсін.
2 2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Железин ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасының (схемасының) негізінде жер салығының базалық мөлшерлемелерінен жер салығы мөлшерлемелері арттырылсын.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Железин аудандық мәслихаттың аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4 4. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармақты қоспағанда, оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Железин ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы)
Железин аудандық мәслихатының
2020 жылғы 30 қарашасы
№ 499/6 шешіміне
1- қосымша
Железин ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы)
6 Железин ауданының жер салығының мөлшерлемелері
Железин аудандық
мәслихатының
2020 жылғы 30 қарашадағы
№ 499/6 шешіміне
2-қосымша
Железин ауданының жер салығының мөлшерлемелері
Аймақтың нөмірі
Елді мекендердің атауы
Арттыру пайызы
1
2
Қазақстан ауылдық округі - Есқара ауылы; Михайлов ауылдық округі – Петропавловка ауылы; Красновка ауылы
+10%
3
Қазақстан ауылдық округі – Екішок ауылы; Веселорощин ауылдық округі – Жаңабірлік ауылы; Славяновка ауылы
+10%
4
Озерный ауылдық округі – Озерное ауылы; Қазақстан ауылдық округі - Жаңа Жұлдыз ауылы; Лесной ауылдық округі – Крупское ауылы; Михайлов ауылдық округі – Мыңкөл ауылы; Ақтау ауылдық округі – Жолтаптық ауылы
+10%
5
Алакөл ауылдық округі – Алакөл ауылы; Прииртышск ауылдық округі – Груздевка ауылы; Веселорощин ауылдық округі – Дүйсеке ауылы; Михайлов ауылдық округі – Михайловка ауылы; Ақтау ауылдық округі – Ақтау ауылы
+10%
6
Лесной ауылдық округі – Раздельное ауылы; Прииртышск ауылдық округі – Үрлітүб ауылы; Еңбекші ауылдық округі – Уәлиханов ауылы; Веселорощин ауылдық округі - Веселая Роща ауылы; Башмачин ауылдық округі – Абай ауылы
+10%
7
Еңбекші ауылдық округі – Еңбекші ауылы; Башмачин ауылдық округі – Береговое ауылы, Кузьмино ауылы; Железин ауылдық округі – Аққайың ауылы, Моисеевка ауылы
+10%
8
Лесной ауылдық округі – Лесное ауылы; Новомир ауылдық округі – Церковное ауылы; Железин ауылдық округі – Захаровка ауылы
+20%
9
Железин ауылдық округі – Пятерыжск ауылы
+30%
10
Башмачин ауылдық округі – Башмачное ауылы
+40%
11
Железин ауылдық округі – Железинка ауылы; Прииртышск ауылдық округі – Прииртышское ауылы
+50%