О снятии карантина
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии карантина
- Атауы (қаз.)
- Карантинді тоқтату туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 41
- Қабылданған күні
- 07.12.2020
- Көрсетілген редакция
- 07.12.2020 149465_497146.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20SHS06769
- ЭКБ идентификаторы
- 149465
- Редакция идентификаторы
- 149465_497146
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 11:19
0 Карантинді тоқтату туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабы 8) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 16 қарашадағы № 01-10/229 ұсынысы негізінде, Соколов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Соколов ауылдық округінің Соколовка ауылында Приишимская көшесіне құс тұмауы ауруын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенінің аяқталуына байланысты карантин тоқтатылсын.
2
2. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Соколов ауылдық округі әкімінің «Карантин белгілеу туралы» 2020 жылғы 28 қазандағы № 36 шешімінің (2020 жылғы 29 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6609 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.