Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 408
- Қабылданған күні
- 08.12.2020
- Көрсетілген редакция
- 27.12.2021 149517_597862.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.12.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20UL005936
- ЭКБ идентификаторы
- 149517
- Редакция идентификаторы
- 149517_597862
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 11:18
0 Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 7) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2 тармағына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, 27 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы №498 бұйрығымен бекітілген «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына» сәйкес, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14010 тіркелген, Созақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына осы қаулының қосымшасына сәйкес квота белгіленсін.
2
2. Созақ ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №543 «Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5348 тіркелген, 2020 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3 3. «Созақ ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Созақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Айдарбековке жүктелсін.
5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
8 Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квоталары
Созақ ауданы әкімдігінің
2020 жылғы «8» желтоқсандағы
№ 408 қаулысына қосымша
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квоталары
№
Ұйымның атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квотаның
мөлшері
(%)
Мүгедектер үшін квота белгіленген жұмыс орындарының саны
1
«Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Нәзір Төреқұлов атындағы ІТ-мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
76
2
2
2
«Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Кемелұлы атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
106
3
3
3
«Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
52
2
1
4
Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мыңжылқы» мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
55
2
1
5
Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының «Созақ аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жургізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
102
3
3
Барлығы:
391
10