О внесении изменений в некоторые решения акима Культабанского сельского округа Байганинского района Актюбинской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые решения акима Культабанского сельского округа Байганинского района Актюбинской области
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Көлтабан ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 44
- Қабылданған күні
- 07.12.2020
- Көрсетілген редакция
- 07.12.2020 149541_497261.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20CDD07757
- ЭКБ идентификаторы
- 149541
- Редакция идентификаторы
- 149541_497261
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 11:19
0 Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Көлтабан ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына сәйкес, Көлтабан ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Көлтабан ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдеріне келесідей өзгерістер енгізілсін:
1) Көлтабан ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 10 қарашадағы № 10 «Көлтабан ауылдық округінің кейбір елді мекендерінің атаусыз көшелеріне атаулар беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-4-134 болып тіркелген, 2011 жылғы 22 қарашада аудандық «Жем-Сағыз» газетінде жарияланған) шешімінде:
кіріспесі келесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Көлтабан ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
4 тармақтағы «өз міндетіме аламын» сөздері «өзіме қалдырамын» сөздерімен ауыстырылсын.
2) Көлтабан ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 10 қарашадағы № 11 «Көлтабан ауылдық округі құрамындағы бөліктеріне (қыстақтарға) атаулар беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-4-135 болып тіркелген, 2011 жылғы 22 қарашада аудандық «Жем-Сағыз» газетінде жарияланған) шешімінде:
кіріспесі келесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Көлтабан ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
2 тармақтағы «өз міндетіме аламын» сөздері «өзіме қалдырамын» сөздерімен ауыстырылсын.
2 2. «Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Көлтабан ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Байғанин аудандық әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.